Posts filter


«тән көмілер, көмілмес еткен ісім.»






Forward from: MargulanQ
Құлдар азаттық, тәуелсіздік, егемендік деген сөздерді қайталай береді.


Қуан дейдi, тойла дейдi ол маған,
Жоқ сияқты түк қайғым.
Алматыңыз толған думан, толған ән,
Бұл не дырду – ұқпаймын.
Қуан дейдi, тойла дейдi жұртқа ұсап,
Күнә дейдi жырламау.
Менiң жаным қырық жамау, қырық пышақ,
Оны бiлер кiм бар-ау?!
Оңашаны ұнатам,
Дариғашыл дарақылау ғасырда.
Қазақстан емес шығар мына Отан,
Қазақ емес шығармын мен, расында.
Бiрге күлiп сендермен,
Ода жазсам қайтер едi олла деп.
Бұрылғым-ақ келгенмен,
Бiр қырсық бар, жiбермейдi сол нәлет.
Нәлет бiздiң жүрiске.

Е.Раушанов.


«Аяғыма қараймын – шідерім жоқ,
Неге қақсай береді жіліншігім?»

Е.Раушанов.




ешкімге ештеңені міндеттемеуді үйреніңдерші, адамдар.

түптеп келгенде, ешкім ешкімге ештеңе міндетті емес, ешкім ешкімге ештеңе түсіндіруге, ақталуға, өз жайын паш етуге, сезінген сезімдері үшін кінәлі болуға, сенің жайыңды ұғынуға, сен күткен үміт пен сенімді ақтауға МІНДЕТТІ ЕМЕС.

осыны қабылдап үйренгенде ғана, өмір изи болады:(


он күннен кейін сессия, қарақтарым.

емтиханның алдында оқитын дұғаларыңды жаттауды бастай беріңдер.


құрбым бүгін Мағауиннің «сары қазақ» романын сыйлады🦦.

бақытқа осыдан артық не керек?


музыкалық талғам дегенің бәрібір де өте маңызды, екінші жартым Аршаттың әндерін тыңдамаса онша емес қой, иә?




«Өз жаныңызды танымаған сіз басқаның жанын қалай сүйесіз?»


«Адал махаббат – қоғам тудырған миф. Адал махаббат – махаббаттың өзі емес, таза махаббат идеясы ғана.»


«Дүниені ежелден жалғыздық билеген. Құлазыған жалғыздық. Адамзат осы жалғыздықтан қашудың пәленбай амалын тапқан болды, қатынастың неше түрін қалыптастырды. Бірақ тұлдыр жалғыздықтан қашқан адамдардың арасында шын достық, яки шын махаббат болуы мүмкін емес, себебі, шын қатынас мұқтаждықтан туындамайды. Ақырында өз рухын таныған, Құдайдың дидарын көрген адамның бойын телегей шаттық кернейді. Міне, осы кезде ол жауынға жүкті бұлттың күйін кешеді. Бұлт жауын төккенде, ол жерге, жерден жарып шыққан көкке керек пе, жоқ па, білмейді, ол тек бойын босату керек. Асып-төгілген шаттық — ең ауыр салмақ. Қасірет пен қайғыны жалғыз жүріп көтеруге болады. Бірақ шаттықты бөліспек керек. Міне, шын махаббат мұқтаждықтан емес – өзіңнен артылғандықтан, асып-төгілгендіктен.»


«Бір-біріңізді сүйіңіз, бірақ махаббатты кісенге айналдырмаңыз. Махаббат ықылас, талаппен келмесін, адамдардың бір-біріне өз еркімен берген сыйы болсын. Иманның бір аты – әділет. Махаббатты таныған адам әділетті де біледі. Шын сүйсең – бостандық бер.»


«Өзіңнен ештеңе бермей, ештеңе бөліспей басқаның барын сұрау – ынтызарлық, махаббаттың ең төменгі сатысы; өзіңнің барыңды беріп, ақысына ештеңе сұрамау – мейірім, махаббаттың ең биік шыңы. Руханияттың шыңына шыққан адам ғана бойындағы барын береді. Өтеуіне ештеңе сұрамайды.
Ынтызар да, сүйген де – екеуі де бір сатыда, бір баспалдақта тұруы мүмкін, мәселе кімнің қай бағытта кетіп бара жатқанында. Сүйген адам жоғары қарап, жоғары өрлейді. Оның сезімі махаббатқа, мейірімге айналған. Ынтызар адам төмен кетіп барады, онда мейірім жайлы ешқандай түсінік жоқ – тек қана мақсат бар. Рахатқа жету керек, жеңу керек, алу керек.»


биыл қыс кешікті.




🙌🏻

20 last posts shown.