🇰🇿Құрметті әріптестер, оқырмандар мен KazService мүшелері!
Сіздерді еліміздің ең қастерлі әрі басты мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – бұл ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы мен асыл мұраты. Осы қасиетті мұраны сақтап, бүгінгі таңда өз саяси, экономикалық және әлеуметтік даму жолын анықтаған елде өмір сүру – бізге бұйырған үлкен бақ. Бұл – біздің жауапкершілігіміз әрі бақытты тағдырымыз.
Әрқайсыңыздың еңбектеріңіз, жүзеге асырып жатқан жобаларыңыз бен бизнестеріңіз еліміздің экономикасын нығайтып, өркендеуіне үлес қосуда. Экономикалық дамуымыздың нығаюы тәуелсіздігіміздің берік болуының кепілі екені сөзсіз. Сондықтан барлығымыз бір мақсатта – осы тәуелсіздігімізді сақтау мен нығайту жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.
Бұл – бізге ата-бабамыздан мирас етіп қалдырылған асыл аманат. Біз оны келер ұрпаққа мәдениеті мен экономикасы дамыған, әлемдік деңгейдегі қуатты мемлекет ретінде табыстауға тиіспіз. Мен бұл мақсатқа жететінімізге сенімдімін!
Баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін. Әрдайым мерекеден мерекеге жетіп, еліміз өркендей берсін! Қазақстанымыз жасай берсін!
Ізгі ниетпен,
KazService Төралқа төрағасы
Рашид Жақсылықов
KazService