10. «Әәдәб ән-нуфус»
(Шайтанның айлалары мен тақуалық мәселелерін қамтыған кітапша)
Шайтан тек жаман амалдармен емес, сол секілді кейде жақсы деп білген амалдармен де азғырады. Көптеген адамдар өз ойынша жақсы амал жасап жүрмін деп ойлайды. Бірақ шынтуайтында ол өте жаман амалдармен өз-өзін алдап шұғылданып жүр. Білімсіздік себепті адамдар жақсы мен жаманды айыра алмай қалды.
Адам өзінің кемшіліктеріне келгенде ештеңені байқамайтын құдды бір аңғал боп қалады.
Ал басқаның кемшіліктерін түгендегенде алдына жан салмайтын байқампаз боп шыға келеді. Өзіне үзір іздейді. Басқаға үзір іздемейді. Өзіңнің қателіктеріңді ұмытып, басқаның қателіктерін тінтіп жүру – бұл да шайтанның үлкен бір айласы.
Тәубенің бір шарты өкіну деп жатамыз. Алайда көп адам өкіндім, бірақ қайта күнә жасап қоямын дейді. Егер сен шынымен-де қатты өкінсең, күнәні қайталамас едің.
Өзіңді сынап, өзіңді мейлінше қыспаққа алмайыңша өзіңнің кім екеніңді біле алмайсың. Саған біреу қаттылықпен сөйлесе, өзіңнің қарапайымдылығыңды сынап көр. Бұл жағдайда мен не істеймін деп ойлан. Сынақ келгенде сабырлығыңды сына. Мына сынақтарға лайықты түрде сабыр еттім бе деп ойлан. Адамдар жаппай өтірік айтып жүргенде, шыншылдығыңды сына. Мен осы жағдайда ақиқат айтар ма едім деп ойлан.
Шәһуатпен бетпе-бет келгенде күнәға қарсы тұра ала ма екен деп нәпсіңді сына. Дәл сол секілді өміріңнің әр кезеңінде өзіңнің қандай амал жасайтыныңды ойланып, нәпсіңді сынап көр. Ақылың нәпсіні басқара ма, нәпсің ақылыңды басқара ма ойлан.