⚖️Телефон ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды
▪️Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған С.-ның қылмыстық ісі қаралды.
▪️Сотталушы С. көше бойымен келе жатқанында асхана алдында тұрған автокөліктің ашық тұрған терезесінен «Iphon 14» үлгісіндегі ұялы телефонды көріп, оны ұрлау ниетін іске асыру мақсатында автокөлікке заңсыз кіріп, жәбірленуші Б.-ға тиісілі ұялы телефонын жасырын жымқырып, соңғыға 570 000 теңгеге мүліктік зиян келтірген.
▪️ Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
▪️ Сот үкімімен С. ҚР-ның Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3)- тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
🖊Қызылорда қаласының №2 соты
https://t.me/kzlsud