Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🔶Туризм және спорт министрлігі биыл өтетін халықаралық жарыстарды атап өтті
ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенованың айтуынша, 2-12 наурыз аралығында Түркияның Эрзурум қаласында XХ қысқы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Оған Қазақстаннан 3 спорт түрінен 30 жуық спортшы қатысады. Сонымен қатар, 25 маусым мен 7 шілде аралығында Саха Республикасында сегізінші жазғы «Азия балалары» ойындары өтеді.
«Биылғы ең басты дода - 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Францияның Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиада. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 аса спортшы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазіргі уақытта спорттың 8 түрінен 17 жолдама бар. Маусым айына дейін спортшыларымыз 90 жуық іріктеу, лицензиялық және рейтингтік жарыстарға қатысып, жолдамалар жеңіп алады деген ойдамыз», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында Францияда жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Қазіргі уақытта 5 жолдама бар.
Бұдан бөлек, биыл Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Иранның Тегеран қаласында Азия-Тынық мұхиты ойындары, Қазақстанда 6 әлем чемпионаты және 7 Азия чемпионаты өтеді.
❕@informburo_kaz