هاديشام


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Жанканың әлемі🐣
Раббым деген бір сөздің өзі саған күш сыйлауға жетерлік екен ғой...🤍

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter




Ілім алуға кішігірім мотивация болсын.

Шейх Сағид әл-Камалидің жалқаулық жайлы уағызын тыңдап, қатты ұялып кеттім. Ендеше уағызда айтылған сөздерге бірден көшейік.

Жалқау болма! Неге? Өйткені жалқаулықта еш хайыр жоқ. «Жалқаулықтан жақсылық нендей алыс еді!»

Ынталы, мықты, күшті бол! Алла Құранда: «Ей, Яхия! Кітапты мықты ұста...» - дейді. Түсіндіңіз бе? Мықты ұста! Жеңіл емес. Құнды нәрсе жеңіл берілмейді және оған жеңіл жеткіңіз келсе, одан пайда жоқ.

Ақынның бірі айтқан екен: «Кітаптарға иғтикаф жаса да, оқы! Олар ілімге арзан, оңай жеткісі келеді, алайда бал болу үшін араның инесі керек. Жалқаулықтан хайыр нендей алыс еді.»

Егер сен: «менің денем демалу керек, 8 сағат міндетті түрде ұйықтау керек, жақсы тамақ ішу керек, одан соң шамалы ұйықтау керек, кешке кішігірім достармен жолығу керек» деп жүрсең саған сүйінші айтайын... (яғни ілімге еш жете алмайсың деген сүйінші)

Жалқаулық деген шаманың жетуі, бірақ жүректің қаламауы. Ал әлсіздік деген жүректің қалауы, бірақ шаманың жетпеуі. Сол үшін Алла елшісі ﷺ жалқаулық пен әлсіздіктен Алладан пана тіледі.

Біз қазір дайын тұрған сабақты тыңдамай, алдымыздағы кітаптарды оқымаймыз. Ал сахабалар мен ғалымдар болса пәленбай мың километр қашықтық сапарға бір-ақ хадис үшін шығатын еді.

Ұстазым айтқан еді, «біз оқыған кітаптардың түрін көрсеңдер ғой». Яғни өте ескі, ал қазір көп кітаптар жаңа, жазуы барлығы түсінікті. Нығмет қой шіркін. Тіпті әртүрлі баспадан шыққан.

Ютубта ұстаздарымыздың сабақтары толып тұр, бірақ оны көріп жатқандар шамалы.

Ілім алыңыздар. Әуелі дініңіз. Яғни дәрет қалай алынады, намаз қалай оқылады, оны не бұзады, бұзбайды. Ораза мәселесі. Оқып жатқан мамандығыңызды жақсы меңгеріп, номер 1 болыңыз! Сіздерге сендім. Аяғына дейін оқығаныңызға рахмет, ол да бір күш жұмсау, бастама жаман емес)))

#ілім




Forward from: aqкegerşin 🏔️
🌺Жұма мүбарак!
💣#19 Кезекті сауапқа толы ойынымызды бастаймыз!
🔦Шарттары:
🌱1 .Жұма күнгі дұға7 📿рет
🌱2.Истиғфар1000 📿рет
🌱3.Салауат1000📿 рет
🌱4.Субхәәналлаһи уә бихәмдиһ1000📿
🌱5. әл-Кәһф сүресін оқу.Құранда 18ші сүре ,110- аяттан тұрады.(құранға түспесеңіз қазақшасын)
🌱6.Астыға шығарылған Алланың 35 (33-67) көркем есімдерін әр қайсысын 100 📿реттен айту

🔥🔥🔥Ескерту!!!
Алдыңғы кейінгі фотосы керек барлық амалдардың.Экранды түсіріп отыру фото және дәптерге жазып отыру.
Мыс: Салауат 9:00-9:07 ✅
Әстәғфируллаһ 9:08-9:10 ✅
басталған ,аяқталған уақыттымен.


💡Сәждемен ыңғайлы бәріде!Экранды түсіріп отсаңыз.
Тек Алланың көркем есімдерің дәптерге жазып көрсетсе болады

💗Сыйлық құны ең бірінші өзіңізге сансыз сауаптар және Админнен ыңталандыру 🎁2000 тг !!!


💝Ең бірінші🥇 “Мен орындадым “ -деп және 📸фото сымен пікірге қалдырған адамға.

🫀Бәрі шыңайы болады деп сенемін!!!
🚀Ал кеттік кім ең бірінші!
Арнаға тіркеліп
💞достарыңызға таратыңыздар!

💌
Арнаға өтіңіз https://t.me/aqkegersin 🫰🫰🫰🫰




“Әкемнен”:

1. Ақыл сұрағың келсе, біз(мамаң екеуміз) бармыз, қалған жағдайда таңдау әрқашан өз еркіңде. Сен ересек адамсың.
2. Кез-келген таңдауыңа сенімді, таңдаған (болашақ)жарыңа адал бол.
3. “Ұл баланы тоқшылық бұзады,
Қыз баланы жоқшылық бұзады.”
Әрдайым ақшаң болсын.
4. «Ұлыңды бөтен үйден тойдырма, Қызыңды бөтен үйге қондырма»
Үйде қон. Түнделетіп жүрме. Үйде бол.
5. Ешкімге сенбе.
6. Өз өміріңнің философиясын (Исламды) берік ұстан.
7. Кез-келген проблемада хабарлас. Бірге шешеміз.
8. Жақын адамдарыңмен қандааай отношениеде болсаң да, звондағанда көтер. Не айтқысы келіп звондағанын білмейсің ғой. Ренжіп тұрсаң да, бірден көтер.
9. Ашық киінбе.
10. Қыздың өз үйіндегі орны- төр.
11. Шешім қабылдарда болсын, бірнәрсе істерде болсын дұрыстап ойлан.
12. Ең күшті инвестиция- білімге құйылған инвестиция.
13. Біреу тиіссе бір теп те, қаш. Сосын маған хабарлас, дальше сам разберусь.

Әрқайсысы әр түрлі жасымда айтылған еді. сөзі аз, бірақ әр сөзі салмақты.✨




«Үйленудің бәрін махаббат деуге болмайды. Махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы.
Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады.»


🌊

Аллаһтың мені бос сөзден,
бос істен, бос кездесулерден,
бос әңгімеден, бос ойлардан,
бос адамдардан, бос күлкіден,
бос өмірден, таяздықтан сақтап, тұла бойымды,
ғұмырымды, мінезімді,
харекетімді, сөзімді
тек қалаған
пендесіне нәсіп қылатын (2:269) даналықпен
толтырғанын қалаймын!

жаратылысқа, сынаққа, Оның
үкімдеріне, болып жатқан әр
жағдайға бергі жағынан ғана емес, хикмет көзімен,
тереңінен
қарай алғым келеді!

Аллаһқа шексіз ғашық болғым келеді!
Оның Хаким(Даналық пен хикмет Иесі) есімінің шағылысы, терең жан
болғым келеді!

Аллаһым, мені және барлық
құлдарыңды хикметпен
сүйіншілеуіңді сұраймын🤍




Бүгін Аллаһ үшін не істедің ..?


Құрбан айт мерекеміз мүбәрак🤍


Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

жасаған құлшылық-ғибадаттарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіздің барлығы қабыл болсын🤲🏻🤍



14 last posts shown.