Jusan Инвестициялары


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Economics


Онлайн-брокер

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Economics
Statistics
Posts filter


❗️Құрметті клиенттер!

Сіздерге 17 наурыз күні "Jusan mobile" АҚ компаниясының облигацияларын орналастыру жоспарланып отырғанын қуана хабарлаймыз
:

Эмитент: "Jusan mobile" АҚ
ISIN / Ticker: KZ2C00012961 / KZTCb3
Орналастыру күні: 17 наурыз 2025 ж.
Шығарылым және қызмет көрсету валютасы: теңге («KZT»)
Құрал түрі: купондық облигациялар
Номиналды құны: 1 000 KZT
Шығарылым көлемі: 5 000 000 000 KZT
Облигацияларды өтеу мерзімі: 3 жыл
Табыстылық: 22% (индикативті)
Купонды төлеу жиілігі: жылына 2 рет
Биржа: "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE)

Облигацияларды орналастырудан түскен қаражат магистральдық желілерді жаңғыртуға және телекоммуникациялық бизнеске инвестиция салуға бағытталатын болады.

Осы жазбаның пікірлер бөлімінде тиісті тизерді таба аласыз.

#облигация


📆АҚШ-та осы аптада 2024 жылдың 4-тоқсанына қатысты корпоративтік қаржы есебін жариялайтын компаниялар тізімін ұсынамыз.

#АҚШесепберумаусымы


11 наурызға арналған дэшбордты ұсынамыз


S&P 500 шамамен 3%-ға төмендеді!

📉 АҚШ қор нарығы 4 трлн доллар жоғалтты – Нарықтағы құлдыраудың себебі рецессияға деген қорқыныш болды.

📌 Нарықтағы алаңдаушылық экономикалық күтулерге негізделген, себебі АҚШ-тағы статистика әртүрлі бағытта өзгеруде – кейбір мәліметтер инфляцияның жеделдеуін, басқалары бәсеңдеуін, ал кейбірі стагфляция белгілерін көрсетуде.

📝 Жұма күні АҚШ ақпан айындағы еңбек нарығы бойынша есеп жариялады: жаңа жұмыс орындарының саны 151 мыңға жетіп, болжанған 159 мыңнан төмен болды, жұмыссыздық деңгейі 4%-дан 4,1%-ға көтерілді, ал сағаттық жалақы 0,3% өсті.

🔊 Кеше Нью-Йорк ФРБ тұтынушылық көңіл-күй жөніндегі есебін жариялады, онда инфляциялық күтулер әртүрлі мерзімдер бойынша айтарлықтай өзгермегені көрсетілді, жылдық болжам 3%-дан 3,1%-ға ғана өсті.

⚡️ АҚШ экономикасына қатысты күтулер негізінен дезинфляциялық, бірақ Дональд Трамптың саясаты стагфляция қаупін жоққа шығармайды.

🧑🏼‍💻 Қытайдың статистикалық органы жексенбі күні ақпандағы әлсіз ИПЦ деректерін жариялап, экономикадағы баяу қарқынның сақталып отырғанын көрсетті. Айлық инфляция үш айдан кейін алғаш рет теріс аймаққа өтіп, -0,2% болды, ал жылдық көрсеткіш 2024 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет дефляцияға түсіп, -0,7% құрады.

#таңғышолу


Экономикаға қатысты ең маңызды және әр инвесторға қажет оқиғалар күнтізбесін дайындап қойдық.

#экокүнтізбе


Құрметті ханымдар! 💐

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, кәсіби табыс пен отбасыларыңызға амандық тілейміз. Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын! 🌷✨

Ізгі тілекпен,
Jusan Invest


Чарли Мангердің инвестициялаудағы 8 қағидасы.

📌 Бүгін біз атақты Чарли Мангердын инвестициялаудағы қағидаларын қарастырамыз. Чарли – Уоррен Баффеттің оң қолы, Berkshire Hathaway компаниясының вице-президенті, миллиардер және ақылды инвестициялаудың шебері. Ол өзінің парасатты ойлауы мен қарапайым қағидаларымен танымал.

#қызықтыфакт #BRK #COST #BYDDF #BABA #BAC
түсініктемелерде қараңыз...


❗️Сонымен қатар, 9 наурызда, жексенбіге қараған түні, АҚШ жазғы уақытқа көшеді, бұл ретте сағат тілі 1 сағатқа алға жылжытылады. Уақыт айырмашылығына байланысты сауда сессияларының кестесінде өзгерістер болуы мүмкін, сондықтан инвестициялық шешімдеріңізде осыны ескерулеріңізді сұраймыз.

#мейрам #экокүнтізбе


❗️ Құрметті клиенттер, 10 наурыз, дүйсенбі күні Қазақстанның қор нарығы Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге байланысты жұмыс істемейді. Бұл күн 8 наурыздағы мерекенің демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты ресми түрде 10 наурызға ауыстырылған. Инвестициялық шешімдеріңізде осыны ескерулеріңізді сұраймыз.

#мейрам #экокүнтізбе


7 наурызға арналған дэшбордты ұсынамыз


Трамп Мексика мен Канадаға тарифтерді енгізуді 2 сәуірге шегерді!

💰 Дональд Трамп Мексика мен Канадаға тарифтерді енгізуді 2 сәуірге дейін кейінге қалдырды, осылайша бұл елдерге тағы бір айлық жеңілдік берді.

📊 Еуропа орталық банкі (ЕЦБ) негізгі мөлшерлемені 2,90%-дан 2,65%-ға дейін төмендетті, бұл АҚШ-тың сауда саясатының Еуропа экономикасына қысым жасауына байланысты күтілген шешім болды.

🔖 АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініштер саны өткен аптада 242 мыңнан 221 мыңға дейін азайды. Алайда, жәрдемақы алушылардың жалпы саны 1,86 миллионнан 1,90 миллион адамға дейін өсті, яғни жұмыссыздық деңгейі әлі де жоғары болып отыр.

📉 Кешегі АҚШ-тың қаңтар айындағы сауда балансы бойынша мәліметтер күтілгеннен әлсіз болып шықты – дефицит 131 миллиард долларды құрады, ал болжам 128 миллиард доллар болатын.

🇨🇳 Қытайдың ақпан айындағы сауда балансы күтілгеннен жоғары 171 млрд доллар профицит көрсетті (болжам 148 млрд доллар). Алайда, бұл өсім экспорттың емес, импорттың күрт төмендеуіне (-8,4% ж/ж) байланысты болды, ал экспорттың өсімі әлсіз (+2,3%) болып қалды.

📢 Бүгін инвесторлардың назарында АҚШ-тың ақпан айындағы жұмыспен қамту есебі және ФРС төрағасы Джером Пауэллдің баяндамасы тұр. Еңбек нарығы бойынша мықты көрсеткіштер күтілуде, себебі ФРЖ-ның "Бежевая книга" есебінде айтарлықтай өзгерістер байқалмады, бұл рецессия белгілерінің жоқ екенін көрсетеді.

#таңғышолу


6 наурызға арналған дэшбордты ұсынамыз


Доллар құлдырап, Брент 70$ деңгейінен төмендеді!

💰 АҚШ-тың Канада мен Мексикаға енгізілетін автокөлік баждарын бір айға кейінге шегеруі және ауыл шаруашылығы саласына арнайы шарттар қарастыруы нарықтың оң реакциясын тудырды.

📊 АҚШ қор нарығы кеше өсті, алайда Брент мұнайының бағасы 70 доллардан төмендеді.

🔖 Жапония мен Қытайдың қызмет көрсету секторындағы PMI көрсеткіштері жақсы нәтежие көрсетті, ал Еуроаймақтың индексі төмендеді.

📄 АҚШ-та ADP мәліметтері бойынша ақпанда 77 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл күтілген 141 мыңдық болжамға жетпеді.

📣 Өз кезегінде, S&P Global-дың қызмет көрсету PMI көрсеткіші 52,9-дан 51-ге төмендеді. Сонымен қатар, ISM индексі баға компонентінің айтарлықтай өсуінің нәтижесінде 52,8-ден 53,5-ке дейін көтерілді.

📌 АҚШ-тың 10 жылдық облигацияларының кірістілігі статистика мен мемлекеттік шығындарды қысқарту бастамаларын АҚШ сотының бұғаттауына байланысты өсті.

🤝 Германияның канцлерлікке үміткері Фридрих Мерц белсенді фискалдық саясатты қолдады, бұл неміс облигацияларының кірістілігін арттырды.

💸 Доллар индексі әлсіреп, 104-ке жақындады.

📢 Бүгін инвесторлардың назары Еуропа орталық банкінің отырысы мен АҚШ-тағы жұмыссыздық бойынша өтініштер есебіне аударылса, ертең АҚШ-тың ақпан айындағы еңбек нарығы туралы негізгі есебі және ФРС басшысы Джером Пауэллдің баяндамасы күтілуде.

#таңғышолу


5 наурызға арналған дэшбордты ұсынамыз


Қытай ЖІӨ өсімін 5% деңгейінде ұстап тұруды жоспарлауда.

🎤 Дональд Трамп АҚШ Конгресінде сөз сөйледі, бұл оның президент болғаннан кейінгі 6 апта ішіндегі алғашқы ресми баяндамасы болды.

🤝 Трамп Конгрессте сөз сөйлеп, Илон Маскті DOGE-тегі еңбегі үшін ерекше атап өтті.

📊 Кеше АҚШ қор нарығы тағы да төмендеді, бірақ бүгін фьючерстерде айтарлықтай өсім байқалды.

🏷 АҚШ-тың Сауда министрі Говард Лютник бүгін Канада мен Мексикаға тарифтік жеңілдіктер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

✅ Қытай Халық жиналысында 2025 жылға арналған негізгі мақсаттар жарияланды: ЖІӨ өсімін 5% деңгейінде сақтау, инфляциялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және бюджет тапшылығын 3%-дан 4%-ға дейін арттыру.

💸 Бүгін таңертең Жапония мен Қытайдың қызмет көрсету саласының PMI көрсеткіштері күткеннен жоғары өсім көрсетті.

#таңғышолу


Қор нарығы туралы қызықты деректер!

Сіздерге қаржы нарығына байланысты қызықты мәліметтерді ұсынамыз! Инвестиция әлемі қызыққа толы болып табылады. Егер сіз қаржы нарығын түсініп, капитал жинағыңыз келсе – нарықты зерттеп, білім алуды ешқашан тоқтатпаңыз!

#қызықтыфакт
түсініктемелерде қараңыз...


4 наурызға арналған дэшбордты ұсынамыз


АҚШ президенті Канада мен Мексикаға қарсы тарифтерді енгізді.

💰 АҚШ президенті Дональд Трамп Канада мен Мексикаға қарсы 25% көлеміндегі тарифтерді енгізді, сондай-ақ Қытайға қарсы тарифтерді екі есеге арттырды.

🧾 Goldman Sachs бағалауы бойынша, тарифтер инфляцияны 0,6 пайыздық тармаққа арттыруы мүмкін, бұл ФРЖ-ны қатаң ақша-несие саясатына көшуге итермелеуі мүмкін.

📊 Сонымен қатар, кеше дамыған елдер мен Қытай өндірістік PMI индекстерін жариялады, ал Еуроаймақ ақпан айындағы ИПЦ бойынша бейтарап есеп ұсынды. Еуроаймақтың өндірістік индексі өсті. Ал Ұлыбритания мен Канадада PMI көрсеткіштері төмендеді.

🇺🇸 АҚШ-та өндірістік PMI бойынша аралас нәтижелер: S&P Global PMI өссе, ISM PMI төмендеді. ISM индексіндегі жаңа тапсырыстар мен жұмыспен қамту көрсеткіштері күрт төмендеді, ал баға индикаторы айтарлықтай өсті. Бұл АҚШ-та стагфляция жүріп жатыр деген ойды күшейтті.

💵 АҚШ президенті тайвандық TSMC компаниясының АҚШ-қа кемінде $165 млрд инвестиция салатынын жариялады.

📉 Бұдан бөлек, кеше Brent мұнай бағасы $71-ға дейін төмендеді.

🔽 Nvidia акциялары 9%-ға төмендеді.

🏦 Сондай - ақ, АҚШ Ақ үйі Украинаға әскери көмекті тоқтатып, Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдету мүмкіндігін қарастырып жатқанын және кибершабуылдарды уақытша тоқтату туралы бұйрық бергенін хабарлады.

#таңғышолу


S&P 500 индексіндегі 11 салалық ETF

Өткен айда S&P 500 индексінің 11 секторларының ішінде 8 сектор жыл басынан өз динамикасын жақсартты.

Жыл басынан бергі үздік үш сектор: қаржы секторы #XLF бірінші орынды сақтап қалды, денсаулық сақтау секторы #XLV екінші орынға көтерілді, ал жылжымайтын мүлік секторы #XLRE үшінші орынды иеленді.

Бір ай ішіндегі өзгерістер айтарлықтай өзгеше болды. Қазіргі таңда үздік үштікке күнделікті тұтыну тауарлар секторы #XLP, жылжымайтын мүлік секторы #XLRE және коммуналдық қызметтер секторы #XLU кірді.

#нарықтрендтері


❗️ Жаңартылған файл: Біздің талдауымызға кіретін қазақстандық эмитенттер бойынша фундаменталды бағалаулар, дивидендтер және техникалық талдау мәліметтері жаңартылды.

түсініктемелерде қараңыз...
#ҚазАкциялары

20 last posts shown.