Oқы


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Books


100 оқулық және басқа кітаптар
Арнаның кітап қоймасы: @kitapqoyma

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Books
Statistics
Posts filter


Forward from: Unknown
Телеграм қазақшаға жақындап келеді.

Телеграм қолданбасы соңғы кезде танымал боп бара жатқандықтан, жергілікті қолданушыларға арналған жаңалықтар арнасын аша бастады.

Қазір @tginfo арнасын 12 тілде оқуға болады, енді 13-ші боп қазақ тілі де қосылды. Қазақша нұсқасының мекенжайы міне: @tginfokk. Осы арнаға тіркеліп, Телеграмның соңғы жаңалықтарын бақылап отыра аласыз.

Маңызды: егер Қазақстанда Телеграм бұғаттала бастаса, прокси-серверді @tginfokk арнасы жасап береді.
____
✅ Айтпақшы, @QazaqshaJaz белсенділері Телеграмды қазақшаға аударғанын білесіз бе? Телеграмды қазақшаға ауыстыру үшін мына сілтемеге бассаңыз, жеткілікті: https://t.me/setlanguage/kk-beta.

🙌🏽Жазбамызды бөлісе отырыңыз - бұл біз үшін маңызды.

#ҚЖжаңалық


📚 Ислам философиясы: Оксфорд оқулығы

Авторы: Халид әл-Руайхеб , Сабина Шмидтке

Аннотация: Халид әл-Руайхеб пен Сабина Шмидткенің жетекшілігімен құрастырылған «Ислам философиясы: Оксфорд оқулығында» ІХ–ХХ ғасырлар аралығындағы ислам философиясының көрнекті өкілдерінің зерттеу мәселелері, адамзат ақыл-ойына қосқан үлесі сараланған. Көптеген ғылым салалары бойынша маңызды еңбектер қалдырған алғашқы ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рұшд сияқты тұлғалардың өмір жолы мен көзқарастары, философиялық мұрасы зерделенген. Сонымен қатар Даууани, Мир Дамад, Молла Садра сынды постклассикалық және Зәки Нәжиб Махмұд, Мұхаммед Иқбал секілді модерн кезең ойшылдарының туындылары да қарастырылған. Оқулықта осы аталған және басқа да фәлсафа өкілдерінің метафизика, онтология, логика, табиғат философиясы, эпистемология, психология т.б. тақырыптардағы шығармалары кеңінен талданады. Айта кетерлігі – әр тарауда авторлар түпнұсқа мәтіндерді негізге алған.

Кітап жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, оқытушыларға және ислам философиясына қызығатын барша оқырман қауымға арналған.

#philosophy #100okiwlik


📚 Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу

Авторы: Роберт Хиллиард

Аннотация: «Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу» – сценарий жазу шеберлігімен таныстыратын пайдалы еңбек.

Оқулықтың осы басылымында телевизия мен радиодан бөлек жаңа медиа да қамтылған. Кітап қарапайым тілмен жазылған. Оқырман камераның ракурсы, пландардың қойылуы, композициялық шешім, кейіпкер, монтаж, дыбысты ойнату сынды тек практикада ұшырасатын дүниелердің алғышарттарымен танысады. Телевизия мен радиоға жазылған сценарийдің айырмашылығын, онлайн медиа мен әлеуметтік медиаға мәтін жазудың тәртібін түсінеді.

Кітаптың басты құндылығы – медиамаман болуға талаптанған студентті сценарий жазудың негізгі принциптеріне, әдіс-тәсілдеріне баулиды. Еңбек жалпы медиа саласына қызығатын қалың оқырман үшін де пайдалы құрал бола алады.

📥 8.5 mb
#100okiwlik #Journalism #media


Жаңа жыл, жаңа логотип, жаңа кітаптар. Мен оралдым. Арнада болғандарыңыз үшін алғыс!




Опшым былай Qazaq Grammar ұжымы бастап, жанкүйерлері қоштап жасаған TELEGRAM мессенджерінің қазақ тілді аудармасы бета статусына ие болды. Бұйырса қолданушылары көбейсе қазақ тілі TELEGRAM да ресми тілдердің қатарынан орын алады. Ол үшін мына сілтемені басып орната қойыңыздар. Бұрын орнатқандар болса қайта орнатамыз. Бұл бір.

Екінші арнаға қатысты. Бұйырса 40 күндік экспедицияға шығып келемін. Содан соң ақырын ақырын кітаптар саламын. Маған соңғы 10 адам қалса да кітаптармен бөлісе беремін. Көріскенше аман сау болыңыздар.




Күн санап азайып жатырмыз ಠ_ಠ


📚 ХХІ ғасырға – 21 сабақ

Авторы: Юваль Ноаһ Харари

Аннотация: «ХХІ ғасырға – 21 сабақ» – дүниежүзінің елуден аса тіліне аударылған «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» және «Homo Deus: Болашақтың қысқаша тарихы» кітаптарының авторы Ювал Хараридің үшінші туындысы. Тарихшы бұл еңбегінде бүгінгінің мынадай өзекті мәселелерін қаузайды: Заманауи оқиғалардың түп маңызы не? Либералдық демократия неге дағдарысқа ұшырады? Компьютер алгоритмдерінің құлы болмау үшін не істеу керек? Экологиялық қауіп-қатерден аман қаламыз ба? Дінге шынымен де қайта оралдық па? Терроризммен қалай күресеміз? Жаңа жаһандық соғыс бастала ма?

ХХІ ғасырдың осындай сын-қатерлеріне төтеп бере алса ғана адам баласы келесі ғасырларда Жер деп аталатын ғаламшарда тіршілігін жалғастыра бермек.

📥 1.3 mb

ЖҮКТЕУ

#humanitarian #100okiwlik


📚 Homo Deus: Болашақтың қысқаша тарихы

Авторы: Юваль Ноаһ Харари

Аннотация: Бұл еңбек Ювал Ноаһ Хараридің дүниежүзіндегі барша оқырманның таңданысын тудырған «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» деп аталатын алғашқы кітабының жалғасы іспеттес.

Жақын болашақта Google мен Facebook талғамымыз жайлы өзімізден де артық біліп, компьютерлер еңбек нарығынан миллиардтаған адамды ығыстырып шығарса не істейміз? Технологияларды меңгерген адамзаттың жойқын күшінен Жерді қалай сақтап қаламыз? Гендік инженерияны дін қалай қабылдайды? Мәңгі өлмеу, рақатқа бөлену және Құдай болуға деген ұмтылысымыз XXI ғасырда іске аса ма? Осы тақылеттес өзекті сұрақтарға жауап беруге тырысқан бұл еңбекте бүгінгі күннің дилеммалары талқыланып, жан-жақты қарастырылған. Автор 300 жыл бойы үстемдік құрған гуманистік идеялардан туындайтын болашаққа болжам жасайды.

📥 5.5 mb

ЖҮКТЕУ

#humanitarian #100okiwlik


Танымал театртанушы Кристофер Балмның «Театртану» еңбегі қазақ тіліне аударылды

«Театртану. Кіріспе» (Theatre Studies) – театр тәжірибелерін түрлі мәдени және тарихи астар арқылы түсіндіретін еңбек. Өнертану бағытында білім алып жатқан студенттер мен магистранттарға және осы саланы зерттеушілерге арналған.

1960 жылдарға дейін «театртану» мен «театр тарихы» терминдері синоним ретінде қабылданып келді. Бұл кітапта автор театр тарихшылары пайдаланатын маңызды әдістер мен зерттеу принциптерін қарастырады.

Авторы – Кристофер Балм. Ол: «Тарихи және заманауи театрды зерттеуге қажетті әдістер мен құралдарды егжей-тегжейлі қамти отырып, бұл кіріспе өзгермелі пәннің күрделі тұстарын қарастырады» дейді.

Кітапта ⤵️

✔️ театртануды зерттеу әдістері мен тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінген;

✔️ музыка театры, би театры, театр мен өзге медиа арасындағы байланыс, виртуал сахна, драма, опера сияқты негізгі театр жанрлары, театр құраушы элементтер, көрермен және аудитория, көрермен реакциясы, жалпы театр теориясынан бастап қазіргі зерттеулер толықтай қамтылған;

✔️ әр бөлімнің соңында тақырыпты тереңірек түсіну әрі зерттеу үшін пайдалы нұсқаулықтар беріліп отырады;

✔️ терминдер мен арнайы салалық ұғымдар өте көп.

🔸 "Театртану" қазақ тіліне "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында аударылып басылды. Таралымы – 10 000 дана. Жақында еліміздегі университет кітапханаларына тегін таратылады.

🔸 Кітаптың қазақ тіліндегі басылымын әзірлеген шығармашылық топ

Аудармашы және жауапты редактор: Есей Жеңісұлы (Есей Жеңісұлы) – журналист, Ұлттық аударма бюросында 2017 жылдан бері редактор қызметін атқарып келеді.

Ғылыми редактор: Аманкелді Мұқан (Аманкелди Мукан (Amankeldi Mukan) – өнертану кандидаты, театртанушы. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының доценті.

Әдеби редактор: Бану Дәулетбаева (Бану Даулетбаева) – Ұлттық аударма бюросының редакторы, филология магистрі

🔸 Оқулық Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы өнертану факультетінің театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасында талқылаудан өтті.

#100жаңаоқулық
#руханижаңғыру
#театртану

Ұлттық аударма бюросынан


KazNEB.apk
11.7Mb
Kazneb.kz сайтының мобильді қосымшасы. Неліктен екенін білмеймін соңғы уақытта Play Market'тен алынды. Шамамен бір жылдай болды. Смартфоныма бэкап жасағанда apk файл сақталыпты. Kazneb сайтын смартфонда қарау ыңғайсыз. Қосымшасы сол олқылықтың орнын толтырады.


БҰЛ КҮНІ ҚАЗАҚ ТОЙДАН БАС ТАРТСА

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бірақ бұл күн жай ғана мекемелер "галочка" үшін атап өтетін қатардағы бір күн сияқты. Тұтас ел болып жазықсыз жапа шеккен атамызды, әжемізді еске алмайтындаймыз.

Бәлкім биыл коронавирусқа байланысты бүгін той жоқ шығар. Мүмкін бір жерде кішігірім беташар жасап жатқан шығар. Бірақ алда осы күні тойдан бас тартсақ деймін. 365 күннің қалған 364 күнінде той жасауға болады. Бірақ 31 мамырда тұтас ұлт болып, құрбан болған ата-әжемізді, ұлт жолында қаза тапқан Алаш арыстарын еске алып, құран бағыштасақ дұрыс болар еді.

Сонымен қатар теле-радио арналар бұл күні ойын-сауық бағдарламалардан бас тартса. Бұған кафе, мейрамхана, түнгі клуб тағы басқалары да қосылса. Міне сонда ғана бұл шын мәнінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болмақ.

@sariberik


📚 Тарихы талқыға толы Шыңжаң (ХVIII ғ.-1949 ж.)
🖋 Нұржамал Алдабек

📋 Монографияда Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар жүйесінде геосаяси, геостратегиялық маңызы ерекше орын алған Шыңжаңның күрделі де күрмеуі көп тарихы тың деректер арқылы жаңа методологиялық тұрғыдан тұңғыш рет жүйелі түрде зерделенеді. Автор Шыңжаңның тарихында шешуші роль атқарған Қытайдың, Ресейдің және Кеңес Одағының осы өлкеге қатысты жүргізген саясатының сан қырлы астарлы тарихын талдай келе, өлкенің талқыға толы тағдыры аталған мемлекеттердің ұлттық және мемлекеттік мүдделері тұрғысынан шешіліп келгендігін тарихи деректер негізінде дәйектейді.

Зерттеу жұмысы халықаралық қатынастар саласындағы қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының ұстаздарына, аспиранттары мен студенттеріне арналған.

📥 epub - 371.5 kb

ОҚУ
ЖҮКТЕУ

#tarih


Арнаның жаңа логотипі туралы

Идея қазақ пен жапон байрағын қосу арқылы шықты. Негізінде бұл Палаудың туы))) Сары шеңбер күн, көк түс өздерің білетіндей аспан. Ұранымыз Сұлтанмахмұт Торайғырдың:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам. - деген өлеңі. Қазақ жастарын жай ғана оқып қоймай, халқына күн болуға шақырамын.


Макроэкономика, микроэкономика оқулықтарын қазақ тілінде оқимыз!

Майкл Паркиннің «Макроэкономика» және «Микроэкономика» еңбектері қазақ тіліне аударылды. Жақында 10 мың данамен басылып, университет кітапханаларына таратылады.

✏️ «Макроэкономика» – азық-түлік тапшылығынан бастап жаһандық жылынуға дейінгі ғаламдық проблемалардың себебін, салдарын, көрсеткішін жан-жақты талдайтын оқулық.

✏️ Ал «Микроэкономика» кітабы жергілікті экономикалық қатынастарды зерттейді.
Жеке адамның таңдауы мен мемлекет экономикасы арасындағы байланысты талдайды.

✏️ Қазақ тіліне оқулықтардың 13-басылымы аударылып отыр. Алғашқы басылымы 1990 жылы, ал соңғы рет 2018 жылы «Pearson» баспасында жарыққа шыққан.

✏️ Экономист секілді ойлауды үйретеді.

✏️ Экономика, қаржы саласында білім алатын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытқан оқырманға арналады.

#100жаңаоқулық

Ұлттық аударма бюросынан


📚 Көне түркі тілі. Сөйлем мүшелері
🖋 Ораз Сапашев
📋 Тарихи синтаксис түркітану саласында ғана емес, индоевропа тілдерінде де аз зерттелген сала болып табылады. Сондай-ақ синтаксистік салыстырмалы-тарихи зерттеу әдісі де өз деңгейінде жетіліп кетпеген. Оқулықта көне түркі руника жазбалары тіліндегі сөйлем мүшелері сол дәуір тұрғысынан, яғни синхронды әдістің негізінде зерттелінеді. Сонымен қатар сөз таптарының лексика-семантикалық және морфологиялық құрылымы да жан-жақты талданады.
📥 epub - 118.8 kb

ОҚУ
ЖҮКТЕУ

#linguistics


Abai.kz сайты Бейсен аға қазаққа ток-шоудың не екенін көрсетті деп жазып еді. Ойланып қарасам жөн сөз. «Айтуға оңайдың» рейтингі мықты еді. Ең қызығы Бейсен аға мен командасы рейтинг қуалап хайптың артынан кетпеді. Сонда да халықтың күтіп қарайтын бағдарламасына айналды. Бүгін әлеуметтік желілерде шығып жатқан посттар соған дәлел. Бәлкім шынайылықтың құдіреті шығар. Бейсен ағамыз бұл дүниемен тым ерте қоштасып кетті. Алланың өлшеп берген ғұмырынан қай-қайсымыз аса алмасымыз анық. Қазақ телевизиясында орны ойсырап тұратыны сөзсіз. Жатқан жері жайлы болсын.


Forward from: DeltaLab | Математика
Карл Фридрих Гаусс (1777-1855)

📢Карл Фридрих Гаусс — ұлы неміс математигі, астрономы және физигі, Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1824).
💬18 ғасырдың соңында Германияда бір сабақта мұғалім оқушыларына "1 - ден 100 ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табуды" тапсырыпты. Оқушылардың біреуі: ізделген қосынды 5050-ге тең деп жауап беріпті. Бұл бізге таныс арифметикалық прогрессияның қосындысының формуласына қатты ұқсайды. Бұл оқушы кейіннен аты әлемге әйгілі болған Математиктер королі Карл Фридрих Гаусс екен.
#қызықтыақпарат #математик


📚Машина жасау технологиясы
🖋 А.И. Ильянков , В.И. Новиков
📋Машина жасау технологиясы» оқу пәнінің барлық негізгі тараулары бойынша практикалық жаттығулардың шешімі келтірілген. Практикалық жұмыстарға тапсырманың бір нұсқасының шығарылуын көрсету мысалымен, оларды орындаудың әдісін сипаттай отырып, жеке тапсырмалардың нұсқалары берілген. Қосымшаларында практикалық жұмыстарды орындауға қажетті нормативтік-анықтамалық материалдар қоса берілген.

ОҚУ

#käsiptikbilim

20 last posts shown.

435

subscribers
Channel statistics