Елорда әуежайының басшылығы мен қызметкерлерінің атынан AZAL J2-8243 рейсіндегі қайғылы оқиғадан зардап шеккен жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Қайғылы қазадан зардап шеккен бар жанға қайғырып көңіл айтамыз. Ешбір сөз бұл ауыртпашылықты жеңілдете алмаса да, жақын адамдардың күші мен қолдауы осы сынақтан өтуге көмектеседі деп сенеміз. Біз қымбатты серіктесіміз AZAL-ға кез келген қажетті көмек көрсетуге, қол ұшын созуға дайынбыз.