✨ Құрбан айт қабыл болсын!
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
https://t.me/halyquni
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
“Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі.
Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз”, - деді президент.
https://t.me/halyquni