النُّورُ AN-NUR


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Linguistics


"AN-NUR"
Әйелдерге және балаларға арналған канал 📌
📗Араб әріптерін оқып жазып үйрену📗
📗Тәджуид📗
📗Араб тілі📗
Каналдағы видео,аудио,материалдар АМАНАТ❌❌❌
Ер адамдар❌❌❌❌❌❌
Каналға тіркелу ⤵️
https://t.me/markaz_anNur

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Linguistics
Statistics
Posts filter


▫️🕯🕯▫️🕯🕯🕯

Рамадан айы таусылып бара жатыр, бірақ мүміннің амалы өлім жеткенге дейін таусылмайды.

Аллаһ Тағала айтқандай:

"Саған өлім жеткенге дейін, Раббыңа құлшылық қыл "

📚Хижр сүресі 99 аят

🤍https://t.me/markaz_anNur


🟢Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымызға ﷺ:

«Уа, Аллаһтың елшісі! Пәленше бір әйел бар, ол түні бойы намаз оқып, күні бойы ораза ұстайды және көптеген садақалар таратып, жақсылықтың түр-түрін жасайды, алайда ол әйел тілімен көршілеріне азар (зиян) жеткізеді (осындай әйел жайында не дейсіз)?»,- деп айтылады.
Сонда Аллаһ елшісі ﷺ: «Ол әйелде ешбір жақсылық жоқ, әрі ол – Тозақтық әйел»,- дейді.

Сосын оған: «Түгенше бір әйел бар, ол тек парыз намаздарды оқиды (түнгі немесе нәпіл намаздарды оқумен танылмаған) және ол өте аз садақа береді, бірақ та ешкімге тілімен азар жеткізбейді (осындай әйел жайында не дейсіз)?»,- деп айтылады.

Сонда Аллаһ елшісі ﷺ: «Ол әйел – Жәннат иелерінен»,-
деп жауап қатады.


📚Бұхари, «Адаб әл-Муфрод»; 119.


▫️🕯🕯➖🕯🕯🕯▫️

▫️🕯🕯🕯🕯🕯🕯🕯▫️

Шамалы күндер қалды .....💔




🤍Пітірге мұқтаждар олар – тұрмыстық жағдайы төмен кез-келген кедейлер немесе қарызға белшесінен батып, қарыздарын төлей алмай жүргендер. Оларға пітірден олардың жағдайына жараса берілу қажет. Сонымен
қатар, пітірді бірнеше кедейлерге таратып беруге болады.
Сол сияқты, бірнеше адамның пітірін бір адамға берсе де
болады.

✔️https://t.me/markaz_anNur


🤍# 3 бөлігі:

Пітір садақасының берілу уəжіп болатын кезі –Рамаданның ең соңғы ауыз ашарынан соң, яғни айт намазының алдындағы күнде, күн батқаннан кейін. Кім сол кезде пітір садақасын беретін жағдайға ие болса, сол адамға ғана шығару парыз болады.
Ал, сол сəтте пітір садақасын беретіндей жағдайға ие емес (яғни, бір күндік жəне бір түндік тамағынан артылатын тамағы болмаған) адамға пітір садақасын шығару парыз болмайды.

➖➖➖➖➖➖
🟢"Қай уақыттан бастап бере берсе болады?» деген
сұраққа жауап ретінде айтамыз:

Расында, пітірдің
берілетін екі уақыты бар:

▫️1) Берілуі жақсырақ əрі абзалырақ болып есептелетін уақыт;
▫️2) Беріле бастауы рұқсат етілетін уақыт:

Берілуі жақсырақ əрі абзалырақ уақыт ол – айт намазы оқылатын күннің таңы


Хадисте Абу Сағид əл-Худри (Аллаһ одан разы болсын) айтқан:
«Біз Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған мақтауы мен
сəлемі болсын) кезінде Пітір садақасын айт күнінің (таңында) бір Соع(екі қол қосылған төрт алақан) мөлшерде тамақтың түрінен беретін едік.

▫️Ал, пітірдің беріле бастауы рұқсат етілген уақыты –айттан бір-екі күн алдын берілу
Бұхариде жеткен хабарда Нəфиғ (рахимаһуллаһ) айтқан:

Ибн Омар пітір садақасын үлкендер мен кішілердің атынан, тіпті менің де балаларымның атынан оны алатын адамдарға таратып беретін еді. Олар (кейбір сахабалар) пітірді айтқа бір немесе екі күн қалғанда беретін болған»

✔️https://t.me/markaz_anNur

#2 бөлігі: https://t.me/markaz_anNur/7577


🤍# 2 бөлігі:

Ал енді, осы ретте
«пітір неден беріледі?» десеңіздер,
сөзсіз, пітір садақасы адам баласы жейтін

«құрма, бидай,
күріш, мейіз, ірімшік» сынды жəне т.б тамақтардың түрінен
беріледі.

Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ одан разы болсын)
айтқандай:
«Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған мақтауы мен сəлемі
болсын) пітір садақасын – бір Соع (екі қол қосылған төрт
алақан) мөлшерде құрмадан немесе бір Соع көлемде
арпадан берілуін парыз қылды»

📚Бухари

➖➖➖➖➖➖
🤎ПІТІР-САДАҚАСЫ киім-кешек немесе көрпе-төсек немесе ыдыс-аяқ немесе мата-шата тəрізді
тамақтан басқа ешбір заттардан берілмейді. ❌
Өйткені, Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған мақтауы мен сəлемі болсын)
пітірді тамақтың түрінен берілуді парыз еткен. ✅
▫️Пітір садақаның мөлшері
Пітір садақаның мөлшері – Пайғамбардың екі
алақанымен төрт рет алғанға тең. Оның салмағы мысқалмен
алғанда төрт жүз сексен мысқал. Ал, қазіргі өлшем бірлікке
шаққанда екі келі, қырық граммға тең келеді. Яғни, кез-келген тамақтың түрінен, кем дегенде екі келі, қырық грамм
берілу тиіс. Одан көбірек берсе де болады.

✔️https://t.me/markaz_anNur

#1 бөлігі : https://t.me/markaz_anNur/7576

Жалғасы 🔽


🤍markaz an_nur : # 1 бөлігі

🕯🕯🕯🕯🕯

🕯🕯🕯🕯🕯🕯

▫️Ақиқатында Аллаһ Тағала Рамадан айының соңында, айт намазының алдында пітір садақасын берулеріңді шариғат қылған.Пітір садақысының үкімі- ПАРЫЗ болып есептеледі.
Пітір садақасында – кедейлер де айт мейрамын
байлар сияқты кеңшілік пен тоқшылықта жəне қуаныш пен
шаттықта өткізу үшін, оларды ешкімнен ешнəрсе қол жайып
сұратпау деген үлкен астарлы даналық жатыр.Жəне пітір садақасында – бір ай
бойы ораза ұстаған адамнан кеткен айып-кемшіліктерді пітір
садақасы арқылы жуып-шаю деген хикмет көрініс табады.

Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ одан разы болсын) былай
айтқан екен:
ْ
«Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған мақтауы мен сəлемі
болсын) пітір садақасын ораза тұтушыға – бос сөздер мен
арсыздықтардан тазару, əрі міскіндерге тамақ болу үшін
парыз қылып бекітті. Кім оны айт намазына дейін берсе,
ол – одан пітір садақа ретінде қабыл етіледі. Ал, кім
намаздан кейін берсе, онда ол – əдеттегі берілетін бір
садақа есебінде ғана болады»


📚Абу Дауд

✔️https://t.me/markaz_anNur

Жалғасы 🔽




Мұсылман бауырың....


Муслимнен жеткен мынадай хадис бар: «Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл болады. Мұсылман бауыры үшін тілек айтқанда, періштелер:

«Әумин, Аллаһ саған да бауырың үшін сұрағаныңды берсін»
 дейді екен.

Ал Бұхари: «Ең жылдам қабыл болатын дұға – мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті келтіреді

Хадистен түсінгеніміздей қандай да бір мұсылман өзге мұсылман үшін дұға ететін болса, ол адам үшін періштелер жақсылық тілеп, дұға етеді. Осыны ескерген мұсылман жан дұғасында  бауырларын да тастамай, қамтығаны жөн.

Достың екі түрі бар. Біреуі – амал дос, екіншісі – адал дос. Өзінің жеке пайдасын күйттеген емес, ақыретіне сауап жинайтын достықты таңдайық.Дос кемшіліксіз болмайды. Бірақ біз оның шалыс басқанына бола теріс айналсақ, бұл ісіміз оң ма?

✔️https://t.me/markaz_anNur


▫️🕯🕯➖🕯🕯🕯▫️

▫️🕯🕯🕯🕯🕯🕯🕯▫️

Шамалы күндер қалды .....💔




Forward from: النُّورُ AN-NUR
🕯🕯🕯🕯🕯🕯🕯

📚Кішкентай қыздарға: 8 жастан бастап


▫️С нуля үйретеді( яғни әріптен бастап )

▫️уақыты: Топпен келісімді

▫️ақысы: 5000 ₸

▫️муаллима: Асма умм Фатима


🤍модератор :@an_nurgo


❤️ Сабақ Рамаданнан кейін басталады ин щаа Аллаһ


Forward from: النُّورُ AN-NUR
🕯🕯🕯🕯🕯🕯🕯🕯🕯

🕯🕯🕯🕯

▫️Аптасына: ПН-ПТ

▫️Уақыты: 09:00

⭕️Ақысы: 👍👍👍👍

▫️муаллима: Умм ХАЛИМ

🤍https://t.me/markaz_anNur




▫️🕯🕯➖🕯🕯🕯▫️

▫️🕯🕯🕯🕯🕯🕯🕯▫️

✔️https://t.me/markaz_anNur




Барлық мақтау мен мадақ Әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға болсын!

Жыл бойы күткен қасиетті Рамадан айына жеткеніміз үшін Жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз.

Барлықтарыңызды қасиетті Рамадан айының келуімен құттықтап, ниеттеріңіз қабыл болсын демекпіз. Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін.

АльхамлулиЛляһ Рамадан айының бірінші күнінен басталған Тасхих сабағында Құран түгел оқылуы жиырма төрт күн бойы жалғасты.Бізбен бірге болғандарыңыз үшін өте қуаныштымыз.Аллаһ Тағала сізден де бізден де қабыл етсін.
АМИН.

хадисте келгендей : «Қиямет күні Құран келіп:
«Я, Алла, Құран оқушыны көріктендір», – дейді, сонда оған қошемет тәжі кигізіледі. Содан кейін Құран:
«Я, Алла, онан сайын еселе!» – дейді, сонда оған қошемет киімі кигізіледі. Содан кейін Құран:
«Я, Алла, оған разы бол!» – дейді, сонда оған разы болады.
Осыдан кейін ғана Құран оқушыға: «Оқы және биіктей түс» – делінеді, сонда ол оқыған әрбір аятқа сауап жазылады»– делінген.

Тирмизи


➖➖➖➖➖➖➖

Құрметті мұсылман бауырлар 💗
Ашық сабақ ( Тасхих сабақтарын ) мейрамнан кейін жалғастыратын боламыз ин щаа Аллаһ.
Каналдан алыстамаңыздар....
Ендеше айттан кейін кездескенше ......

🤍Аn_nur үлкен ұжымы 💋💋💋

349 0 1 12 27

السلام عليكم


Ахауатии хабибат сагат 9:00 де тасхихка кіріңіздер🌹🌹


🤎Пенде қашан ақыретін уайымдаса, Аллаһ Тағала осы дүниесін түзетеді.

🤎Пенде қашан Алламен қарым-қатынасын нығайтса, Аллаһ Тағала пендесінің адамдармен қарым-қатынасын дұрыстайды.


🤍 https://t.me/markaz_anNur

20 last posts shown.