Жүрек тыныштығы🫀


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Алланың бізге берген уəдесі бар: "ОЙЫҢДЫ ӨЗГЕРТСЕҢ, ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕМ".
Инста: gulshat.midina

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Өмірде кезіккен адамдардың сізге берері мол. Жақсы адам болса, тәлім аларлық тұстары болады. Ал жаман адам болып шықса, сізге сабақ боларлық тұстары болады. Тек бар болғаны тиімді байдалана білу қажет.

Кеше кейбір адамдарды көріп түйген ойым.


Қайталанбайтын сәттерді қайталанбайтын адамдар ғана жасайды.


“Кімнің сөзі көбейсе, қатесі де көбейеді”.

Омар ибн Хаттаб


Өз жүрегіңді аманат деп қабылда. Оған кірбің түсірме. Таза ұста. Бағаламайтын, қадір тұтпайтын адамдарға жүрегіңді беріп қойма.  Жүректі Аллаға ғана сеніп табыстауға болады. Қалғандары тек уақытша.


Жүректің тыныштық таба алмауының себебі, тыныштық берушіні ұмытқандықтан!


Адамдар сен туралы былапыт сөйлеп жүрсе, Аллаға шүкір ет!

Не себепті шүкір етесің?

Өйткені, Алла сені олармен емес, оларды сенімен шұғылдандырып қойғаны үшін.

©️Мұстафа Махмуд


Жоқ, жоқ дей беру - шүкірсіздік. Әрбір адамда өзіне керекті ресустардың барлығы бар, сырттан іздеудің керегі жоқ. Бақытты болғыңыз келеді ме? Бақытты болуыңыз үшін сізде барлығы бар, оның кілтін ішкі әлеміңізден іздеу керексіз...

Құдайдың берген нығметін көрмеу, көре алмау - соқырлық. 

©Арман Қуанышбаев


Қайырлы күн!🌞 Қалайсыздар?🥰.
Жаңа аптада,Жаңа күннің берекесін беріп, қуанышты күндеріңіз көп болып, несібелеріңіз арта берсін!


Қайырлы күн!🌞 Қалайсыздар!
Аптаның алғашқы күні апта бойғы сәттіліктердің бастауы болсын! Отбасямызға амандық, денсаулық, ауызбіршілік, мол несібе нәсіп етсін,
Алла тағала🤲🏻


Қасиетті жұманы пайғамбарымызға салауат айтумен әсемде.

Аллаһумма салли ала саиидийна Мухаммад.


Көп Аллаға шүкіршілік білдіріңіз!
Тағдырыңызға разы болыңыз!
Мен тағдырыма разымын!
Тағдырымдағы барлық нәрсеге разымын!
Ата - анама, бала - шағама, ризығыма, жан жарыма, бауырларыма,қайын - жұрт, көршілеріме, жолымда жолыққан әр бір жан үшін Раббыма разымын!


Иә,Раббым!
Табысымды адал етіп, маған қанағат бере гөр. Маған разы болмайынша мені бұл дүниеден ала гөрме!

Әумин!🤲🏻


Қасиетті Жұманың берекеті мен жақсылығы бізбен сізге болсын!
Әмин!🤲🏻


Көңілің әрдайым жадырап жүрсін. Көп жымиғаннан өлген адам жоқ. Бірақ, көп мұңайғаннан өлген адам көп.


ШҮКІР ЕТУДІҢ СЕБЕБТЕРІ:
- Ұйықтайтын үйің бар
- Жейтін тамағың бар
- Мейірімді жүрегің бар
- Басқаларға жақсылық тілей аласың
- Ішетін таза суың бар
- Саған көңіл бөлетін адамдар бар
-Дамитын мүмкіндігің бар
- Киетін таза киімің бар
- Армандарың бар
-Бүгін тірі оянғаныңа!
Шүкір ету өте қарапайым. Сенде бар, өзің байқай бермейтін нәрселер кейбір адамдардың арманы екендігі есіңде болсын.


Біз қалаймыз, бірақ Алланың өз қалауы бар.
Біз жоспарлаймыз, бірақ Жаратушының өз жоспары бар екеін ұмытамыз.
⠀Кейде қалағаның , ойлағаның, күткенің, үміт еткенің болмай жатса көңіл түсіру керек емес. Себебі біз әсер ете алмайтын, біздің қолымызда емес үлкен дүниелер бар әлемде. Өміріңнің әр сәті, тамақтануың, су іше алуың, тіпті тыныс алуыңның өзі тек бір Раббыңның қалауымен болып жатқанын естен шығарма. Ал біздер.. тіпті осындай ғажайып нығметтерді ойламаймыз, ауа жұтудың өзі бақыт екенін ұмытамыз.


Жүрегіңді Раббыңа берсең, Раббың өміріңді көркем етеді.

Біздер жүректі дүниеге беріп өзімізде, ісімізде, өмірімізде кері кетеді.

Раббым бір өзіңнің разылығың үшін өмір сүруді нәсіп ет!
Тек Сен үшін…


Қайырлы күн!🌞Қалайсыздар?
Бүгінгі күндеріңе сәттілік!✊🏻


Жақсы көру мен жек көру — тиынның екі жағы сияқты.
Жақсы көретін адамды жек көріп кету де, жек көретін адамды жақсы көріп қалу да дем арасында…

© Дастан Құрманбаев

2k 0 13 1 44

Түсінген адамға
Ұйқыдан ауырмай ояанудың үлкен бақыт қой….

20 last posts shown.