АМАЛ ДӘПТЕР/МАҚСАТЫМЫЗ ЖАННАТ🕌🕋📚📌


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter




ثُمَّ خَلَقۡنَا ٱلنُّطۡفَةَ عَلَقَةً فَخَلَقۡنَا ٱلۡعَلَقَةَ مُضۡغَةً فَخَلَقۡنَا ٱلۡمُضۡغَةَ عِظَـٰمًا فَكَسَوۡنَا ٱلۡعِظَـٰمَ لَحۡمًا ثُمَّ أَنشَأۡنَـٰهُ خَلۡقًا ءَاخَرَۚ فَتَبَارَكَ ٱللَّهُ أَحۡسَنُ ٱلۡخَـٰلِقِينَ
әл-Му'минун: 14

с‌уммә халәқнән нутфәтә ъаләқатән фәхаләқнәл ъаләқатә мудғатән фәхаләқнәл мудғатә ъизамән фәкәсәунәл ъизамә ләхмән с‌уммә әншә'нәһу халқан әхар фәтәбәрәкаллаһу әхсәнул халиқиин

Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық. Жаратушылардың шебері ұлы Алла.




ثُمَّ جَعَلۡنَـٰهُ نُطۡفَةً فِى قَرَارٍ مَّكِينٍ
әл-Му'минун: 13

с̃уммә жәъалнәһу нутфәтән фии қарәрим мәкиин

Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық.


وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَـٰنَ مِن سُلَـٰلَةٍ مِّن طِينٍ
әл-Му'минун: 12

уәләқад халәқнәл инсәнә мин суләләтим мин тиин

Расында адамды нағыз балшықтан жараттық.


Forward from: Ислам нұры (نور الاسلام)
Құран жаттау жоспары адамның мүмкіндігіне, уақытына және мақсатына байланысты өзгеруі мүмкін. Төменде жалпы жоспар ұсынылады:

1. Жалпы ереже

Мақсатты анықтау: Құранды толық жаттау ма, әлде белгілі сүрелерді жаттау ма?

Уақытты белгілеу: Күніне нақты уақытты жаттауға арнаңыз (мысалы, таңертең 1-2 сағат).

Күнделікті жоспар: Аз-аздан, бірақ тұрақты жаттау тиімдірек.



---

2. Жоспар үлгісі (Күніне 10 аят жаттау)

Күндік жоспар

Таңғы уақытта 10 жаңа аят жаттаңыз.

Жаңа аяттарды 10-20 рет қайталап, тәжуид ережелеріне сәйкес оқыңыз.

Кешке осы аяттарды тағы да қайталаңыз.


Апталық жоспар

6 күн жаңа аяттарды жаттау.

7-күні бұрын жаттағандарыңызды қайталауға арнаңыз.


Айлық жоспар

Әр аптада жаттағандарыңызды біріктіріп, толық қайталаңыз.

Жаңа аяттар мен бұрынғы жаттаған сүрелерді қатар қайталау маңызды.



---

3. Жоспарды паралар бойынша бөлу

Мақсат: Құранды 1 жылда жаттау

Құранда 30 пара бар.

Күніне 1 бет жаттасаңыз, 20 күнде 1 пара жаттайсыз.

Жылдың соңына дейін 30 параны жаттап шығуға болады.


Мақсат: Құранды 2 жылда жаттау

Аптасына 2 бет жаттаңыз.

Әр аптада қайталау күнін қосып, тұрақты түрде қайталаңыз.



---

4. Арнайы сүрелерге жоспар

Егер сіз Құранның белгілі сүрелерін жаттауды қаласаңыз, мысалы:

30-параны (Амма бөлімі) жаттау: Күніне 2-3 қысқа сүре жаттаңыз.

Бақара сүресі: 286 аятты 10 аяттан бөліп жаттау.



---

5. Қосымша кеңестер

Тәжуидпен оқу: Жаттағаныңыз дұрыс болу үшін тәжуидті ұстаныңыз.

Аудионы пайдалану: Қарилардың оқуын тыңдап, сол әуенмен жаттаңыз.

Жарыс немесе мотивация: Отбасы немесе достарыңызбен бірге жарыс ұйымдастырыңыз.

Дұға: Алладан жаттауды жеңілдетуді сұраңыз.

https://t.me/kuransunna2023




Пайғамбарымыз ﷺ:

«Кімде - кім шешуін таба алмайтын бір іске душар болса, маған көптеген салауат оқысын. Өйткені, Алла Тағала маған айтылған салауаттың құрметіне оның қиындықтарын, бір іске қайғыларын жеңілдетеді. Ырыстарын көбейтеді, Алла Тағаланың көмегімен тілегеніне жетеді».

Әрбір күн берекелі болсын!


وَمَآ أَرۡسَلۡنَـٰكَ إِلَّا رَحۡمَةً لِّلۡعَـٰلَمِينَ
әл-Әнбия: 107

уәмә әрсәлнәкә иллә рәхмәтәл лилъаләмиин

(Уа, Мұхаммед!) Біз сені күллі әлемге (күллі жаратылысқа) теңдесі жоқ рақым ретінде ғана жібердік.




إِنَّ ٱلَّذِينَ جَآءُو بِٱلۡإِفۡكِ عُصۡبَةٌ مِّنكُمۡۚ لَا تَحۡسَبُوهُ شَرًّا لَّكُمۖ بَلۡ هُوَ خَيۡرٌ لَّكُمۡۚ لِكُلِّ ٱمۡرِىٍٕ مِّنۡهُم مَّا ٱكۡتَسَبَ مِنَ ٱلۡإِثۡمِۚ وَٱلَّذِى تَوَلَّىٰ كِبۡرَهُۥ مِنۡهُمۡ لَهُۥ عَذَابٌ عَظِيمٌ
ан-Нур: 11

иннәл ләз‌иинә жәуу билифки ъусбәтум минкум лә тәхсәбууһу шәррәл ләкум бәл һууә хайрул ләкум ликулли мриим минһум мә ктәсәбә минәл ис‌м уәлләз‌ии тәуәллә кибрәһу минһум ләһу ъаз‌әбун ъазиим

Шынында сендерден өсек айтып келген топтың сөзін жаман деп есептемеңдер. Керісінше ол, сендер үшін қайырлы. Олардың әрбіреуі күнә тапты. Олардан басшылық еткен үлкеніне зор азап бар.


وَلَوۡلَا فَضۡلُ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡ وَرَحۡمَتُهُۥ وَأَنَّ ٱللَّهَ تَوَّابٌ حَكِيمٌ
ан-Нур: 10

уәләулә фәдлуллаһи ъаләйкум уәрәхмәтуһу уәәнналлаһа тәууәбун хәкиим

Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса (не болар еді?), Расында Алла, тәубелерді қабылдаушы, аса дана.


وَٱلۡخَـٰمِسَةَ أَنَّ غَضَبَ ٱللَّهِ عَلَيۡهَآ إِن كَانَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
ан-Нур: 9

уәлхамисәтә әннә ғадабаллаһи ъаләйһә ин кәнә минәс садиқиин

Бесінші рет (әйел): "Егер оның айтқандары шын болса, маған Алланың қаһары тисін!",- (дейді).


وَيَدۡرَؤُاْ عَنۡهَا ٱلۡعَذَابَ أَن تَشۡهَدَ أَرۡبَعَ شَهَـٰدَٰتِۭ بِٱللَّهِ إِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلۡكَـٰذِبِينَ
ан-Нур: 8

уәйәдрәу ъанһәл ъаз‌әбә ән тәшһәдә әрбәъа шәһәдәтин билләһи иннәһу ләминәл кәз‌ибиин

Ерінің өтірік айтушылардан екендігіне байланысты әйел де төрт рет Алланың атымен ант ішіп, өзінен жазаны кетіре алады.


وَٱلۡخَـٰمِسَةُ أَنَّ لَعۡنَتَ ٱللَّهِ عَلَيۡهِ إِن كَانَ مِنَ ٱلۡكَـٰذِبِينَ
ан-Нур: 7

уәлхамисәту әннә ләънәталлаһи ъаләйһи ин кәнә минәл кәз‌ибиин

Бесінші ретте (ер): "Егер өтірік айтушылардан болсам, Маған Алланың лағынеті болсын!",- (дейді).


وَٱلَّذِينَ يَرۡمُونَ أَزۡوَٰجَهُمۡ وَلَمۡ يَكُن لَّهُمۡ شُهَدَآءُ إِلَّآ أَنفُسُهُمۡ فَشَهَـٰدَةُ أَحَدِهِمۡ أَرۡبَعُ شَهَـٰدَٰتِۭ بِٱللَّهِ إِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
ан-Нур: 6

уәлләз‌иинә йәрмуунә әзуәжәһум уәләм йәкул ләһум шуһәдәу иллә әнфусуһум фәшәһәдәту әхәдиһим әрбәъу шәһәдәтин билләһи иннәһу ләминәс садиқиин

Жұбайларына зина жаласын жауып, өздерінен басқа ешбір айғақтары болмағандардың әрбірінің куәлігі, шын айтушы екендіктеріне байланысты төрт рет Алланың атымен ант ішулері.


سُورَةٌ أَنزَلۡنَـٰهَا وَفَرَضۡنَـٰهَا وَأَنزَلۡنَا فِيهَآ ءَايَـٰتِۭ بَيِّنَـٰتٍ لَّعَلَّكُمۡ تَذَكَّرُونَ
ан-Нур: 1

суурәтун әнзәлнәһә уәфәрәднәһә уәәнзәлнә фииһә әйәтин бәйинәтил ләъалләкум тәз‌әккәруун

Бұл сүрені түсірдік те оның үкімдерін парыз қылдық. Сондай-ақ үгіт алуларың үшін; мұнда ашық аяттар түсірдік.


يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ضُرِبَ مَثَلٌ فَٱسۡتَمِعُواْ لَهُۥٓۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَن يَخۡلُقُواْ ذُبَابًا وَلَوِ ٱجۡتَمَعُواْ لَهُۥۖ وَإِن يَسۡلُبۡهُمُ ٱلذُّبَابُ شَيۡـًٔا لَّا يَسۡتَنقِذُوهُ مِنۡهُۚ ضَعُفَ ٱلطَّالِبُ وَٱلۡمَطۡلُوبُ
әл-Хаж: 73

йә әййуһән нәсу дурибә мәс̃әлун фәстәмиъуу ләһ иннәл ләз̃иинә тәдъуунә мин дууниллаһи ләй йәхлуқуу з̃убәбәу уәләуи жтәмәъуу ләһу уәий йәслубһумуз̃ з̃убәбу шәйәл лә йәстәнқиз̃ууһу минһ даъуфәт талибу уәлмәтлууб

Әй адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақ салыңдар: Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлығы жиылса да әсте бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені, іздеуші де ізделген де нашар.


Үтір намазында құныт дұғасын ұмытқан адам намазын қалай аяқтайды ?

Сөздікте Аллаға ықыласпен құлшылық жасау, намаз бен дұғаны ұзату, үндемеу, дұға жасау, ғибадат ниетімен аяқта тұру сияқты мағыналарға келетін құныт, діни термин ретінде, намазда рукуғтан алдын немесе кейін дұға жасауды білдіреді.

Үтір намазында құныт дұғасын оқу - уәжіп. Сондықтан да құныт дұғасын оқымау немесе кешіктірген жағдайда сәһу сәждесін жасау керек.
(Хаддад, әл Сәуһәра 1,92)

Үтір намазын оқыған адам, ұмытып яки қателесіп құныт дұғасын оқымай рукуғқа барса, ол адам намазын жалғастырып, соңында сәһу сәждесін жасайды. Алайда ол адам, рукуғтан тұрғаннан кейін құныт дұғасын оқитын болса, кейіннен қайта рукуғ жасамай сәждеге барады да намаздың соңында сәһу сәждесін жасайды.

Кааани, Бәдай, 1,274; әл Фәтауал Хиндия 1,141.


قُلۡ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنَّمَآ أَنَا۠ لَكُمۡ نَذِيرٌ مُّبِينٌ
әл-Хаж: 49

қул йә әййуһән нәсу иннәмә әнә ләкум нәз̃иирум мубиин

(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Уа, Адамдар! Мен (өз білгеніммен немесе сендердің айтқандарыңмен жүретін адам емеспін, мен уахиге сүйеніп) сендерге ашық түрде ескерту үшін келген ескертуші ғанамын», – деп айт.

20 last posts shown.