Махаббатта бір-ақ формула бар, ол – тұрақтылық.
Махаббаттың да досы мен қасы бар.
Досы: ұят, ар, борыш. Осы үшеуін ренжітпей, өзіне сенімді серік еткен махаббат қана зайыптылық заңына берік болады.
Қасы: ашу, қызғаныш, кикілжің. Осылардың әзәзілі – арақ. Жас жұбайлардың бірін-бірі сүйіп қосылуымен іс бітпейді. Олар қосылғаннан кейін де өз махаббатын гүлдей мәпелей беруі тиіс. Сүйіктісін қуантуға тырысу, соны риза етерлік бірнәрсе істеуге ұмтылып отыру – мәпелеудің бір түрі осы. Сүйгеніңнің көңілін қалдырмау үшін оның тілегін мүлтіксіз орындау да ғанибет.
📚Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар".