Енем жарықтық кезінде бір қазан сүтті күйдіріп қойғаным үшін үйден қуып жіберген. Өзімнің үйіме бардым, әкем босағадан өткізбеді. Қараңғы түнде жалғыз өзім ауылдың көшесінде жылап кетіп бара жатқанда мектепте пол жуатын Ақшуақ деген апай үйіне шақырып, қондырған. Сонда мына әкелерің қайда дим да… еее, небір күндер басымнан өтті ғой …