Posts filter






ЖАҢА ЖЫЛҒА ЖАҢА ҚАРҚЫНМЕН»:
«ЖАС МАМАН КЕҢЕСІ» ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
«Қаражанбасмұнай» АҚ «Жас маман кеңесі» мүшелері 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Кездесуде ІІ ауысымның вахтааралық демалыстағы жұмысшылары компанияның стратегиялық мақсаттарына сәйкес жастардың кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған бастамалар мен жобаларға қатысты ұсыныстар мен ой-пікірін ортаға салды.
 
ЖМК төрағасы Айбек Ұлықпанов былтыр атқарылған шараларға қысқаша шолу жасап, жас мамандардың белсенділігі үшін алғыс білдірді. Одан соң қатысушылар корпоративтік мәдениетті нығайту, кәсіби білім мен дағдыларды арттыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту тақырыптары бойынша іс-шаралар жоспарын пысықтады. Сондай-ақ білімді, жігерлі, заманауи, ойы ұшқыр жастар әріптестерді әлеуметтік және экологиялық бастамалар кезінде белсенді болуға шақырды.
 
ҚБМ жұмысшылары жыл сайын «ҚазМұнайГаз» ҰК» және «Самұрық Қазына» АҚ жас мамандары арасында өтетін түрлі бағыттағы сайыстар мен шығармашылық байқауларға қатысып, компания намысын абыроймен қорғап келеді. Қаражанбас жастары алдағы уақытта да өндірістік міндеттерді сапалы орындап, компаниядағы жастар саясатының дамуына сүбелі үлес қосуға ниетті.


ОСНОВНЫЕ ПОКАЗАТЕЛИ АО «КАРАЖАНБАСМУНАЙ» ЗА 2024 ГОД
 
АО «Каражанбасмунай» в 2024 году произвело 2 млн 153,8тыс. тонн нефти, что на 100,8 тыс. тонн больше показателя 2023 года.  
 
Реализация нефти и битума составила 2 млн 75 тыс. тонн. Из них поставка битума на внутренний рынок — 242 тыс. тонн.
 
В прошлом году было пробурено 75 новых скважин и проведены геолого-технические мероприятия на 160 скважинах. Суточный объем закачки пара достиг 16,8 тыс. тонн.  
 
За счет проведения геолого-технических мероприятий дополнительно добыто 27 719 тонн нефти.
 
Проводится доразведка месторождения Каражанбас: в июне-августе 2024 года на прибрежной части проведены 3D сейсмические исследования на площади 19 кв. км и 2D исследования на 110 линейных км для поиска дополнительных запасов.
 
Каражанбас — одно из крупнейших и самых сложных месторождений высоковязкой нефти в Мангистауской области. Несмотря на сложность эксплуатации, КБМ (дочерняя компания «КазМунайГаза») успешно разрабатывает месторождение и демонстрирует высокую эффективность работы. Благодаря самотверженному труду и профессиональному подходу сотрудников, ежегодно обеспечивается прирост добычи нефти, даже в таких сложных условиях.




«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ-ның 2024 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
 
«Қаражанбасмұнай» АҚ 2024 жылы 2 млн 153,8 мың тонна мұнай өндірді. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 100,8 мың тоннаға артық.
 
Мұнай мен битумды сату көлемі 2 млн 75 мың тоннаны құрады. Оның ішінде ішкі нарыққа 242 мың тонна битум жеткізілді.
 
Өткен жылы 75 жаңа ұңғыма бұрғыланып, 160 ұңғымаға геологиялық-техникалық іс-шаралар жүргізілді. Тәуліктік бу айдау көлемі 16,8 мың тоннаға жетті.
 
Геологиялық-техникалық шаралар нәтижесінде қосымша 27 719 тонна мұнай өндірілді.
 
Сондай-ақ Қаражанбаста кен орнын қосымша барлау жұмыстары жүргізіліп келеді. Қосымша қорларды анықтау мақсатында 2024 жылдың маусым-тамыз айларында жағалау бөлігінде 19 шаршы шақырым аумақта 3D сейсмикалық зерттеулер және 110 сызықтық шақырым аумақта 2D зерттеулер жүргізілді.
 
Қаражанбас – Маңғыстау облысындағы тұтқырлығы жоғары мұнай шоғырланған ірі өндіріс орнының бірі. ҚБМ («ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы) кен орнын пайдалану күрделілігіне қарамастан, қара алтынды сәтті игеріп, жұмыс тиімділігін жоғары деңгейде көрсетіп келеді. Қызметкерлердің кәсібилігі мен қажырлы еңбегі арқасында, жыл сайын мұнай өндіру көлемінің артуы қамтамасыз етілген.




«ӨНДІРІС ПЕН ӨНЕР – ӨМІРІМНІҢ ӨЗЕГІ»
 
Қаражанбас жұмысшылары өндірісті өркендетуге үлес қосып жүрген кәсіби мамандар ғана емес, өнерден өз орнын тапқан таланттар. Мыңдаған мұнайшы арасынан дарынымен дараланғандар түрлі музыкалық аспаптың құлағында ойнап, қоңыр дауысымен талайды тамсандырып, қаламынан туған жыр арқылы халық ықыласына бөленіп келеді. Олардың қатарында өлең өлкесінде өз жолын қалыптастырған №3 мұнай өндіру цехының операторы Қалмұрат Мамырұлы да бар.
 
Кейіпкеріміз күн сайын топтық қондырғы аумағындағы ұңғымалар жұмысын қадағалап, көрсеткіштерді тіркеп,өндіріс көлемін бақылап, қарбалас жұмыспен жүрсе де,өлең жазуды бір сәт жадынан шығармайды. Қалмұраттың өлең жазу қабілетінің ашылуына мектептегі ұстаздарының оң бағыт нұсқауы да себеп болса керек. Содан бері ол туған жер, достық, өмір, махаббат тақырыптарына қалам тербеді. Осы уақытқа дейін өңір өнерпаздарының репертуарындағы қырыққа жуық әнге сөз жазған. Бүгінде мұнайшының жүрегін жарып шыққан туындылар өлең сүйер көпшіліктің оң бағасынан үлесті.
 
«Шабыттың қай кезде келетіні белгісіз ғой. Кейде жұмыс барысында әдемі шумақтар туады. Ойда өрілген өлеңді ұмытып қалмай тұрғанда қағазға түртіп аламын. Әр туындым жаныма ерекше жақын. Ол менің қиялымның, ой мен эмоциямның жемісі»,- дейді мұнайшы.
 
Қалмұраттың Қаражанбастағы еңбек жолы осыдан бір мүшел бұрын басталды. Алдымен сорап қондырғысының машинисі болып еңбек етті. Кейін мұнай өндіру операторы қызметіне ауысты. Ол мұнайшы ретінде туған жердің қара алтынын игеру арқылы ел экономикасын дамытуға тамшыдай болса да үлес қосып келеді.
 
«Өнер – жаратқанның берген сыйы болса, өндіріс – өмір кітабымның маңызды тарауына айналды. Мұндағы бірлігі жарасқан ұжым аға буынның салған сара жолымен абыройлы еңбек етіп келеді. Өндіріс қайнаған кең далада шабытымыз шарықтап, әлі талай тың туындылар жазылатынына сенімдімін»,- дейді ол.
 
Туған ауылы Жармыштан түлеп ұшқан өнер иесі Қаражанбаста қанатын қатайтты. Биыл қырықтың қырқасына келген Қалмұрат алдағы уақытта облыс орталығында шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап отыр. Компания ұжымы қиын да қызықты өндірісте өлең шумақтарымен шебер үйлестіру арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды нәрлендіруге үлес қосып жүрген жан-жақты мұнайшыларды үлгі тұтады.


Forward from: ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Год рабочих профессий: более 43 тысяч человек трудятся на производстве в группе компаний КМГ

🖋Глава государства Касым-Жомарт Токаев объявил 2025 год «Годом рабочих профессий».

📌С учетом стратегического значения деятельности АО НК «КазМунайГаз» для экономики страны и его социальной роли в регионах присутствия, КМГ уделяет особое внимание профессиональному развитию своих работников.

🗣Сегодня в группе компаний КазМунайГаза на производстве свыше 43 тысяч человек, трудящихся на рабочих профессиях.

Популярные рабочие профессии — оператор по добыче нефти и газа, оператор по исследованию скважин, оператор по поддержания пластового давления, оператор технологических установок, слесари по обслуживанию буровых, эксплуатации и ремонту газового оборудования, токарь, электрогазосварщик, машинист технологических насосов, матрос и др.

✔️КМГ направляет усилия не только на поддержание комфортных социально-бытовых условий и обеспечение производственной безопасности, но и на создание широких возможностей для профессионального обучения, повышения квалификации, участия в стажировках и обмена опытом.

➡️Одним из ключевых мероприятий в КМГ, направленных на популяризацию труда и повышение престижа рабочих профессий, является конкурс мастерства «Үздік маман». Это ежегодное профессиональное состязание проводится уже более десяти лет. В прошлом году в конкурсе приняли участие 300 сотрудников дочерних предприятий КазМунайГаза из Атырауской, Мангистауской, Кызылординской, Актюбинской и Павлодарской областей, города Шымкента, а также из Румынии.


КМГ: «Главная ценность – люди»

📱 ҚазМұнайГаз


Forward from: ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📱 ҚазМұнайГаз


Forward from: ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Жұмысшы мамандықтар жылы: ҚМГ компаниялар тобында өндірісте 43 мыңнан астам адам еңбек етеді

🖋Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.

📌«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ел экономикасындағы стратегиялық маңызын және өз қызметін жүргізетін өңірлердегі әлеуметтік рөлін ескере отырып, өз қызметкерлерінің кәсіби дамуына ерекше назар аударады.

🗣Бүгінгі таңда ҚазМұнайГаз компаниялар тобында өндірісте 43 мыңнан астам адам жұмысшы мамандықтар бойынша еңбек етеді.

Атап айтқанда, мұнай және газ өндіру операторы, ұңғымаларды зерттеу операторы, қабат қысымын реттеуші оператор, технологиялық қондырғылар операторы, бұрғылау қондырғыларына қызмет көрсету және газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарлар, токарь, электр-газ дәнекерлеуші, технологиялық сорғылар машинисі, матрос және т.б.

✔️ҚМГ өндірістегі жұмысшыларға жайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар кәсіптік оқыту, біліктілікті арттыру, тағылымдамаларға жіберу және тәжірибе алмасуға ерекше назар аударады.

➡️ҚМГ-да еңбекті насихаттауға және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға бағытталған негізгі іс-шаралардың бірі — «Үздік маман» шеберлік байқауы. Мамандар арасында жыл сайынғы кәсіби жарыс он жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Өткен жылы байқауға Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Павлодар облыстарынан, Шымкент қаласынан, сондай-ақ Румыниядан ҚазМұнайГаз еншілес кәсіпорындарының 300 қызметкері қатысты.


ҚМГ: «Басты құндылық — адамдар»

📱 ҚазМұнайГаз






ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
 
Қаражанбаста автопаркті жаңарту бағдарламасы аясында 3 жедел жәрдем көлігі пайдалануға берілді. Өндірістік Басқарма басшылығы кен орнындағы медицина қызметкерлеріне барлық қажетті жабдықпен қамтылған автокөліктер кілтін табыс етті.
 
Сужаңа жедел жәрдем көліктерінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған түрлі заманауи құралдар және науқасты немесе зардап шеккен қызметкерді тез әрі қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік беретін арнайы мобильді құрылғылар бар. Көліктер кен орнындағы кез келген төтенше жағдайда жедел әрекет етіп, өндірістегі қызметкерлерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылады. Қажет болған жағдайда науқасты облыс орталығына жеткізуге барлық жағдай жасалған.
 
Қаражанбаста соңғы 3 жыл ішінде 300-ден астам арнайы техника мұнайшылар игілігіне берілді. Биыл автопаркті тағы 78 көлікпен толықтыру жоспарда. Осылайша ауқымды бағдарлама өндірісті өркендетумен қатар мұнайшылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек жағдайларын жақсартуға оң әсер етіп келеді.


ЛИЛИЯ УТЕБАЕВА – НАЧАЛЬНИК ОТДЕЛА ГЕОЛОГИИ
 
Лилия Утебаева родилась 7 ноября 1967 года. В 1993 году окончила РГА нефти и газа имени И.Губкина по специальности «Геология и разведка нефтяных и газовых месторождений», а также в 2003 году окончила Технологический институт Южной Альберты по специальности «Применение технологий нефтяной инженерии».
 
Трудовую деятельность начала с 1993 года в КазНИГРИ на должности инженера. В 1995-2005 гг. работала в ОАО «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» на должностях инженера-технолога, начальника отдела. В период 2005-2014 гг. работала инженером, заместителем начальника отдела, начальником отдела в АО «Тургай-Петролеум». С 2014 года по 2016 года работала в АО «РД «КазМунайГаз» начальником отдела, ведущим инженером. С ноября 2016 года по сей день работает начальником отдела геологии АО «Каражанбасмунай».
 
В 2009, 2012, 2014, 2015 гг. была награждена почетной грамотой и благодарственным письмом за добросовестный труд, проявленный профессионализмом и высокие достижения в работе. «По отдельности мы одна капля. Вместе мы океан»




ЛИЛИЯ УТЕБАЕВА – ГЕОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
 
Лилия Утебаева 1967 жылдың 7 қараша күні дүниеге келген. Білім мен ғылымға құштар ол 1993 жылы И. Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік мұнай және газ академиясын геология мен мұнай және газ кен орындарын барлау мамандығы бойынша тәмәмдап, 2003 жылы ОңтүстікАльберта технологиялық институтын мұнай инженерлік технологияларды қолдану мамандығы бойынша білімін шыңдаған.
 
Еңбек жолын 1993 жылы ҚазҒЗГБИ-да инженер болып бастады. 1995-2005 жылдар аралығында «ПетроҚазақстанҚұмкөл Ресорсиз» ААҚ-да инженер-технолог, бөлім басшысы болып еңбек етті. 2005-2014 жылдары «Торғай-Петролеум» АҚ-да инженер, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы, 2014-2016 жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-да жетекші инженер, бөлім басшысы қызметін атқарды. 2016 жылдан бері «Қаражанбасмұнай» АҚ геология бөлімінің басшысы ретінде жемісті жұмыс істеп келеді.
 
Лилия Утебаева 2009, 2012, 2014, 2015 жылдары адал еңбегі үшін Құрмет грамотасымен және кәсіби шеберлік пен еңбекте жоғары жетістіктерге қол жеткізгені үшін алғыс хаттармен марапатталды. Өмірлік ұстанымы: «Байлық - байлық емес, бірлік – байлық!».


Кен орнын өндірістік қалдықтардан сақтау - баршаға ортақ міндет!


Forward from: Aqorda 🇰🇿
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Председатель правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов доложил Главе государства об основных итогах деятельности компании за 2024 год

🎦 t.me/aqorda_resmi


Forward from: Aqorda 🇰🇿
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Мемлекет басшысына компания қызметінің 2024 жылғы негізгі нәтижелері туралы баяндады

🎦 t.me/aqorda_resmi

20 last posts shown.