nursultan_ustazdan


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Дін, білім, пайдалы мағлұмат, руханият, ойлар

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter




Сен көзіңді сақта,
өзін сақтаған қыз жолығады.

Сен өзіңді сақта,
көзін сақтаған ер жолығады.


Айша анамыз (Алла оған разы болсын) өзінің бір сөзінде:

«Егер де мен қадір түнінің нақты қай түні екендігін білсем, сол бір түні Алладан тек амандық, саулық сұрайтын едім» дейді.

(Мусаннаф ибн әби Шәйбә10/206📚)


Қадір түні мүбарак болсын!

тілеген дұға-тілектеріңіз
қабыл болсын, бауырлар.

бізге де дұға етіп қойыңыз :)


“Қаласаң да, қаламасаң да кітабыңды жазып жатсың. Сен де, мен де жазушымыз. Кітап аты «Амал дәптері» “

Алла оразамызды қабыл етсін!


Алланың Сәлемі болсын!
Бүгінгі күнің дұғасы:

“Уа, Раббым! Сен мені өзімнен жақсырақ білесің. Өзіңе алып баратын ізгі істерді маған нәсіп қыла гөр”.


Дұға мен әрекет – бірге жүруі керек

Дұға – мұсылманның қаруы, бірақ тек дұға етіп отыра беру жеткіліксіз. Егер барлық мәселе тек дұғамен шешілсе, онда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешбір шайқасқа шықпас еді. Ол – дұғасы қабыл болғандардың ең жақсысы, бірақ сонымен бірге ол әрекет етті, жоспарлады, күресті.

Біз де солай істеуіміз керек. Дұға – сеніміміздің көрінісі, ал қарекет – сол сенімнің жемісі. Аллаға тәуекел етіп, дұға жаса, бірақ нәтиже күту үшін нақты әрекет етуді ұмытпа!


Дұға – ресторандағы мәзір емес. Ол – жай ғана “тапсырыс” беріп, дайын күйінде алатын нәрсе емес. Дұға – жүректен шығатын шынайы өтініш, бірақ ол әрекетпен ұштасқанда ғана нәтиже береді.


Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадистерінде Қадір түнін Рамазан айының соңғы он күндігінде және сол он күндіктің тақ түндерінен іздеуімізді бұйырған.

🟢 Қадір түні Рамазан айының 21, 23, 25, 27, 29 күндері болуы әбден мүмкін.

Тақ түндерге байланысты сахаба Абдулла ибн Омардан (Алла разы болсын) бірнеше жолмен жеткен сахих хадисінде Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

🔵 «Қадір түнін Рамазанның 27-түні іздеңдер», – деген (Бұхари, Мүслим).

Осы сынды хадистерге сүйенген көптеген ғалымдар, әсіресе, Орта Азия мұсылман жұрты осы түні Қадір түні болуы әбден мүмкін деген болжам жасаған. Алайда Қадір түнінің нақты қай түн екендігі тек бір Аллаға ғана аян.


Қадір түні – 1000 айдан да хайырлы болған түн.

Түнгі уақытты шамамен 10 сағат деп алсақ, қадір түнінде 1 сағат қана құлшылық қылу – 8 жыл құлшылық қылғаннан артық.

Қадір түнінде 1 минут қана құлшылық қылу – 50 күн құлшылық қылғаннан артық.

Осынау ғажайып мүмкіндікті құр жіберіп алмайық🌙


Қияметтің ыстығынан құтылғыларың келсе, дүниенің ыстығында бір күн ораза ұстаңдар. Қабірдің қараңғылығынан құтылғыларың келсе, қараңғы түнде екі ракағат намаз оқыңдар.

Ардақты сахаба Әбу Дарда (Алла разы бослын)

📚 Латаиф әл-Мағариф


Рамазанға дейін қанбаған ұйқы Рамазанда да қанбайды. Тым болмаса осы Қасиетті айда ұйқыны азайтып, құлшылығымызды арттырайық.

(бүгін Қадір түні болу ықтималы бар)


Сіз Аллаһ елшісінің бауырысыз 🕊️

Бір күні Пайғамбарымыз(ﷺ):
«Мен бауырларымды қатты сағындым…»- дейді.
Сонда сахабалар:
— «Уа, Алла Елшісі! Біз сіздің бауырларыңыз емеспіз бе?» — деп сұрады.

Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ):
«Сендер — менің сахабаларымсыңдар. Ал менің бауырларым — мені көрмей, маған иман еткен адамдар» -деді…

(Сүйікті Пайғамбарымызға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)


Құрметті бауырлар!

Уаллаһи білмейміз, бұл Рамазаннан кейін екінші Рамазанға жете аламыз ба, жоқ па?! Олай болса, ең соңғы Рамазаныңыз сияқты ораза ұстаңыз. Жүрегіңіздегі тәкәппарлықтан арылыңыз. Сізге жамандық қылған адамға да бір сәлем беріп қойыңыз. Сондықтан, бұл Рамазан — ахлақ (мінез-құлық) мектебі. Ең бірінші ахлағымызды дұрыстайық. Себебі бізді жәннатқа ең тез апаратын нәрсе ол — көркем ахлақ. Бізді ең бірінші жәннатқа апаратын нәрсе садақа, ораза, қажылық та емес, бәлкім Алладан қорқу мен көркем мінез. Қияметте, таразыда ең ауыр басатын амал — көркем мінез.

Раббым баршамызға көркем
мінез бен тақуалық нәсіп етсін.


«Аллаға мақтаулар болсын!

Біз Ол үшін санаулы сағат қана ораза ұстаймыз, ал Ол бізге бірнеше жылдардың күнәларын кешіреді😢».

©️шейх Ғанзи


اللَّهُمَّ إِنِّي ضَعِيفٌ فَقَوِّنِي، وَإِنِّي ذَلِيلٌ فَأَعِزَّنِي، وَإِنِّي فَقِيرٌ فَأَغْنِنِي

Уа, Аллаһым! Мен әлсізбін, мені қуаттандыр! Мен дәрменсізбін, мені үстем қыл! Мен мұқтажбын, мені Өз кеңшілігіңмен байыт!

©️ Ізгілердің таңғы дұғасы


Нағыз дос — көмек керек па деп сұрамайды, бірден қол ұшын созады.


Күні бойы аш жүріп, бейшара болып, не айтсаң да көнейін деп тұрған нәпсің ауыз ашып алғаннан кейін тарауыққа барғысы келмей ырбаңдап қала ма? ))

Сол үшін ауызашарда тамақты аз жеу керек 😉


Сәресі мен ауызашарға деп дастарқан дайындап, шаршаса да дамыл таппай жүрген әрбір әйелге рақмет, Алла разы болсын олардан. Әрбір анаға рақмет, әрбір әйелге рақмет, әрбір әпке-қарындасқа рақмет.

Сіздер болмасаңыздар Рамазанның сәні кірмесі анық. Әрбір үйдегі құлпырған, хош иісі барлық жерге жайылған раушан гүліндей сіздерді сақтасын Раббым.

Йа Алла! Оларды тозақ отынан сақта, жәннатыңмен ризықтандыр.


бәлкім сол Рамазан, осы Рамазан…

мүмкін, осы Рамазанда Алламен байланысыңды күшейтесің,

мүмкін, осы Рамазанда құлшылықтарыңа көңіл бөлесің,

мүмкін, осы Рамазанда сүйіншілейтін хабарлар естисің,

мүмкін, осы Рамазанда Пайғамбарға ﷺ көрші болуға лайықты боласың.

20 last posts shown.