Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева 2024 жылы Қырғыз Республикасы төрағалық еткен Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогының қорытынды отырысына қатысты.
Мәжілістің вице-спикері өз сөзінде Орталық Азия елдерінің көшбасшы әйелдерінің диалогы гендерлік даму саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тиімді институтына айналып келе жатқанын атап өтіп, қырғыз әріптестерін төрағалығының сәтті аяқталуымен құттықтады. Бұл ретте, Дания Еспаеваның айтуынша, ұйым мүшелері стендтердегі талқылаулар мен дебаттардан әйелдер жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге көшкен.
Дания Еспаева өткен жылы қазақстандық ғалым-кәсіпкерлер Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының, Дүниежүзілік банктің және басқа да ұйымдардың халықаралық жобаларында өздерін белсене көрсеткенін атап өтті. Әйелдер стартап көшбасшыларына айналып, халықаралық нарықтарға шығуда.
БҰҰ өкілдерінің, Орталық Азия елдерінің парламентшілері мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен кездесуде әйелдер инновациясын қолдаудың практикалық тәжірибесі де талқыланды. Әйелдер инновациясының және кәсіпкерліктің тұрақты экожүйесін қалыптастыру үшін қолайлы ортаны дамыту бойынша ұсыныстар дайындалды.
Толығырақ parlam.kz сайтында.
💬 t.me/mazhilis_kz