Forward from: UKIMET
«СҚ-Фармация» фармацевтикалық өнімдер мен медициналық жабдықтардың отандық өндірісін дамытуға барынша ықпал етуі тиіс – Олжас Бектенов
📍 «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Еркен Жақатаев Үкімет отырысында соңғы жылдары мемлекет пациенттерді қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектердің тізімін едәуір ұлғайтқанын баяндады. Жалпы, Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын препараттар мен медициналық бұйымдардың көлемі 2010 жылмен салыстырғанда ақшалай мәнде 15 есе өсті.
➤ Бүгінгі таңда «СҚ-Фармация» бүкіл еліміз бойынша 1200-ден астам стационар мен 700 емхананы дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді. Биыл «СҚ-Фармация» тізбесінде 480 млрд теңгеге 1588 фармацевтика атауы бар. 35 отандық өндірушілермен 4 мыңға жуық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасалды.
📌 Олжас Бектенов «СҚ-Фармацияға» отандық фармацевтикалық индустрияны дамытуды тапсырды.
📱 https://t.me/KZgovernment

«“СҚ-Фармация” қызметі фармацевтикалық өнімдер мен медициналық жабдықтардың отандық өндірісін дамытуға барынша ықпал етуі тиіс. Компанияның жаңа басшысы ретінде сіз бұл бағытты басымдық ретінде белгілеуіңіз керек», — деп атап өтті Премьер-министр.
📱 https://t.me/KZgovernment