Маңғыстаумұнайгаз


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Telegram


"ММГ" АҚ қызметкерлеріне арналған ақпараттық канал

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Telegram
Statistics
Posts filter


Гүлнәр Тайырова 1964 жылдың 1 ақпанында Атырау өңірінде дүниеге келді. Орта мектепті тәмамдаған соң, Ақтөбе қаласындағы химиялық училищеде лаборант мамандығын меңгеріп, кәсіби жолға қадам басты. 1984 жылы болашағын Маңғыстау жерімен байланыстырып, Жетібайға қоныс аударды.

Өндірістегі алғашқы еңбек жолын «Жетібаймұнайгаз» ӨБ қабат қысымын ұстау цехында оператор болып бастады. Іскерлігі мен табандылығының арқасында уақыт өте келе сорап станциясының 5-дәрежелі машинисі дәрежесіне дейін көтерілді. Қарапайым жұмысшыдан өз ісінің нағыз маманына айналып, әріптестері арасында құрметке ие болды.

Біліктілігі мен еңбектегі адалдығы үшін компания басшылығы мен облыс әкімдігі тарапынан бірнеше мәрте марапатталып, алғысқа бөленді. Бұл – маңдай тердің, табанды еңбектің лайықты бағаланғанының айғағы.

Бүгінде құрметті еңбек демалысына шыққан әріптесімізге бақыт, денсаулық пен береке тілейміз.

#еңбектен_зейнетке #еңбекадамы


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Еңбектен-зейнетке

Қара алтын өндірісінің қарашаңырағы – «Жетібаймұнайгаз» ӨБ қабырғасында саналы ғұмырын еңбекке арнаған Гүлнәр Тайырова зейнеткерлік жасқа жетті.




Маусымдық ауарайының құбылмалы көрсеткіштеріне қарамастан, ер азаматтармен иық тіресіп еселі еңбек етіп жүрген әр мұнайшының жұмысы күрделі де жауапты. Тәуліктік мұнай берунормасын есептейтін автоматты жүйені жіті бақылап, бұрғылау қондырғылары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және мониторинг жасау, технологиялықпроцесті жүргізу және үздіксіз жұмысты қамтамасыз етуді көздейтін оператордың еңбек міндеттерін қалтқысыз атқару – Хадиша сынды еңбек адамының күнделіктіүйреншікті дағдысына айналып кеткен. Еңбекті кірістің көзі, ырыстың өзі деп ұғатын мұнайымдық ару кез келген мамандықтың өз ерекшелігін айта отырып,тұлғаның еңбектің арқасында ғана айнала қоршаған ортаға, елге, өз отбасына және қоғамға пайдалы болатындығын тілге тиек етті.

Мұнайшы еңбегі– қашанда марапат мінберінің тұғырынан түспегендігін ескерсек, озаттар қатарынан көрінген Хадиша апайдың Компания тарапынан берілген бірнеше марапаттарымен мақтау қағаздары, сондай-ақ ҚР Энергетика министірлігінен таққан төсбелгісі де бар. Сонымен қатар, кейіпкеріміз үміт еткен көзінің нұры – студент қызғалдақтәрбиелеп отырған ана. Бар жақсыны бала болашағына арнайтын, өндіріс игілігі үшін аянбайтын еңбек адамына біз де өз тарапымыздан денсаулық, берекелі табыстілейміз.

#Еңбекадамы
#Маңғыстаумұнайгаз
#Жетібаймұнайгаз
#МұнАйым_ӘЭК


Жұмыс орнынакелгеннен бастап кешке дейін еңбек міндеттерін тиянақты атқаратын әріптесіміздің тәжірибесінің жеткіліктілігінен болар бәлкім, Хадиша Демеуқызыкейінгі буынның әлі күнге дейін жұмыстың қыр-сырын өзінен сұрайтындығын алға
тартты:

- Өндіріске орналасқаныма да біраз жыл болыпты. Цехтағы бірге жасайтын әрбір мұнайшының бір-біріне деген құрметі басым, ауызбіршілігі мықты. Жас мамандарға қолдаукөрсетіп, білмегенін үйретіп отырамыз. Технология жаңарып, қазіргі жұмыс барысы біршама жеңілдеді ғой. Жұмысқа деген жауапкершілікті үнемі естен шығармай,таңның атысы, күннің бастысында нәтижелі еңбек үдесінен шығуды көздейміз, - дейді мұнайшы Хадиша.


📌 «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы №1 Мұнай және газ өндіру цехының 5-дәрежелі операторы Хадиша Нұрашева 1983 жылдан бері 23-топтық қондырғыда қырық екі жылға жуықуақыт бойы тапжылмай жұмыс жасап келеді. Компанияның ілгері дамуына өзіндік
үлес қосып жүрген нәзік жандының тәлімі де, түйгені де мол. Бір орында тұрақтытүрде осыншама жыл қызмет ету – оның атқаратын жұмысына деген ықыласын,
адалдығы мен сүйіспеншілігін білдіретіндігі сөзсіз.


Қайырымдылық шарасы аясында азық-түлікпен қатар, шайға қажетті тәттілер де үлестірілді. Мұндай акцияны тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға ай сайын көмек көрсету көзделіп отыр.

«Біз – бір-бірімізге қамқор болғанда ғана қоғам мейірімді бола түседі. Бұл игі іс мұнайшылардың қайырымдылыққа деген ықыласын білдіреді. Көмек көрсетілген отбасыларды «Атадан мирас» қоғамдық қоры ұсынды. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасады», – дейді ұйымдастырушылар.

Шара барысында көмек алған аналардың бірі ерекше ықыласын білдіріп, мұнайшыларға ақ батасын берді.
«Маңғыстаумұнайгаз» қызметкерлерінің бұл игі бастамасы қоғамдағы әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып табылады. Мұнайшылардың мейірімі мен жанашырлығы талай отбасының жүзіне күлкі, жүрегіне сенім ұялатқаны сөзсіз.
Сіздер де Қор қатарына қосылып, мұқтаждарға көмек беремін десеңіз жас мамандар кеңесімен хабарласуға болады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Жүрек жылуымен бөлісе жүрейік.

#қайырымдылық


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек

📌 «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының «Мұнайлы өлке» қайырымдылық қоры мен жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өтті. Бұл игі бастамаға компания мұнайшылары қаржылай үлес қосып, Маңғыстау өңіріндегі 12 отбасына азық-түлік табысталды.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📌 2024 жылы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартуға арналған Жол картасы бағдарламасын іске асыру аясында Қаламқас кен орнында өндірістік-коммуналдық кешендердің және ғимараттардың күрделі құрылысы аяқталды.

Осы жұмыстар барысында механикалық бригадаларға, өндірістік-тұрмыстық кешендерге арналған ғимараттар, оператор бөлмесі, модульдік слесарлықтар салынды.

Нысандарда киім ауыстыратын бөлмелер, душ, дәретханалар, тамақтанатын бөлмелер, сөрелері бар құралдарды сақтайтын орындар бар, сонымен қатар олар қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.


Ол 1962 жылы Түрікменстанның Красноводск облысы, Жаңаша ауылында дүниеге келді. Балалық шағы осы өңірде өтіп, орта мектепті тәмамдаған соң, теміржолда еңбек жолын бастады. 1980-1982 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеген соң 1983 жылы Маңғыстауға қоныс аударды. Бір жылдан кейін 1984-1995 жылдар аралығында Қаражанбас кен орнында жұмыс істеп, өндірістің ыстық-суығына төселді. Кейін 1995 жылы “Қаламқасмұнайгаз” өндірістік басқармасына ауысып, сорап станциясының машинисі ретінде қара алтын өндіру ісіне өз үлесін қосты.

Кәсібіне адалдық танытқан Мұраткелді Биханұлы жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен шеберлігінің арқасында 5-дәрежелі маман атанды. Ұзақ жылғы маңдай тер, адал еңбек еш кетпеді – өзі баптаған қондырғылардың жүрек соғысы іспетті ырғағы өндірістің тұрақты жүруіне сеп болды.

Міне, уақыт деген жүйрік. Кеше ғана еңбекке араласқан азамат бүгін лайықты зейнет демалысына шығып отыр. Бұл – еңбектің еленгені, тердің текке төгілмегені.

Мұраткелді Биханұлының мұнай саласындағы қажырлы қызметі кейінгі жас мамандарға өнеге. Зейнеткерлікке шыққанымен, жүрегі мұнайлы мекеннің тіршілігімен бірге соғары анық.

Еңбегіңіз жемісті, денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз ұзақ болсын, ардагер мұнайшы!

#еңбектен_зейнетке #еңбекадамы


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Еңбектен – зейнетке

📌 Маңғыстау – қара алтынның қасиетті мекені. Осы өңірдің өндірісін өрге сүйреп, ғұмырын мұнаймен өрнектеген жандардың бірі – Жанұзақов Мұраткелді Биханұлы.


Жастар арасындағы дебат-пікірталас сайысынан жеңімпаздар анықталды.

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ұйымдастырылған Маңғыстау облысы жас мамандары арасындағы пікір-сайыс турнирі өз мәресіне жетті. Жарысқа қатысушылар жоғары дайындықтарын көрсетіп, интеллектуалдық бәсекенің нағыз үлгісін танытты.

Аталмыш турнирде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қаламқасмұнайгаз ӨБ-нан Қартмағанбет Зәуре де бақ сынап, үздік үштіктен көрінді. Өзінің терең білімімен, ұтымды ойларымен және шешендік қабілетімен ерекшеленген ол бәсекелестерінің арасынан суырылып шығып, үшінші орынға ие болды.

Жас мамандар арасындағы мұндай пікір-сайыс турнирлері қатысушылардың аналитикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, қоғам алдындағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Зәуре Қартмағанбет сынды дарынды жастардың жетістігі – тек жеке жеңіс қана емес, бүкіл Компания үшін мақтаныш. Әріптестеріміздің осындай сайыстарда топ жарып, кәсіби және интеллектуалдық деңгейін шыңдай беруіне тілектеспіз!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Қаламқас кен орны, 21.02.2025


«МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ-ның
ҚАРА МЕТАЛЛ СЫНЫҚТАРЫН
САТУ БОЙЫНША АУКЦИОНДАРДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ


«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (130000, Ақтау қ., 6 ықшам аудан,№ 1 ғимарат, СТН 430 100 000 245, БСН 990 140 000 483, www.mmg.kz корпоративтік сайты, тел.: +7 (7292) 211-526, 219-253, 219-184, 219-333) ағылшын әдісібойынша (бағаны көтеру әдісімен) қара
және түсті металл сынықтарын сату «Ақпараттық-есептік орталық» электрондықсауда алаңының E-QAZYNA.kz порталы арқылы сауда-саттық аукцион(дар) өтетінін
хабарлаймыз.

Сауда шарттарымен E-QAZYNA.kz порталының «Sauda» - «Ақпарат» – «Сауда ережелері» бөлімінде танысуғаболады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7292) 211-526, 219-253,219-184, 211-526, 219-333.

Сауда-саттықкүні мен уақыты: 11.03.2025 ж. сағат 11:00-де
Келесі лоттар бағанытөмендету әдісімен аукционға қойылады:

1. Жеңіл салмақты(металл сынықтары) - Ақтау қаласынан 270 км қашықтықта Қаламқас кен орнында орналасқан 18,204 тн. көлеміндегі (13 тонна.Қаламқас к/о және 5,204 тн. Қаламқас к/о, ЭҚД) жеткізілгентауарлардан қалған бос металл ыдыстары,
электр жабдықтарының жұқа қабырғалы корпустары, мырышталған парақтар және т.б.

2. Басқасынықтар (металл сынықтары) - 1996,7 тн көлемінде өндіріс процесінде пайда болатын қалдықтар (құбыр өнімдері, кесінділер, сынықтар,металл жоңқалары, жабдықтар және т.б.). (1991 тн. Жетібай кен орнында орналасқан және 5,70 тонна - МТЖҚ базасында (Қызылтөбе ауылы, Ынтымақ ауылы, 1 ө.а., №90 ғимарат).

3. Жеңіл салмақ (металл сынықтары) - жеткізілген тауарлардан қалған босметалл ыдыстары, электр жабдықтарының жұқа қабырғалы, корпустары,мырышталған парақтар және т.б., көлемі 9 тн., Жетібай кен орнында орналасқан.

Заңды тұлғалардың мүлкін аукционнысанындағы электрондық сауда-саттықта сату тәртібімен "Sauda" - "Ақпарат" – "Сауда-саттық регламенті" бөлімінде танысуғаболады, жоғарыда көрсетілген әрбір лот бойынша хабарландыруда сауда-саттықтың шарттарымен E-QAZYNA.kz порталында танысуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін тел.: +7 (7292)211-526, 219-253, 219-184, 219-333.

* * *

ОБЪЯВЛЕНИЕ
О ПРОВЕДЕНИИ ТОРГОВ ПО РЕАЛИЗАЦИИ ЛОМА
ЧЕРНЫХ МЕТАЛЛОВ АО «МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ»


АО «Мангистаумунайгаз» (130000, г. Актау, мкр. 6, зд. №1, РНН430 100 000 245, БИН 990 140 000 483,
корпоративный веб-сайт www.mmg.kz, тел.: +7 (7292) 211-526,219-253, 219-184, 219-333) сообщает о реализации лома чёрных и цетных металлов путём проведения аукциона(ов) английским методом торгов (наповышение цены) на веб-портале Реестра государственного имущества E-QAZYNA.kz

Дата и время
торгов:
11.03.2025г. в 11:00 часов
На аукцион методом на понижение цены выставляются следующие лоты:
1. Легковес (металлолом) - пустая металлическая тараот поставленных товаров, тонкостенные корпуса электрооборудования, оцинкованные
листы и т.п., в количестве 18,204 тн. (13 тн. м/р Каламкас и 5,204 тн. м/рКаламкас, ДАО), расположенные на месторождении Каламкас в 270 км. от г.Актау.

2. Прочий лом (металлолом) - отходы, образующиеся впроцессе производства (трубная продукция, обрезы, брак, металлическая стружка, оборудование и т.п.) в количестве 1996,70 тн. (1991 тн. расположена наместорождении Жетыбай и 5,70 тн. - на базе СМТС (с.о.Кызылтобе, ж.м.Ынтымак
п.з.1, здание №90)).

3. Легковес (металлолом) - пустая металлическая тара
от поставленных товаров, тонкостенные корпуса электрооборудования, оцинкованныелисты и т.п., в количестве 9 тн., расположенные на месторождении Жетыбай.

С порядком продажи имущества юридических лиц на электронных торгах в форме аукциона можно ознакомиться в разделе «Sauda» - «Информация» –«Регламент торгов», с условиями торгов можно ознакомиться в объявлении по
каждому вышеуказанному лоту на портале E-QAZYNA.kz

За дополнительной информацией просим обращаться по тел.: +7(7292) 211-526, 219-253, 219-184, 219-333.




Forward from: ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
«ҚазМұнайГаз»: 23 жыл бойы тұрақты даму және болашаққа жоспар

«ҚазМұнайГаз» – ел экономикасына елеулі үлес қосып келе жатқан Қазақстанның жетекші мұнай-газ компаниясы. Бүгінде ҚМГ Қазақстан бойынша мұнай өндірудің 26%-ын, тасымалдаудың 56%-ын және қайта өңдеудің 80%-ын қамтамасыз етіп отыр.

📱ҚазМұнайГаздың міндеті — елі­міздің энерге­ти­­калық қауіпсіздігін қам­та­масыз ете отырып, мұнай-газ сала­сындағы стратегиялық маңызды бағыт­тарды дамыту.

Ұлттық компания геологиялық барлау және мұнай-газ химия­сын­дағы ауқымды әрі көп қар­жыны қажет ететін жобаларға бастамашылық етеді. Бұл бас­­тамалар жаңа ресурс көздеріне жол ашып қана қоймай, еліміздің эконо­микалық өркен­деуіне ықпал етеді.

🖥 ҚМГ жетістіктері мен болашаққа жоспары туралы толығырақ «Egemen Qazaqstan» материалынан оқи аласыздар.

💬 ҚазМұнайГаз


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📌 2024 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің кен орындарындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында Қаламқас кен орнында жаңа оқу орталықтары салынып, №4,5,6,7 жатақханалар мен №1 асхана күрделі жөндеуден өтті.

Осы жұмыстар барысында барлық білім беру және әлеуметтік нысандар жаңа технологиямен, құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталып, шатырдың жылу оқшаулағыштары, су құбыры, кәріз, жылу, электр жабдықтары, т.б. ауыстырылды.




Munaily Olke #01-183.pdf
10.6Mb
📌 Құрметті әріптестер!
Назарларыңызға «Мұнайлы Өлке» корпоративті басылымының кезекті санын ұсынамыз.

* * *
📌 Уважаемые коллеги!
Предлагаем Вашему вниманию очередной номер корпоративной газеты «Мұнайлы Өлке»

🔹ЖЕТІБАЙ КЕН ОРНЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ МЕН ЖӨНДЕУ
🔹ҚОҒАМ БАСҚАРМАСЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
🔹2024 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
🔹СТРАТЕГИЧЕСКАЯ СЕССИЯ
🔹КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК – САПАЛЫ ӨНДІРІС КЕПІЛІ
🔹ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ҚАЛАСЫ БОЙ КӨТЕРДІ
🔹ҚАЛАМҚАС КІТАПХАНАСЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ОҚЫРМАНДАРЫН КҮТЕДІ
🔹Жетістік те, табыс та– еңбектің жемісі
🔹Жаны жайсаң Биғанша
🔹Биік асуларды бағындырған
Базекең
🔹ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ӘРІПТЕСТІК – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ
🔹ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАУ-ТАСЫ
ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕДІ
🔹«МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ»
АҚ ӨМІРЛІК МАҢЫЗДЫ ҚАҒИДАЛАРЫ


Ол 1962 жылы Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында дүниеге келді. Өмір жолындағы басты серігі – еңбек. Орта мектепті тәмамдаған соң, 1979-1980 жылдары ГПТУ-6 колледжінде дәнекерлеуші мамандығын меңгеріп, алғашқы еңбек жолына қадам басты. Отан алдындағы борышын Мәскеуде өтеп келген жас жігіт қолына темір балқытатын құралын қайта алып, туған жеріндегі «Қаратау» өндірістік бірлестігіне жұмысқа орналасады. Бұл оның кәсіби шыңдалу жолындағы алғашқы баспалдағы еді. Екі жыл бойы өндірістің ыстық-суығына төзіп, шеберлігін шыңдаған соң, Құлсарыға қоныс аударады. Мұнда «Казхиммонтаж» мекемесіне дәнекерлеуші болып орналасып, өз ісінің нағыз маманына айналады.

Өндірістің қатаң тәртібіне, жұмыстың ауырлығына мойымай, еңбектің қайнаған ортасында жүріп, 5-дәрежелі дәнекерлеуші атанады. Темірді иіп, жалғап, отқа суарылғандай, өзі де уақытпен шыңдалады. Ұстанымы – адалдық, қаруы – маңдай тер.
1996 жылы Маңғыстау топырағына табан тіреп, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, Қаламқас кен орнының пайдалану жабдығын прокаттау-жөндеу цехына дәнекерлеуші болып орналасады.

Содан бері 28 жыл бойы осы қара шаңырақтың ыстығына күйіп, суығына тоңып, маңдай терін төкті. Әрбір дәнекерленген құбыр, әрбір балқытылған темір оның қолының ізін сақтап қалды.
Өндірістегі әріптестері оны жауапкершілігі мен еңбекқорлығы үшін ерекше құрметтейді. Себебі Жетпісбай аға үшін дәнекерлеу тек кәсіп емес, адалдықтың, табандылықтың айғағы. «Еңбек – адамның екінші анасы» демекші, ол бүкіл ғұмырын темірмен тілдесіп, қара жұмыстың қадірін білумен өткізді.

Міне, енді осы бір телегей теңіз еңбектің лайықты жемісі ретінде Жетпісбай Оспанов құрметті еңбек демалысына шығып отыр. Бұл – қарапайым еңбек адамының маңдай терімен келген жеңісі.
Тынбай еңбектеніп, маңдай терімен абыройға жеткен азаматқа құрметті зейнет жасында мықты денсаулық, шалқар көңіл, ұзақ ғұмыр тілейміз!

#еңбектен_зейнетке #еңбекадамы

20 last posts shown.