KazLing | Олимпиадная лингвистика в Казахстане 🇰🇿


Channel's geo and language: Kazakhstan, Russian
Category: Linguistics


Лингвистикадан республикалық олимпиаданың (РО) ұйымдастыру комитетінің ресми Телеграм-арнасы
_
Официальный Телеграм-канал оргкомитета республиканской олимпиады (РО) по лингвистике

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Russian
Category
Linguistics
Statistics
Posts filter


район_линг_2024.pdf
156.5Kb
жауаптар_аудандык_линг_2024.pdf
174.3Kb
ответы_район_линг_2024.pdf
165.2Kb
аудандык_линг_2024.pdf
165.0Kb
Бүгінгі есептер мен олардың жауаптарын жариялаймыз ⬇️

Публикуем сегодняшние задачи и ответы на них ⬇️

462 0 30 72 18

Қай есеп ең көп ұнаған? | Какая задача понравилась больше всего?
Poll
  •   1 🇪🇸🇲🇽🇵🇪
  •   2 🇰🇭🇹🇭🇻🇳
  •   3 🇯🇵
74 votes


Кезеңнен кейінгі сезімдеріңіз | Ваши ощущения после тура 💛
Poll
  •   Мен бәрін шештім! | Я решил(-а) всё!
  •   Қиындау, жақсырақ жазуға болатын | Сложновато, можно было написать лучше
  •   Өте қиын... | Очень сложно...
93 votes


Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар!

Біз ұзақ үзілістен кейін белсенділікті арнаға қайтаратынымызды хабарлауға қуаныштымыз. Басты жаңалықтарды жариялағамыз келеді:

1) Лингвистикадан республикалық олимпиада турларының күндері белгілі болды (2024-2025):
5 қараша – аудандық кезең
20 қараша – облыстық кезең
4 желтоқсан – республикалық (қорытынды) кезең


2) Келесі Халықаралық лингвистикалық олимпиада Тайвань аралының Тайбэй қаласында өтеді! 🇹🇼

Іріктеу рәсімі өзгеріссіз қалады. Онымен мына жерден таныса аласыздар.

3) Біз Инстаграм парақшамызды аштық. Онда біз жалпы лингвистикаға да, лингвистикалық олимпиадаларға да қатысты контентті мезгіл-мезгіл жариялайтын боламыз: @kazlingolymp

4) Сондай-ақ біз ең маңызды ақпаратты жинақтайтын мамандандырылған вебсайтымызды құрумен белсенді айналасып жатырмыз. Сіздерді хабардар етіп отырамыз 🖥

Биылғы жылдың есептері сіздерге ұнайды деп үміттенеміз және сәттілік тілейміз.

Здравствуйте, дорогие читатели!

Мы рады сообщить, что после долгого перерыва мы возвращаем активность на канал. Хотим сообщить о главных новостях:
1) Уже стали известны даты туров Республиканской олимпиады по лингвистике (2024-2025):
5 ноября – районный этап
20 ноября – областной этап
4 декабря – республиканский (заключительный) этап


2) Следующая Международная олимпиада по лингвистике будет проходить в Тайбэе, на острове Тайвань! 🇹🇼

Процедура отбора остаётся прежней. С ней вы можете ознакомиться здесь.

3) Мы создали Инстаграм-страницу, куда мы тоже будем периодически выкладывать контент, касающийся как лингвистики в целом, так и лингвистических олимпиад: @kazlingolymp

4) Мы также активно работаем над созданием собственного специализированного вебсайта, где мы будем собирать самую важную информацию. Мы будем держать вас в курсе 🖥

Надеемся, что вам понравятся задачи этого года и желаем вам успехов.

2.4k 1 22 42 26

🔥 Алдыңғы күні XXI Халықаралық Лингвистикалық Олимпиаданың ресми жабылуы өтті! 🔥

Қазақстан құрамасы төрт адамнан тұратын команда болып қатысқан. Биыл, бір өкініштісі, құрамамыз жүлде алмаса да, қатысушылар баға жетпес тәжірибе алды деп сенеміз. Қатысушыларды, олардың ұстаздарын және ата-аналарын құттықтаймыз!

Бұл олимпиада бүкіл әлем үшін ерекше болды, өйткені:

🌎 Алғаш рет оңтүстік жарты шарда, Бразилия астанасы — Бразилиада өтті.
👶 Бірінші рет барлық қатысушылар олимпиаданың өзінен кіші болды.

Сондай-ақ Қазақстан үшін, себебі жеке тур есептерінің бірін Аида Давлетова шығарған. Ол IOL екі дүркін қатысушысы және қола жүлдегері, сонымен қатар KazLing 🇰🇿 әкімшілерінің бірі. Оның есебі барлық қатысушылар арасында жүргізілген сауалнама бойынша үздік деп таңдалды.

Осы жылға арналған барлық есептер мен олардың шешімдері жақын арада IOL ресми сайтында қолжетімді болады. Келесі жылы кездескенше!

🔥 Позавчера состоялось официальное закрытие XXI Международной Олимпиады по Лингвистике! 🔥

Сборная Казахстана выступила командой из четырёх человек. Несмотря на то, что в этом году, к сожалению, сборная не получила призовых мест, надеемся, что наши ребята получили бесценный опыт. Мы поздравляем участников, их учителей и родителей!

Эта олимпиада была особенной для всего мира, так как:

🌎 Впервые она проводилась в южном полушарии: в столице Бразилии — Бразилиа.
👶 Впервые все участники были младше, чем сама олимпиада.

А также для Казахстана, потому что одну из задач индивидуального тура составила Аида Давлетова, двукратная участница и бронзовая медалистка IOL, а также одна из администраторов KazLing 🇰🇿 Её задачу выбрали как лучшую согласно опросу среди всех участников.

Все задачи этого года, а также их решения, в скором времени будут доступны на официальном сайте IOL. До встречи в следующем году!

#iol2024 #kazling


Достар! 4 сағаттан кейін IOL 2024 жабылу салтанаты басталады. Трансляцияны сілтеме арқылы көруге болады.

Друзья! Уже через 4 часа начнётся церемония закрытия IOL 2024. Трансляцию можно смотреть по ссылке.


Кеше олимпиаданың тұңғыш күні аяқталды және әртүрлі елдердің құрамалары интеграциялық ойындарға қатысып өз мемлекеттерінің/аумақтардың өкілдіктерімен кездесті!

🇰🇿 Суретте біздің балаларымыз – Егор, Елизар, Дархан және Әминамен – «Дарын» РҒПО-ның директор орынбасары, Айгуль Каркулова, және орталықтың әдіскері, Гүлсара Муқашпен бірге ҚР-ның Бразилиядағы елшісінің хатшысы Алия Каирлиева және ерікті әрі KazLing тобымыздың қадірлі мүшесі Дана Оспанова.

Құрамамызға сәттілік тілейік 💛✨

Вчера закончился первый день олимпиады, и команды разных стран приняли участие в интеграционных играх, а также встретились с представительствами своих государств/территорий!

🇰🇿 На фотографии наши ребята – Егор, Елизар, Дархан и Амина – в сопровождении заместительницы директора РНПЦ «Дарын» Айгуль Каркуловой и методистом центра Гульсары Мукаш в посольстве Казахстана, вместе с секретарём посла РК в Бразилии Алиёй Каирлиевой и Даной Оспановой, волонтёром и почётным членом команды KazLing.

Пожелаем нашей команде удачи 💛✨

#iol2024


Құрметті достар!
Қазір Бразилиа қаласында XXI Халықаралық лингвистикалық олимпиаданың ашылу салтанаты басталуда! 🇧🇷

Трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/live/CxyIWeyxr98?feature=share


Дорогие друзья!
Сейчас в городе Бразилиа начинается церемония открытия XXI Международной олимпиады по лингвистике! 🇧🇷

Ссылка на трансляцию: https://youtube.com/live/CxyIWeyxr98?feature=share


Всем привет! 

Сегодня хотелось бы рассказать о таком интересном явлении, как искусственные языки. Казахский и русский, на которых мы с вами разговариваем — естественные языки, которые долгие годы формировались и изменялись, чтобы прийти к известному нам виду. К искусственным же относятся языки, созданные человеком с разными целями.

Одним из наиболее известных языков этой группы можно назвать эсперанто. Его в конце XIX века представил Лазарь Заменгоф в своей книге «Международный язык. Предисловие и полный учебник». Название язык получил от псевдонима, который взял себе лингвист — доктор Эсперанто, в переводе — «доктор Надеющийся». Идеей автора было создать универсальный язык, на котором все смогли бы общаться благодаря его простоте.

Невозможно не упомянуть легендарного писателя и лингвиста — Дж. Р. Р. Толкина. Еще в детстве он со своими приятелями создавал языки, чтобы общаться друг с другом, и со временем страсть к этому только усилилась. В трилогии «Властелин колец» Толкин показал квенья и синдарин — языки эльфов. Они отражают их мировоззрение и создают особую атмосферу при прочтении книг. 

Самым развитым искусственным языком в поп-культуре наверняка является клингонский. Это язык из вселенной научно-фантастического сериала «Звёздный путь», на котором разговаривает раса клингонов. Создан он был по заказу Марком Окрандом и продолжает жить по сей день. В США существует «Институт клингонского языка», в Интернете даже есть статьи Википедии, написанные на клингонском.

А о каких искусственных языках знаете вы?


Баршаңызға сәлем!

Бүгін біз жасанды тілдер сияқты қызықты құбылыс туралы айтқымыз келеді. Біз сіздермен сөйлесетін қазақ және орыс тілдері ұзақ жылдар бойы қалыптасып, бізге таныс түрге келген табиғи тілдер. Жасанды тілдерге адамдар әр түрлі мақсатта жасаған тілдер жатады.

Бұл топтың ең танымал мысалы ретінде эсперанто тілін атауға болады. Оны XIX ғасырдың аяғында Лазарь Заменгоф өзінің «Халықаралық тіл. Алғы сөз және толық оқулық» кітабында ұсынған. Тіл өз атауын лингвисттің өз лақап атынан алды — «доктор Эсперанто», аударғанда «доктор Үміттенуші». Автордың идеясы — кез келген адам сөйлесе алатын қарапайым әрі әмбебап тіл жасау болды.

Аты аңызға айналған жазушы және лингвист — Дж. Р. Р. Толкиенді айтпай кету мүмкін емес. Балалық шағында ол достарымен бірге бір-бірімен сөйлесу үшін тілдер ойлап табумен айналысатын, ал уақыт өте келе оған деген құштарлығы күшейе түсті. «Сақиналар әміршісі» трилогиясында Толкиен квенья және синдарин — эльф тілдерін көрсетті. Бұл тілдер олардың дүниетанымын көрсетіп, кітап оқу барысында ерекше ахуал тудырады.

Поп-мәдениеттегі ең жетілдірілген жасанды тіл клингон тілі екені сөзсіз. Бұл «Жұлдызды жол» ғылыми-фантастикалық хикаясының әлемінде клингон нәсілі сөйлейтін тіл. Ол Марк Окрандтың тапсырысы бойынша жасалған және осы күнге дейін өмір сүріп келеді. АҚШ-та «Клингон тілі институты» бар, ал Интернетте тіпті клингон тілінде жазылған Уикипедия мақалалары да бар.

Ал сіздер қандай жасанды тілдер туралы білесіздер?


Құрметті достар! ✨
Үзілісімізден оралып, сіздерге Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға қатысатын ұлттық құрамамызды таныстырғымыз келеді:

1) Егор Глухих, СҚО
2) Әмина Ғалымжанқызы, Жамбыл облысы
3) Елизар Есенкулов, Алматы қ. РФММ
4) Дархан Поезканов, НЗМ ДББҰ



Дорогие друзья! ✨
Мы возвращаемся с нашего перерыва и хотим представить вам нашу национальную сборную, которая будет участвовать на Международной лингвистической олимпиаде:

1) Егор Глухих, СКО
2) Әмина Ғалымжанқызы, Жамбылская область
3) Елизар Есенкулов, РФМШ г. Алматы
4) Дархан Поезканов, АОО НИШ


Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар!

Осы аптада Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасының қорытындысы жарияланғанын хабарлауға асығамыз. Қазақстан құрамасы күміс және қола медальдарға, әрі алты құрмет хатқа ие болып, үздік нәтижемен дебютке шықты!

🥈 Глухих Егор
🥉 Ким Кирилл
🌟 Ғалымжанқызы Амина
🌟 Есенкулов Елизар
🌟 Поезканов Дархан
🌟 Әбдікеш Мирас
🌟 Алексанова Ангелина
🌟 Бутантаев Рамазан

Нәтижелердің толық нұсқасын мына сілтемеден табуға болады: https://aplo.asia/results/aplo-2024-results/

Здравствуйте, дорогие читатели!

Спешим вам сообщить, что на этой неделе были оглашены результаты Азиатско-тихоокеанской олимпиады по лингвистике. Сборная Казахстана дебютировала с отличным результатом, завоевав серебряную и бронзовую медали, а также шесть почётных грамот!

🥈 Глухих Егор
🥉 Ким Кирилл
🌟 Ғалымжанқызы Амина
🌟 Есенкулов Елизар
🌟 Поезканов Дархан
🌟 Әбдікеш Мирас
🌟 Алексанова Ангелина
🌟 Бутантаев Рамазан

С полной версией результатов можно ознакомиться по данной ссылке: https://aplo.asia/results/aplo-2024-results/

#aplo #олимпиада


Сәлеметсіздер ме, құрметті достар!

Осы бейсенбі республикалық резервтің жиындары басталған! Оқушылар ертең, 7 сәуір күні өтетін және Халықаралық олимпиадаға іріктеу қызметін атқаратын АТЛО-ға ынтамен дайындалып жатыр. Балаларға сәттілік тілейік! 🔥🏅

Здравствуйте, дорогие друзья!

Уже в четверг начались сборы республиканского резерва по лингвистике! Ребята усердно готовятся к АТОЛ, которая пройдёт завтра, 7 апреля, и станет отборочной на Международную олимпиаду. Пожелаем ребятам удачи! 🔥🏅


Біз соңғы есептің шешімімен оралдық! Қатты оңай болған жоқ па, достар? ⚗

Мы вернулись с решением последней задачи! Не было ли слишком легко, друзья? ⚗

#есептер #задачи




1. Кенесары көшесі мен Республика даңғылының қиылысы, Астана. Изафет!
2. Нан-е ноходчи (نان نخودچی — «ноқат наны») – парсының дәстүрлі ноқат піспенаны. Ирандықтардың Наурыз кезінде дайындайтын «Жеті тәттісінің» бірі.

1. Перекрёсток улицы Кенесары и проспекта Республики, Астана. Изафет!
2. Нан-е ноходчи (نان نخودچی — “нутовый хлеб”) – традиционное персидское печенье из нута. Является одной из “Семи сладостей,” которые иранцы готовят на Наурыз.


اضافه‎ 🌱
В некоторых азиатских языках есть особенная грамматическая конструкция, называемая изафетом. Изафет (от перс. اضافه‎ ezāfe — “дополнительный”) представляет собой сочетание существительных, при котором одно определяет другое, при этом зачастую не склоняясь по родительному падежу.

Как это проявляется?

В русском языке, например, “день,” который определяется существительным “весна,” мы бы представили так:

день весн-ы

Слово “весна” у нас весьма наглядно в родительном падеже. Но дела обстоят иначе во многих иранских, тюрских (конечно, включая казахский!) и многих других языках, как например, албанский или некоторые финно-угорские языки.

К определяемому слову (“день”) у нас может прибавиться притяжательное окончание 3-го лица, а определитель вовсе не меняется. В итоге мы получаем не “день весны,” а скорее “весна день-её.” Однако, важно отметить, что изафет — наша конструкция — может выражаться по-разному в разных языках, в каждом со своей спецификой.

Так получилось, что изафет распространён в тех языках, носители которого встречают сегодня новый год.

Поздравляем вас с Наурызом, дорогие друзья! 🌸💛




Қайырлы кеш, құрметті достар!

Кеш жайлы айтатын болсақ, бүгінгі күннің ерекшелігі туралы естіген шығарсыздар: кібісе күн ғана болмай, биылғы ақпанның 29-ы еліміздің көбі үшін тұңғыш 25 сағаттық тәулік болуы мүмкін! 🕰

Қазіргі UTC+6 сағаттық белдеуіндегі өңірлердің UTC+5-ке ауысуы бір есепті естерімізге түсірді. Айта кетейік, 10–17 ақпан аралығында лингвистикадан ұлттық резервінің оқу-жаттығу жиындары өткен! Он екі қатысушысы күн сайын лингвистиканың қызық бөлімдеріне үйреніп есеп шығаруға жаттыққан. Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары шешкен есепті шығарып көргілеріңіз келмейді ме? ⚡️

Добрый вечер, дорогие друзья!

Кстати о вечере, наверное многие знают про особенность сегодняшнего дня: это не просто високосный день — 29 февраля этого года может стать первыми 25-часовыми сутками для большей части нашей страны! 🕰

Смена часового пояса в регионах с UTC+6 на UTC+5 напомнила нам одну задачу. Как вы помните, 10–17 февраля прошли учебно-тренировочные сборы национального резерва по лингвистике! 12 участников сборов каждый день изучали интересные разделы лингвистики и упражнялись в решении задач. Не хотите ли попробовать решить задачу, над которой сидели победители Республиканской олимпиады? ⚡️

#есептер #задачи


Қымбатты достар, бүгін — Халықаралық ана тілі күні!

Ана тілі — біздің өзін-өзі анықтауымыздың және мәдениетіміз бен қоғамымызбен байланысымыздың негіздерінің бірі. Тілдік алуантүрлігін тойлайық!

Сегодня, дорогие друзья, Международный день родного языка!

Родной язык – одна из основ нашего самоопределения и связи с нашими культурой и обществом. Давайте отметим наше языковое разнообразие!

Халықаралық ана тілі күні құтты болсын!
С Международным днём родного языка!
Xalqaro ona tili kuni bilan tabriklaymiz!
З Міжнародним днем рідної мови!
خەلقئارا ئانا تىل كۈنىگە مۇبارەك بولسۇن!
Alles Gute zum Internationalen Tag der Muttersprache!
Халыкара туган тел көне белән котлыйбыз!
Beynəlxalq Ana Dili Gününüz mübarək!
국제 모국어의 날을 축하합니다!
Uluslararası Anadili Günü kutlu olsun!

20 last posts shown.