⚜️ *Жыл қорытындысы. Қазақстанның негізгі әлеуметтік бастамалары: жоғары білімді жаңғырту және ғылымды қолдау*
2024 жылы мемлекетіміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген әлеуметтік тұрғыда өзгерту бағытын жалғастырды. Еліміздің экономикалық стратегиясының негізі – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Бұл әлеуметтік қолдау мен реформалардың маңызды шараларында көрініс табады.
ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсында ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру шеңберіндегі негізгі шаралар туралы ақпарат жарияланды. Солардың ішінде, жоғары білім мен ғылым саласындағы негізгі жетістіктермен бөлісеміз.
📚 *Білім беруді дамыту*
2024 жылы ЖОО студенттері, магистранттар мен докторанттар үшін шәкіртақыны көбейту маңызды қадамы іске асырылды. Бакалавр стипендиясы 20%-ға, ал педагогикалық және медициналық бағыттағы студенттер үшін 75,6 мың теңгеге дейін өсті. Интерндер үшін стипендия 85, 4 мың теңгені, резиденттер үшін – 123, 1 мың теңгені, ал магистранттар мен докторанттар үшін өсім 15-20% құрады.
🌐 *Жоғары білім беруді жаңғырту және халықаралық серіктестіктер*
Қазақстан шетелдік университеттермен стратегиялық әріптестікті дамыта отырып, жоғары білімді жаңғыртуды жалғастыруда. 2025 жылға дейін елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 12 филиалын ашу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның университеттерімен 23 стратегиялық серіктестік пысықталды. 2024 жылдың қазан айында стратегиялық серіктестер – 67 шетелдік университеттің 120 өкілі қатысқан форум өтті. Бұл бастамалар Қазақстанды жаһандық білім беру кеңістігіне біріктіруге және озық білім беру әдістеріне қол жеткізуді жақсартуға көмектеседі.
👩🏻🔬 *Отандық ғалымдарды қолдау*
Жас ғалымдарды қолдау үшін Қазақстанда «Жас ғалым» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2021-2024 жылдар аралығында гранттық қаржыландыруға 16 конкурс өткізілді, соның нәтижесінде 2 мыңнан астам ғылыми жоба іске асырылды. Оның ішінде 686 докторантурадан кейінгі зерттеулер. Ғылыми әлеуетті одан әрі дамыту үшін 2025-2027 жылдарға арналған жаңа конкурс жарияланды.
🔬 *Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру*
Қазақстан ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруды белсенді дамытуда. Ғылыми-техникалық қызмет бойынша конкурстар аясында 97 млрд теңгеден астам қаражат алынды, ал ғылыми өнімнің экспорты 571 млн теңгені құрады. 2025 жылы технологиялық стартаптарды қолдау бағдарламасы іске қосылады, бұл кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
🧬 *Бірегей технологияларды дамыту*
Жетістіктердің бірі – бұрын Қазақстанда өндірілмеген тазартылған селен өндірісі. 2023 жылы оны қайта өңдеу учаскесі ашылды. Сондай-ақ Nazarbayev University-нің қолдауымен онкологиялық ауруларды емдеуге арналған жаңа препарат әзірленуде.