HADDASANAA


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


🖌️ Хадис шәкіртінің жазбалары
وَمَا تَوْفِيقِي إِلَّا بِاللَّهِ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَإِلَيْهِ أُنِيبُ

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


❗️Бүгін кешке дәрістерімізге кіріспе жасаймыз. Үлгеріп қалыңыздар❗️


🎉 «MANARATU ULUM’İL HADİS» хадис мәжілісіне хабылдаулар ашық❗️

🗓️ Дәріс кестесі: Дүйсенбі және Жексенбі күндері. Кешкілік уақыт 22:30-да.

📎 Бұл жерге тек ер азаматтарды ғана қабылдаймыз. Орын саны 10-ға дейін шектеулі. Алдағы Жексенбі күні дәрістерімізді бастап кетеміз. Жоғарыда көрсетілген екі еңбек оқылады. Сондықтан хадис мәжілісімізден өз орныңызды алып үлгеріңіз. 😊

🔴 Бізге тіркелу құны - 10 мың теңге! Және әр ай сайын ілім ордасының дамуы үшін бекітілген төлемді жасап тұруыңыз қажет болады . Осылай жасау арқылы бірінші өзіңіз дамисыз және ай сайын салып тұратын қаражатыңыз себепті ілім ордамыз дамитын болады.

📌 Тіркелемін дейтін болсаңыз
+77086567307 номеріне төлем жасап, чекті жіберіңіз❗️


💬 قال إسحاق بن راهويه لأبي زرعة(رحمهما الله):

‏«إني أزداد بك كل يوم سرورا، فالحمد لله الذي جعلك ممن يحفظ سنته، وهذا من أعظم ما يحتاج إليه اليوم طالب العلم».

‏📕 تقدمة الجرح والتعديل: ٦٦٧

💬 Исхақ ибн Раһуияh Әбу Зурғаға (Алла ол екеуін рахымына алсын) былай деген еді:

«Сені көрген сайын қуанышым арта түседі. Аллаға шүкір, Ол сені Сүннетін сақтаушылардан қылды. Бұл – бүгінгі күнде ілім ізденуші мұқтаж болған ең ұлы істерден.»

📕 Тақдимат әл-Жәрх уә әт-Тәғдил, 667


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«إن التعليم بالتدريج أخَفّ مؤنة وأدعى إلى الثبات مِن أخذه بالكَدّ والمغالبة».

‏📕 فتح الباري: ١٩/٤٩٠

💬 ибн Хажар әл-Асқаләни (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Ілімді бірте-бірте (асықпай-аптықпай) үйрену, қиналып және шамадан тыс күш салып үйренуден қарағанда жеңіл және алынған ілімнің тұрақты көкейде қалуына септігін тигізеді».

📕 Фәтх әл-Бәри, 19/490


💬 قال الحافظ ابن حجر (رحمه الله):

‏«كتاب "الأدب المفرد" للبخاري يشتمل على أحاديث زائدة على ما في "الصحيح"، وفيه قليل من الآثار الموقوفة، وهو كثير الفائدة».

‏📕 فتح الباري: ١٨/٢٨٧

💬 ибн Хәжәр әл-Асқаләни (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Имам Бухаридің “әл-Әдәб әл-Муфрад” еңбегінде, сахихында кездеспейтін қосымша хадистер бар. Бұл еңбегінде аз мөлшерде мауқуф хадистер де бар және пайдасы мол еңбек.»

📕 Фәтх әл-Бәри, 18/287


💬 ‏«كان الإمام الشافعي أسخى الناس على الدينار والدرهم والطعام، فقال لي الشافعي: أفلست في عمري ثلاث إفلاسات، فكنت أبيع قليلي وكثيري، حتى حُلِيّ ابنتي وزوجتي، ولم أرهن قط».

‏📕 آداب الشافعي ومناقبه: ٩٤

💬 Амр ибн Саууәд (Алла оны рахымына алсын) айтты:

Имам әш-Шәфиғи (Алла оны рахымына алсын) динар, дирһам, тағам тұрғысында адамдардың ең жомарты болатын. Бір күні маған былай деп айтты:

«Өмірімде үш рет жоқшылыққа (банкрот) ұшырадым, соншалықты азды-көпті не болса сатуға тура келді. Тіпті қызым мен әйелімнің әшекей бұйымдарын саттым. Бірақ мен ешқашан кепілге бір нәрсе алған емеспін.»

📕 Әдәб әш-Шәфиғи уә Мәнәқибуһу, 94


💬 قال الإمام الزهري (رحمه الله):

‏«إنّ هذا العلم إن أخذتَه بالمكاثرة عليك غلبك ولم تَظفَر منه بشيء، ولكن خُذْه مع الأيام والليالي أخذا رفيقا تظفر به».

‏📕 حلية الأولياء: ٣/٣٦٤

💬 Имам Зуһри (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Егер бұл білімді өзіңе көп жүк етіп алуға тырыссаң, ол сенің сағыңды сындырады және одан (білімнен) ешбір нәрсе ала-алмай қаласың. Бірақ, білімді күндіз-түні адым-адым (асықпай) алар болсаң, оған қол жеткізесің.»

📕 Хилят әл-Әулиә, 3/364


💬 Әбул Фәраж ибн әл-Жәузи (Алла оны рахымына алсын) айтты:

"Жаман адамдармен жолдас (дос) болма! Жолдасың кітаптар мен өткен ғұламаларымыздың өміріне ой жүгірту болсын!”

📕 Ләфтәт әл-Кәбәд илә Нәсихәт әл-Уәләд
.


Арамызда қанша жан ілім ізденуші, қанша жан қарапайым оқырман екен?
Poll
  •   Ілім ізденушімін
  •   Қарапайым оқырманмын
159 votes


💬 Барлық жазушылар жан дауасын беруге тырысты. Бірақ ешбірі Қади Ғияд секілді «Шифаны» бере алмады 🍃

📌 Жанның емі - «әш-Шифа».


📌 Әбу Хатим әр-Рази мен оның ұлы Абдуррахманның (Алла ол екеуіне разы болсын) ілімге деген сүйіспеншілігі.

💬 Әкеммен жүрген уақытта, тамақ ішкен уақытта, қандай жағдай болмасын оған ілім оқитын едім. Соншалықты әкемнен, өлім аузында жатқан күйінде, мына рауи Сахаба ма? Табиғин бе? - деп сұрадым. Ол болса әлсіз, қажыған үнімен жауап берді.

📎 Абдуррахман әкесімен бірге ортақ 154 ұстаздан дәріс алды.


💬 Хадис хафызы Мухаммад ибн Тәһир әл-Мәқдиси (Алла оны рахымына алсын) былай дейді:

Әбу Исмағил Әнсәридің (Алла оны рахымына алсын) былай деп айтқандығын естідім: “Мухаддис - тез жүруі, тез жазуы, тез оқуы қажет”.

📝 Қиимат әз-Зәмән, 196


💬 Алтындарымды сағынғанымдай ❤️‍🩹


https://t.me/haddasanaa

📌 Негізгі арнамның дамуына жәрдемші болып, осы жазбамды жан-жаққа таратсаңыздар игі болар еді 😊


💬 قال الشيخ محمد براء الحنبلي الدمشقي الشافعي (حفظه الله و عفي عنه):

يجب أن يكون من أهداف طالب العلم "إيقاظ حب التعليم في نفوس الأمة!”

💬 Шейх Мухаммад Бәро әл-Хәнбәли (Алла оны сақтап, күнәларын кешірсін) айтты:

"Ілім ізденушілер үшін мақсаттарынан бірі "Үмметтің жүрегіндегі ілімге деген махаббатты ояту" болуы керек!”


📌 Өзім жайлы

💬 Өзім жайлы таныстырып кетуді жөн көрдім. Есімім Алмас. Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы, Сайхын ауылынан боламын. Жасым 26-да. Отбасылымын, Сәкинаның әкесімін. 2018-2021 жылдар аралығында “Астана Медресесінде” оқыдым. 2021-2022 жылдар арасында Стамбул қаласында орналасқан Ұстазымыз Шейх Ихсан Шеноджактың “ИФАМ” медресесінде ілім алдым, сонымен қатар Стамбул қаласында 2022 жылдан бастап Хадис қызметшісі Ұстазым Мулла Ибраһим Каяның “Дәрул Хадис” медресесінде ілім алумен қатар, 2024 жылдан бастап Хадис ілімдерін оқытатын «ИНСАФ» медресесінде ілімімді жетілдіру үстіндемін. 2022 жылдан бастап өзімнің авторлық жүйеммен Араб тілі ілімдерін онлайн күйде оқытатын «Грамматика Жатақханасы» шағын ілім ордасының негізін қаладым.


💬 Шейх Мухаммад Әнуар Шах Кәшмири (Алла оны рахымына алсын) айтты:

«Жүрек - ешбір нәрсеге мұқтаж болмаған Аллаһ Тағаланың жазған тағдырын қабылдай алатын орын болғандықтан, Аллаһ Тағала оны саңылаусыз бітеулі мүше етіп жаратты. Сондықтан жүрек айналасы жабық, есіктері құлыптаулы, сырын тек Аллаһ Тағаладан басқа ешкім білмейтін биік ғимарат іспетті.»

📕 Фәйд әл-Бәри


Forward from: umm sakina
💬: إذا قال ابن حجر سكت عنه بشر


💬 Ханафи мәзһабында көптеген фиқһ және усул кітаптарына жазған құнды тахқиқымен танылған Муфтий Әбу Лубәбә (Алла оны сақтасын).


💬 Мадиналық табиғиндерден, ұлы мухаддис және фақиһ ибн Шиһәб әз-Зуһри (һ.124) (Алла оны рахымына алсын) хадис дәрістерін осы дұғамен аяқтайтын еді.

📕 Фәсәуи, әл-Мәғрифа 1/623

📌 Бұл дұғаны үнемі оқып жүріңдер деп заманымыздың ұлы мухаддисі Шейх Мухаммад Әууәманың (Алла оны сақтасын) өзі кеңес еткен.

20 last posts shown.