🇰🇿🇰🇷
«ҚАЭС» ЖШС кореялық Korea Hydro and Nuclear Power Co (KHNP) компаниясының делегациясымен кездесті. Онда қос тарап Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Кездесуге ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері де қатысты«ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасының қазіргі жағдайы туралы өзекті ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, бас директор аталған маңызы бар жобаны іске асыруда халықаралық серіктестіктің маңыздылығын ерекше атап өтті📝
Кездесу барысында тараптар жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері мен мерзімдерін және қаржыландыру мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мүмкіндіктерін ортаға салды. Сондай-ақ, 2025 жылы Корея тарапы жоспарлап отырған алдағы уақытта өтетін іс-шараларға Қазақстан тарапының қатысуы да сөз болды⚛️
KHNP Шетелдік бизнесті дамыту департаментінің вице-президенті Сын Ёль ЛИМ мырза Қазақстан тарапына жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, Қазақстан өкілдерін Оңтүстік Кореядағы атом саласы нысандарына баруға шақырды. Бұл өз кезегінде, отандық мамандарға атом саласындағы белді кореялық сарапшылардың тәжірибесі сондай-ақ жетістіктерімен танысуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді👏
ҚР Энергетика министрлігінің атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова KHNP өкілдеріне сапар үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да өзара әрекеттестікті және тәжірибе алмасуды жалғастырудың маңызы зор екенін атап өтті📝
@knpp