Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы қаралуда
Парламентте Түркістан қаласына рухани және тарихи астана мәртебесін беру туралы заң жобасы қарастырылуда. Бұл шешім Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы ретінде мойындалуына және тарихи-мәдени мұраларды сақтауға негізделген.
Негізгі жаңалықтар:
Археологиялық ескерткіштер резерватын құру.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында құрылысқа шектеу қою:
Қорғау аймағынан 100 метр қашықтықта биіктігі 7 метрден асатын құрылыс салуға тыйым салынады.
Ұлттық қолөнер шеберлерінің шығындарын бюджет есебінен ішінара өтеу.
Әкімдікке жерді уақытша тегін пайдалану құқығын беру.
Қосымша құзыреттер:
Мәслихатқа:
Қаланың дизайн-кодын және архитектуралық келбетін бекіту.
Әкімдікке:
Тарихи мұраларды сақтау,
Құрылыс стандарттарын реттеу,
Туристік инфрақұрылымды дамыту.
Қосымша заңнамалық өзгерістер:
Заң жобасы Жер кодексіне, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау туралы» және «Туризм туралы» заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді.
Мақсаты: Түркістанды Қазақстанның рухани және тарихи орталығы ретінде дамыту және оның тарихи келбетін сақтау.
@newsroomkz