АЙНАЛАЙЫН, Әйтеке атаңның мінез жайында мына бір нақытын жадыңа ұсташы.
«...Ақыл мен мінез — бірге туған егіз. Ақыл — тамыр, мінез — жапырақ. Жаман мінез — ақылсызға берген Жаратқанның жазасы. Дән піскенде сабағы төмен иілер, жаман адамға жат бітсе, мұрнын көкке шүйірер. Жақсы адамның серігі, әмәндә, ақыл, қанағат, әдеп, төзім, сабыр, үміт, бірлік, татулық. Ер жігітке төзім — тірек, сабыр — қамат, ақыл — әл—ауқат, бата — мұра, әдеп — сән, ақиқат — ем, үміт — көңіл азығы. Осыны білмегенді үлкендер жүгенсіз дейді. Жүгенсіз кісіден, жетекке ерген хайуан артық...».
Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."
АЙНАЛАЙЫН, қонақтың да арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қызғыма қонақ деген төрт түрі болады.
Арнайы қонағың — алыстан ат терлетіп келген жақын туыс, нағашы, жиен, құда, жекжат, сыйласқан дос—жолдастарың.
Бұл — нағыз сыйлы қонағың.
Құдайы қонағың — өзің танымайтын, білмейтін алыс шалғайдан жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалғандар.
Бұл — нағыз сауап қонағың.
Қыдырма қонағың — ерігіп, үй—үйді, ауыл—ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма.
Бұл — нағыз далбаса қонағың.
Қылғыма қонағың — кімнің түтіні түзу ұшса, соның үйін торып, ас піскенде пайда болатын, қарны тойған соң басы ауған жаққа лаға беретін көлденең көк атты.
Бұл — нағыз сұғанақ қонағың.
Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."
Шаңырақтың тұтқасы қашан да үйдің отағасы. Сыртқы шаруа, алуан міндет, ауыр жүк әрдайым соған түседі. Азаматың арты, өз ортасында сыйлы, арзанды көріп азбайтын, қызылды көріп тозбайтын дәтіне берік, мінезі ұстамды, жігері мұқалмас төзімді болып келсе, жанып тұрған бағың.
Жұбайың — сол отаудың бүтіншісі, барыңды баптайтын, жоғыңды сатпайтын, пейілі кең, жаны жайсаң, ағайын—тумаға мейірімді келсе, шамшырағың.
Мұндай тату да келісті жанұялы жұп қартая келе бірі — әкесі, екіншісі — шешесі іспетті болып кететін көрінеді.
Ал, еріңнің жапырып іс істер қайраты жоқ, өзіндік тұрақты пікірі кем, босмойын, мінезі шырт етпе, көңілі түссе азаншып, қарны ашса қазаншыл біреу болса — ғұмырлық азабың.
Әйелің — ерні жыбырлап аузы толған сөз, салдыр—салақ, ұстағаны күлді—кемеш, тұтқаны жыртық—жырым, оңбайтын олақ, етегінің бір ұшын ышкырына қыстырып алып, ертеңді—кеш айналасын өсекпен өртеп жүрсе — өмірлік тозағың.