ФАРИЗАМЕН HARMONY КҮНДЕЛІГІ ✨✍🏻


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Psychology


Фариза Төреәлінің Harmony күнделігімен ГАРМОНИЯҒА, АРМАНЫҢЫЗДАҒЫ ӨМІРГЕ қол жеткізіңіз✨

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Psychology
Statistics
Posts filter


«Егер пенде Аллаға шын жүректен тәуекел ете алса, барша әлемнің патшалары оған мұқтаж болар еді».

©️Сулеймән әл-Хаууас (рахимаһулла)


Жүрек кеңейсе, көре алмауды,
өсекті, қызғанышты алып тастасақ…

Ризық та өседі, дұға да қабыл болады, өмір де өзгереді…✨🙌


Өзіңе жасаған үлкен жақсылығың;
Өзін мінсіз санайтын адамдардан алыстағаның

5.5k 0 24 2 191

Мықты болғың келсе -ортаңды өзгерт.
Әлсіздердің арасында бірінші болғаннан - мықтылардың арасынан соңғы болғаның жақсы.

5.4k 0 19 2 206

Омар ибн әл-Хаттаб айтады (Алла разы болсын):

“Бауырыңның сүйіспеншілігіне бөленгің келсе, бірінші болып сәлем бер, жақсы көретін аттарымен ата және өз қасыңнан орын бер”.

5.7k 0 13 2 190

Жақсы істерді әдетке
айналдырыңдар. Жақсылық тек әдетке айналған істерде ғана болады.

Абдулла ибн Масғуд (Алла разы болсын)


Егер екі істің қайсысын істеріңді білмей тұрсаң, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін анықтай алмай жатсаң, нәпсің қаламай тұрғанын істе. Себебі нәпсі адамды ұятқа қалдыратын іске жетелейді.

Имам Шафиғи (Алла рахымына алсын)


ЖАҢА АПТА БАСТАЛҒАНДА ЖАСАЛУ КЕРЕК ӘРЕКЕТТЕР:

- 1 аптаға жоспар құру, жасалу керек маңызды әрекеттерді жазу
- Өткен аптаға есеп беру, жасалмаған істерге фокус қою
- Берекелі апта болуын сұрап дұға ету
- Энергиямызды толтыруға әрекет ету. Көп іс жасау үшін көп уақыт емес көп энергия қажет…


Қайырлы таң! Сенің қолыңнан бәрі келеді. Әлемге өзіңнің жарқын болмысыңды көрсете біл, құрбым✨💌


Ал жауабы✨💌

1. Аю


Сіз биіктіктен қарағанды ұнатасыз. Ең қызығы сізге игі ниетпен жақсы сөздерді жиі айтады. Бірақ сізді көре алмайтындар да жетерлік. Оған көбіне өзіңіз кінәлісіз. Сеебі көбінен асқақ тұрғанды кеуделенгенді әдетке айналдырғансыз. Сондықтан өзіңізді тәрбиелеңіз. Бәрінен биік екеніңізді білсеңіз де, олармен тең сөлесуді үйреніңіз.

2. Көбелек

Таңдауыңыз көбелек болса, сіз болашағы зор адамысыз. Себебі қандай мәселеге де төселуге ыңайлы, позитивті жарқын жансыз.

3. Мысық 

Айтып айтпай не керек. Сіз – жалқаусыз. Сіз үшін аптаның басы аптаның соңына деген сағыныштан басталады. Ұйқыны ұнатасыз. Алайда адамдар сізге жиі бауыр басып қалады. Сондықтан жұмыста не болмаса басқа мекемеде сізге бәрі үне кешіріммен қарап, еркелетіп жүруге тырысады.

4. Тышқан 

Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.

5. Қарға

Сіздің алдыға басуыңызға белгісіз адамдар кедергі келтіруде. Сіз мұны сезесіз. Жұмысыңызда немесе сүйіктіңізбен қатынаста белгілі бір мәселелер бар. Өзіңізге ауа жетпейтіндей әсердесіз. Бірақ қол қусырып отырмаңыз. Мәселенің шешімін іздеген адам табады. Мұндай сәттердің арты үнемі жақсылыққа бастайды

6. Тұлпар

Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. 

7. Дельфин

Сіз өзіңізге өте сенімдісіз. Осы орайда сізге үнемі қолдау көрсетіп жүретін достарыңыз бен жақындарыңыздың алатын орны ерекше. Алдыға қойған мақсатыңызға жету үшін барлығын жасағанды ұнатасыз. Ешкімнің көңілін қалдырғыңыз келмейді. Алайда адамдардың жоспарлары жиі өзгереді. Сондықтан мәселені шешу барысында қызуқандылыққа салына бермеңіз.

10k 0 26 11 185

Психологиялық тест: Сіз таңдаған жануар болмысыңыз туралы не айтады?

Ал таңдаймыз, қыздар✨

8.1k 0 22 81 45

Жұмада хайырлы боларлық ілімге уақытымызды арнауды ұмытпайық❤️✨



9k 0 96 1 55

Лә хаулә уә лә қуууатә иллә билләһ”

Алланың күш-қуатынан асатын ешқандай күш-қуат жоқ


Жұма күні сондай бір уақыт бар.
Дұғалар мүлдем қайтарылмайды.

Жұма мүбәрак болсын…✨


Адамдарға Алладан өзге қамқор болатын ешкім жоқ.

📚Рағыд 13:11


Дұғаның ең үлкен шарты - кәміл сену, күмән қылмау, “запасной план” ойластырмау.

10k 0 34 4 318

Алла сізді сондай бір әдемі жолдармен жүргізсін. Және сол жолда Алладан басқа ешкімге мұқтаждығыңыз қалмасын…

10.2k 0 28 13 382



“Аллаһым, мен түсіндім!
Мен бұл басты саған иген сайын,
Өзіңнен басқа ешкімге идірмейді екенсің”


Ризықтың дәрежелері

• Ең төменгі – мал-мүлік
• Ең жоғары – денсаулық
• Абзал ризық – салиқалы ұрпақ
• Ең кемел ризық – Алланың разылығы

Имам Шағрауи (Алла рахым етсін)

14.1k 0 51 10 434
20 last posts shown.