SADAQ


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Books


📌Қоғамдық-саяси жаңалықтар платформасы
https://sadaqmedia.kz
💡 Бейімбет Майлиннің «Ғалия» медресесінде (Уфа) шығарған «Садақ» қолжазба журналының реинкарнациясы.
📘Қазақ және әлем авторларының кiтаптары қосымша жүктеледі.
📍Жарнама: 87001117705

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Books
Statistics
Posts filter


💼💼Рустам Баялиев ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.


💼Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.


Бір маймыл Шри-Ланканың 22 млн тұрғынын жарықсыз қалдырды

Шри-Ланка астанасы Коломбоның оңтүстігінде қосалқы станцияда маймыл тоққа түсіп өлген. Тұйықталу салдарынан елдегі электрмен қамтамасыз ету жүйесінде ақау пайда болды.

🔴Бүгін жергілікті уақыт бойынша таңертең сағат 11-де өткен брифингте энергетика министрі Кумар Джайакоди елдегі блэкауттың себебін осылай түсіндірді.

BBC-дің хабарлауынша, оқыс оқиғадан кейін аралда электр беруді қалпына келтіру күні бойы жүргізілген. Ең алдымен медициналық мекемелер мен су тазарту станцияларына ток берілген.


Түн ортасында тасжолдан 11 айлық сәби табылды

Мәскеу маңындағы Старориазанское тасжолындағы сәбиді Баха есімді көлік жүргізушісі байқап қалған. Бастапқыда баланы мысық немесе ит деп ойлап қалған жүргізуші оны айналып өтпек болады. Алайда сол мезетте оның кішкентай сәби екенін түсініп, жүрегі тоқтап қала жаздайды.

"Ер адам дереу тоқтап, бір қабат көйлекпен суықтан көгеріп кеткен баланы дереу көлігіне мінгізіп, көрпеге орап, барынша жылытқышты қосқан соң, полиция шақыртқан. Ең қорқыныштысы, баланы тасжолдан көтеріп алғанда артынша бірнеше жүк көлігі тасжол бойымен ызғытып өткен. Олардың нәрестені байқамай басып өтуі әбден мүмкін еді", - делінген хабарламада.

Толығырақ


Зеленский Путинмен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты

Украина президенті бейбітшілік әкелудің жалғыз жолы осы болса, келіссөздер үстеліне отыруға дайынмын, дейді. Дегенмен ол Путинді бәрібір де жау санайтынын жеткізді.

Сондай-ақ ол енді Украина барлық аумақтарын қайтара алмайтынын және "нәтижесі белгісіз мақсат үшін миллиондаған адамды жоғалта алмайтынын" мәлімдеді.


Трамп Газа секторын бақылауға алып, палестиналықтарды түгел көшіруді ұсынды

АҚШ палестиналықтарды Иордания, Мысыр сияқты елдерге түгелдей көшіруге дайын. Мұны президент Дональд Трамп Ақ үйде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуде мәлімдеді.

Трамптың ойынша, Газа Американың қол астына өтсе, онда экономикалық гүлденуге және мыңдаған жұмыс орнын ашуға жол ашылады. Тағы бір сөзінде Газаны «Таяу Шығыстың Ривьерасына» айналдыруға уәде берді.


Елімізде электр дабылдар іске қосылады

Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру үшін 6 ақпанда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары іске қосылады.

🔴Төтеншеліктер тұрғындарға үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауға шақырады.

ТЖМ хабарлауынша, 6-7 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынына қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірінші кезеңі өткізіледі.

📍Екі күнге созылатын профилактикалық іс-шаралар Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында ұйымдастырылады.


❗️Израиль армиясы Дженин босқындар лагерінде 20 ғимаратты жарды

Мұны палестиналық ақпарат агенттігі хабарлап отыр. Дүмпуден бір госпиталь зақымданды. Алайда құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Дженин 1948 жылы Израиль мемлекеті құрылғаннан кейін басталған соғыс кезінде мыңдаған палестиналыққа пана болды. Қазір онда сол босқындардың ұрпақтары өмір сүріп жатыр.


❄️Алдағы күндері минус 30 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш күнде батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде атмосфералық ағындардың ықпалымен қар жауып, боран соғады.

Ал
батыс аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болуы ықтимал.
Оңтүстікте күн ашық, ауа температурасы қолайлы болады.
Жалпы ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.

Түнде ауа температурасы төмендейді, батыста 8-13°C суық, солтүстікте, орталықта 13-21°C-қа дейін аяз, ал шығыста 15-30°C дейін қатты аяз болады.


Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде Күләш Байсейітованың есімі берілді

Оқу орнын қайта атау туралы шешімді президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, бұл туралы өткен жылы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде жариялаған болатын.

Мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін, оқу орнына «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» атауы ресми түрде берілді. Бұл маңызды оқиға Күләш Байсейітованың ұлттық мәдениет пен қазақ өнеріне қосқан зор үлесін айшықтап, оның мол мұрасын жас ұрпаққа дәріптеудің айқын көрінісі болды, – делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.


Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысатын болды

Бұл туралы президент Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуінде айтты.

- Осы мүмкіндікті пайдаланып, Ресей Федерациясының президенті Владимир Владимирович Путинге сәлемімді жеткізгім келеді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын тойлау барысында кездесеміз деп үміттенемін. Мен шақыруды қабылдадым. Біз елде сол күндері шаралар жоспарлап қойғанбыз. Бірақ ол шараларды 7-8 мамыр күндері өткізіп үлгереміз деп ойлаймын. Сол шараларды өткізе сала Мәскеуге ұшып кетемін, деді президент.


❗️ Вашингтондағы өзеннен 18 адамның мәйіті шығарылды, олар жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақтың соқтығысуы салдарынан қаза тапқан. Бұл туралы CBS телеарнасы полицияға сілтеме жасап хабарлады.

🚁 Вашингтон маңында жолаушылар ұшағымен соқтығысқан әскери тікұшақ АҚШ астанасынан 40 км қашықтықтағы базаға бет алған, деп мәлімдеді Пентагон.


📉 1 ақпаннан бастап сұйытылған газ бағасы өседі

Энергетика министрлігі ел аумағындағы автогаз құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітті.


🗣СІМ АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады

АҚШ-та жүрген 369 қазақстандық азаматтың ұсталып, депортацияланатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев хабарлады.

Дегенмен, вице-министр Америкаға заңсыз жүргендерге өз еркімен шығуы туралы ескертілгенін айтты. Ал бұл мүмкіндікті пайдаланбайтындар үшін мәжбүрлеп депортациялау тетігі қолданылуы мүмкін.

Ал мәжбүрлі түрде шығарылғандарға болашақта Америкаға сапарлауы қиынға соқпақ.


🛩Вашингтонда шағын ұшақ өзенге құлады

АҚШ астанасы Вашинтонда Потомак өзеніне шағын ұшақ құлады.
Ұшақ апаты Ақ үй мен Капитолийден 4 шақырым жердегі Рональд Рейган атындағы әуежайдың маңында болған.

Әуе көлігі қонуға бет алған кезде тікұшақпен соғысып қалды.

Sikorsky U-60 әскери тікұшағының бортында үш адам болған.

Қазір катерлер мен тікұшақтар оқиға орнында құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады.

American Airlines әуе компаниясының мәліметінше, құлаған ұшақ бортында кемінде 60 жолаушы болған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.


🔸Президент қазіргі таңдағы мәселелерді атады


🔹
Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналды. Бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін.

🔹
Климатқа байланысты ұстанымдар да үлкен өзгеріске ұшырайтын болды. Мұндай жағдайда «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауға тура келеді. Бір жағынан, дәстүрлі қуат көздеріне деген сұраныс сақталады. Екінші жағынан, бұл мұнай, газ және көмір бағасының тұрақсыздығына әкеп соқтырады.

🔹
Қаржы саласында криптовалюталар мен басқа да цифрлық активтер кеңінен қолданыла бастады. Жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты, соған байланысты технологиясы дамыған алып елдер арасында бәсеке қыза түспек. Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керек.

🔺Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.


⚡ Черчесов Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы қызметінен түгел кетеді. Ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің кандидатурасы қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын 2024 жылдың маусым айынан бастап басқарды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 кездесу өткіздіү

Бұған дейін, Станислав Черчесов бірнеше рет қазақ тіліне қатысты дауға қалған еді. Тіпті қазақ тілінде сауал қойған журналисті келемеждегені үшін 738 мың теңге айыппұл арқалаған.


Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 45,8 млрд долларға жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады.

⏺Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің былтыр жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытынды есебі мен 2025 жылға арналған монетарлық реттеу жоспарын баяндады.


🔂2024 жылдың қорытындысы бойынша инфляция Ұлттық банктің болжаған шегінде қалыптасқан, яғни 8,6% пайызды құраған.

🔂Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 45,8 миллиард долларға жетіп, 27,4 пайызға ұлғайған.

❗️Мемлекет басшысы инфляцияны тежеп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен Үкімет макроэкономикалық саясатты үйлесімді жүргізуі қажет екенін атап өтіп, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.


🎄Семейдегі мұғалімнің ісі: қала әкімінің орынбасары күдікті деп танылды

Қалалық шыршаны безендіріп жатқанда жарақат алған мұғалімнің ісі бойынша қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев күдікті деп танылды. Шенеунікке қатысты тергеу 27 желтоқсанда басталған.

Жалпы шыршаны безендіруге барлығы 5 адам шыққан. Оларды осы жұмысқа заңсыз тартқан мектеп директорларына сөгіс жарияланды. Ал білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.


«Атырауда қарт әжейді мысықтар жеп қойды»: Полиция мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде Атырауда жалғыз басты егде жастағы әйелді пәтерінде өзінің мысықтары жеп қойған деген ақпарат тарады.

Бейнежазбада Атырауда қарт, жалғызбасты әйелдің өзінің пәтерінде қайтыс болып, оның денесін мысықтар жей бастағаны айтылған. Алайда...

20 last posts shown.