…Ойдан басқа серiгiм жоқ. Сенделгем.
Түсiмде де ойлар маза бермейдi…
Жұмыр жерден сыр жасырғым келгенмен,
Жүрегiме кiр жасырғым келмейдi.
Жазығы жоқ махаббатты жылаттым,
Дәргейiңнен дәрмен күттiм дауалым.
Жанарында жасырынған сұрақтың,
Таба алмадым жауабын…
Бақыт Беделхан
Түсiмде де ойлар маза бермейдi…
Жұмыр жерден сыр жасырғым келгенмен,
Жүрегiме кiр жасырғым келмейдi.
Жазығы жоқ махаббатты жылаттым,
Дәргейiңнен дәрмен күттiм дауалым.
Жанарында жасырынған сұрақтың,
Таба алмадым жауабын…
Бақыт Беделхан