🤝Қош келдің Эдуард Мариан Флореску!
Елімай футбол клубы 27 жастағы Румыния жастар ұлттық құрамасының экс ойыншысы Эдуардпен келісімшартқа отырды. 2013 жылы кәсіби футболға аяқ басқан ойыншы бүгінге дейін 250 жуық ресми ойын өткізіп 31 гол авторы атанды. 2021 жылы халықаралық Олимпиада ойындарында өз елінің намысын қорғады. Ағымдағы жылы Румыния жоғары лигасында «Ботошани» ұжымда өнер көрсетті. Эдуардқа Елімай сапында толағай табыстар тілейміз!
Позиция: Жартылай қорғаушы
Бойы: 1.83м
Салмағы: 70кг
@fc_elimai