— Адамның шамадан тыс шешіле сөйлегісі, жүрек сырын қалдырмай ақтарғысы келетін бір кездері болады. Осындайда алыста жүрген досқа зарығасың. Жүрегіңді кернеп, мазалап тұрған сөздеріңді соған шертер ме еді дейсің! Бұлар көбінесе не асқан қуанышта, не үлкен қайғы үстінде болатын құбылыстар екенін аңғаратын боларсың. Мен сондай бір жүдеу көңіл үстіндемін.
М. Иманжанов “Алғашқы айлар”
М. Иманжанов “Алғашқы айлар”