Сот оқ-дәрілердің жарылысы бойынша жәбірленушілердің мүдделерін қорғады
◾️ 2021 жылдың тамыз айында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылында орналасқан әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында өрт болған.
◾️ Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс туралы іс бойынша жәбірленушілер жақындарының қызметтік міндеттерін атқару кезінде қайтыс болуына байланысты материалдық шығын мен моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы талап қою арыздарымен сотқа жүгінді.
◾️ Үлкен өрт пен кейінгі жарылыстар нәтижесінде әскери қызметшілер мен құтқарушылар, оның ішінде талап қоюшылардың жақындары қайтыс болған.
◾️ 2023 жылы Шымкент гарнизонының әскери сотымен жарылысқа қатысы бар адамдарға қатысты үкім шығарылып, заңды күшіне енген.
◾️ Сот денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын назарға алып, талап қоюшыларға келтірілген жан, тән азабының сипатын, орны толмас қайғыдан кейінгі ұзақ емделу мен қалпына келу мерзімін ескере отырып, талап қоюшылардың талабын ішінара қанғаттандырды.
◾️ Әскери бөлімнен талап қоюшылардың әрқайсының пайдасына 1,4 млн теңге мөлшерінде материалдық шығын және 4 млн. теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді.
◾️ Сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ.
Байзақ аудандық соты
https://t.me/jambyl_sottary