102. Олар Сүлейменнің патшалығына қарсы шыққан шайтандардың (Сүлеймен пайғамбардың жын-шайтандарды, құстарды көптеген істерде қолдануын сиқырға балаған) сөзіне ерді. Негізі, (сиқырдың үлкен күнә екенін білетін) Сүлеймен (сиқырмен айналысып) күпірлік еткен жоқ, керісінше, шайтандар күпірлік қылды, өйткені олар адамдарға сиқыршылықты және Бабылдағы Һарут пен Мәрут атты екі періштеге түсірілгендерді (яғни, тылсым ілімді) үйрететін еді. Ол екеуі: «Біз тек сынақ ретінде жіберілдік, ендеше (бұл тылсым ілімді теріс пиғылмен қолданып) кәпір болып кетпе», – деп ескертпейінше, ешкімге (тылсым ілімді) үйретпейтін. Алайда шайтандарға ергендер екі періштеден ерлі-зайыптыларды бір-бірінен айырып, ажырататын нәрселерді үйренетін еді. Ақиқатында, олар Алланың қалауынсыз (сиқыр арқылы) бірде-бір жанға зиян келтіре алмайды. Сөйтіп, олар өздеріне пайда бермейтін, керісінше, зиян келтіретін нәрселерді үйренумен болды. Олар сиқырды (Алланың кітабына) айырбастап алғандардың ақиретте (Алланың мейірімінен) нәсіпсіз болатынын жақсы білетін. Олар өздерін қандай жаман нәрсеге сатып жібергенін білсе ғой!
2:102
https://t.me/kuran_karim_kz href='' rel='nofollow'>
2:102
https://t.me/kuran_karim_kz href='' rel='nofollow'>