🌷8 наурыз қарсаңында #күшбірлікте айдарында біз сіздерді ер азаматқа тән мамандықты батыл игеріп жүрген нәзік жандармен таныстырамыз. Бүгінде олар кәсібилігімен және өз ісіне адалдығымен көпке үлгі болып, еліміздің мұнай-газ химиясы саласының дамуына елеулі үлес қосып жүр.Инженер мамандығын әдетте ер азаматтарға тән деп есептейміз, бірақ Ляйля Исаева мамандықта ең бастысы – стереотип емес, кәсібилік, талдамдық ой және өз күшіне деген сенімділік екенін дәлелдеді. Ляйля Биномқызы ер азаматтар көп ұжымда өзін жайлы сезінеді, себебі ол эмоциядан гөрі нақтылыққа басымдық береді.
Бала кезден нақты ғылымдарға қызығушылық танытқан Ляйля Биномқызының таңдауы техникалық мамандыққа түседі. Осылайша өз мансабын инженерия және мұнай-газ саласымен тығыз байланыстырып, еліміздегі ауқымды жобаларға үлес қосып келеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (ККТ) компанияларында еңбек еткен жылдары тарифтік саясат, SAP R3 жүйесін енгізумен қатар, мұнайды есепке алу мен теңгерімдеудің автоматтандырылған жүйесін әзірлеумен айналысты. Енгізген жаңашылдығы мен адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
Қазір Ляйля Биномқызы KMG PetroChem компаниясында жетекші инженер лауазымында Магистраль құбырлары жобасын жүзеге асыруға ат салысуда. «Атырау облысында бірыңғай дәлізде магистраль құбырларды (этан, пропан) салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қосқан үлесі зор.
Өз кәсібінің нағыз маманы үшін ер азаматтар басым ұжымда жұмыс істеу – бұл жобаның мақсатын айқын түсіну, мүдделі тараптармен сындарлы байланыс орната білу. Кейіпкеріміз қисынды тұжырымдары мен есеп-қисапқа жүйріктігінің арқасында баға жетпес әріптес ретінде сыйлы және мұнай-газ химиясы саласындағы өзге де қыз-келіншектерге үлгі.
🔹
🌷
В преддверии 8 марта в рубрике #Силавкоманде мы хотим познакомить вас с женщинами, которые смело выбирают профессии, считающиеся нетипичными для дам. Сегодня они вносят значимый вклад в развитие нефтегазохимической отрасли страны, вдохновляя своим профессионализмом и преданностью делу.Инженерная профессия традиционно считается мужской, но Ляйля Исаева доказала, что главное — не стереотипы, а профессионализм, аналитический ум и уверенность в своих силах. Она признаётся, что работа в мужском коллективе для неё естественна и комфортна, ведь с детства ей было легко общаться с мальчишками. Со временем это помогло ей без труда находить общий язык в профессиональной среде. Формат взаимодействия с коллегами-мужчинами полностью соответствует её профессиональному стилю: минимум эмоций, максимум конкретики и чёткости в решении задач.
С детства она тянулась к точным наукам. А потому в будущем выбор профессии был очевиден: юриспруденция или механико-математический факультет. Ляйля выбрала стать техническим специалистом, и с тех пор ее карьера неразрывно связана с инженерией и нефтегазовой отраслью, где она продолжает развивать профессиональные навыки и вносить вклад в масштабные проекты.
С 1997 года она работала в АО «КазТрансОйл» и ТОО «Казахстанско-Китайский Трубопровод» (ККТ), где занималась тарифной политикой, внедрением SAP R3 и автоматизированной системы учеты и баланса нефти. Ее заслуги были отмечены Благодарностью Президента РК.
Сегодня Ляйля Биномовна работает в KMG PetroChem ведущим инженером по проекту МТ. Внесла большой вклад в финансово-экономические и технические разделы при подготовке и разработке ТЭО проекта «Строительство магистральных трубопроводов (этан, пропан) в едином коридоре в Атырауской области». Несмотря на то, что коллектив преимущественно мужской, как профессионал она чувствует себя уверенно. Для Ляйли Биномовны работать в команде — это видеть и понимать единую цель проекта, обеспечивая конструктивную коммуникацию как внутри команды, так и с заинтересованными сторонами. Ее системное мышление, логика и нестандартный подход к решению задач делают ее важной частью команды и вдохновляют других женщин идти в нефтегазохимию.
💧
KMG PetroChem