ТЕЛЕГРАМҒА ЖІБЕРІЛГЕН КІТАПТАРДЫ ҚАЛАЙ ОҚУҒА БОЛАДЫ? 📚
⠀
Бұл маған соңғы күндері инстаграмда ең жиі қойылған сұрақтың бірі 😊 Барлығы аша алмай жатқандарын айтып жатады. Сондықтан жеке пост арнауды жөн көрдім.
⠀
Кітаптарды негізінен ePub немесе PDF нұсқасында жіберіп жүрмін ғой. PDF оңай ашылады, бірақ онымен телефоннан оқу маған қолайсыздық тудырады. Сондықтан салмағы да жеңіл, оқылуы да қолайлы ePub нұсқасын жиі қолданамын. Сіздерге де соны жіберіп жүрмін.
⠀
☘️ Егер телефоныңыз айфон болса, жіберілген кітаптардың ePub нұсқасын ашу өте оңай. Каналдан жүктеп аласыз да, телефоныңыздағы iBooks программасындағы кітапxанаңызға жинап қойып, сол жерден оқи берсеңіз болады.
⠀
☘️Егер телефоныңыз анройд системасымен жұмыс істесе, ePub нұсқадағы кітаптарды оқу үшін FBReader секілді программаны playmarketтен жүктеп алып, сонымен ашсаңыз, бірден ашылады.
⠀
☘️Ал электронды кітап қолданғыңыз келсе, поштаңызға жіберіп алып, кейін электронды кітсбыңызға көшіріп алсаңыз болады. Мысалы, менің электронды кітабымның өз поштасы бар. Кітапты бірден сонда жіберсем, ашыла береді. Сіздің де электронды кітапта сондай нәрсе болуы мүмкін. Қарап көріңіз 😉
⠀
Кітаптарды ашып, оқи алып жүргендер қолдарыңызды көтеріп қойыңыздар ✋️ Оқи алмай жүргендерге осы жазбам пайдалы болды деген ойдамын ☺️
⠀
#marfu_bookblogger
#кітап_лайфxак