Тағдырға иман келтірудің деңгейлері
📝Тағдырға иман келтіру оның төрт деңгейіне иман келтімейінше толық
болмайды.
1️⃣Білім деңгейі.
Ол Аллаһтың барлық нәрсені қамтыған біліміне иман келтіру. Сондай-ақ, Аллаһ жаратылыстарды оларды жаратпастан бұрын, олардың қандай амал жасайтындарын білді.
Аллаһ Тағала айтты:
2️⃣Жазу деңгейі.
Ол Аллаһ Тағала барлық жаратылыстың өлшемін Ләухул-Махфузда жазып қойды деп иман келтіру.
Аллаһ Тағала айтты:
🕋Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Аллаһ Тағала жаратылыстардың мөлшерін аспандар мен жерді жаратпас бұрын елу мың жыл бұрын жазып қойды.»
(Муслим)
3️⃣Қалау деңгейі.
Ол осы болмыстағы болып жатқан нәрсенің барлығы Аллаһтың қалауымен болады деп иман келтіру. Аллаһ Тағала не нәрсені қаласа ол болады, ал нені қаламаса ол болмайды. Оның қалауынан еш нәрсе шыға алмайды.
Аллаһ Тағала айтты:
4️⃣Жарату деңгейі.
Ол Аллаһты барлық нәрсенің жаратушысы деп иман келтіру. Бұл болмыста болып жатқан нәрсенің барлығының жаратушысы – Аллаһ.
Аллаһ Тағала айтты:
🔖Осы төрт деңгей мына өлең шумақтарында жиналған:
Білім және Қамқоршымыздың жазуы мен қалауы,
Жаратуы оның - мәні жоқтан бар қылуы.
📚Тағдырға қатысты кейбір мәселелер:
Біл! Адамның қалауы және таңдауы бар. Аллаһ Тағала айтты:
Адамның қалауы мен құдіреті Аллаһтың қалауы мен құдіретінің астында, одан шыға алмайды.
Аллаһ Тағала айтты:
💡#Білім_сөзбен_амалдан_бұрын
🌐 Instagram
📱Telegram
📱 Whatsup
😄 Status

📘«Ол – Өзінен басқа иләһ болмаған жалғыз Аллаһ. Ғайыпты да, жарияны да толық білуші.»
(Хашр: 22)
2️⃣Жазу деңгейі.
Ол Аллаһ Тағала барлық жаратылыстың өлшемін Ләухул-Махфузда жазып қойды деп иман келтіру.
Аллаһ Тағала айтты:
📘«Аллаһтың көктегі мен жердегінің бәрін білетінін білмеймісің?! Расында, оның бәрі бір кітапта жазылған. Бәрін білу һәм білгенінің бәрін бір кітапқа жазып қою Аллаһ үшін шынымен де оп-оңай.»
(Хадж: 70)
🕋Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Аллаһ Тағала жаратылыстардың мөлшерін аспандар мен жерді жаратпас бұрын елу мың жыл бұрын жазып қойды.»
(Муслим)
3️⃣Қалау деңгейі.
Ол осы болмыстағы болып жатқан нәрсенің барлығы Аллаһтың қалауымен болады деп иман келтіру. Аллаһ Тағала не нәрсені қаласа ол болады, ал нені қаламаса ол болмайды. Оның қалауынан еш нәрсе шыға алмайды.
Аллаһ Тағала айтты:
📘«Расында, күллі әлемнің Раббысы қаламайынша, сендер ештеңе де қалай алмайсыңдар.»
(Тәкуир: 29)
4️⃣Жарату деңгейі.
Ол Аллаһты барлық нәрсенің жаратушысы деп иман келтіру. Бұл болмыста болып жатқан нәрсенің барлығының жаратушысы – Аллаһ.
Аллаһ Тағала айтты:
📘«Оларға: «Аллаһ – барлық нәрсенің жаратушысы. Ол жалғыз әрі бәрінен үстем», – деп айт.»
(Рағд: 16)
🔖Осы төрт деңгей мына өлең шумақтарында жиналған:
Білім және Қамқоршымыздың жазуы мен қалауы,
Жаратуы оның - мәні жоқтан бар қылуы.
📚Тағдырға қатысты кейбір мәселелер:
Біл! Адамның қалауы және таңдауы бар. Аллаһ Тағала айтты:
📘«Әсіресе, араларыңдағы тура жолды тауып, сол жолда жүруді қалайтындар үшін.»
(Тәкуир: 28)
Адамның қалауы мен құдіреті Аллаһтың қалауы мен құдіретінің астында, одан шыға алмайды.
Аллаһ Тағала айтты:
📘«Расында, күллі әлемнің Раббысы қаламайынша, сендер ештеңе де қалай алмайсыңдар.»
(Тәкуир:29)
📚Ислам ақидасы
💡#Білім_сөзбен_амалдан_бұрын
📱Telegram
📱 Whatsup
😄 Status