Onboarding day: Қор командасына жаңа қызметкерлер қосылды!
Бүгін «Даму» Қорының бас кеңсесінде басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева жұмысқа жаңа кірген қызметкерлермен кездесті. Онда мамандар Қордың стратегиялық мақсаттары мен негізгі корпоративтік құндылықтары туралы біліп, «Даму» Қорындағы ұйымдастыру саясаты мен кәсіби тұрғыда өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Ұжым алдында сөз сөйлеген Гаухар Бурибаева «Даму» Қорындағы цифрлық қызметтерді үздіксіз жетілдіру жұмыстарының маңызын атап өтіп, басым бағыттарға жеке тоқталды. Сондай-ақ ШОБ-ты қолдауда Қор кепілдік беру, қор нарығы және синдикатталған қарыздар жағына көбірек ойысқанын атап өтті.
Onboarding day соңында жаңа келген әріптестер сұрақ қойып, Қор басшысынан тікелей жауап алды. Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің табысты жұмыс істеуі мен ұжымға оңай бейімделуіне ықпал етеді.