Оқымысты


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


қыздарға: https://t.me/+NNTX8Y8athkyM2Y6
кері байланыс үшін: t.me/anonaskbot?start=r8mjqzvddzjiq

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Мына сабақ жалғасуда, каналға қосылмаған әйел кісілер болса қосылып, ер кісілер өздерінің қарындас-әпке, жұбайларын хабардар етсе болады


Әдеби кітап оқудың пайдасы туралы әркім әртүрлі пікір айтады. Бірі - сөздік қорыңды байытады десе, бірі қиялыңды дамытады дейді. Енді бірі оқиғалардан ой түйіп, кейіпкерлердің әрекетінен сабақ аламыз деседі. Әлбетте олардың бәріне қосыламын, десе де мен үшін әдеби кітап оқу - шүкіршілікке итермелейтін бірден бір фактор

Қазақ әдебиетіне көз салсаңыз жазушыларымыз - өз кезеңіндегі оқиғаларды қағаз бетіне суреттеп түсіріп кеткен. Бердібек Соқбақбаевтың “балалық шаққа саяхатын”, Төлен Әбдіктің “парасат майданын”, Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айшасын” алып қараңыз, ол кісілердің соғыс кезіне тұспа-тұс келген өмірлерінің қандай ауыртпалыққа толы болғанын көресіз

Қанша жерден қызықты етіп жазған оқиғаларын күліп оқығанымызбен санамызда “мұндай күнді бастарынан қалай кешті екен?”- деген ой көлеңкелеп тұрады. Таба нан мен талқанды күнкөріс қып, оның өзіне зар боп қалатын күндер кешіп үнемдеп ұстағанын оқисың, қазіргідей газ, свет деген нәрсе жоқ, отын тасып қара қазан қайнатылады. жасап ішкен тамақтарында еттің болуы өте сирек, көбіне бір уыс ұннан кеспе жасап, бір екі картоп турап соны азық қылатын. Қыстың суығында тіпті бүтін киімдері де болмайтын, ал аяқтарына өздері қолдан тігіп пима, бастарына малақай киетін. Көлік атаулы да өте сирек, қақаған қыста аттары болдырып мына тұрған аудан орталығына әзер жеткен. Сөйте тұра “қарағайдан отын тасып келе жатқан кимешекті әжеміз еді”, “атамыз бес уақыт намазын қаза қылмайтын”- деген үзінділер жиі кезігеді.

Ал біз болсақ осынау барлық жағдайымыз жасалған заманда өмір сүріп жүрсек те әлі ғибадат қылуға әлсізбіз, ол заманда болсақ дінді де ұстанып қалуымыз екі талай болар ма еді. Жылы су үйге кеп тұр, от жағып ысытпайсың, киім дегенің дүкенде толып тұр, пішіп-тігіп әуре болмайсың, тамақ атаулының көптігі сонша қара нанның қадірі қалмаған. Аудан орталығына әзер жетпек түгілі түрлі шетел көруге мүмкіндігіміз бар.

Әлбетте, мен бұл сөзіммен біз де сондай қиындық көру керекпіз деп жатқан жоқпын. Бірақ біз білуіміз керек, Алла Тағала қаласа бізді сол заманда өмір сүргізсе де болар еді, бірақ бізге Алла осыншама жеңілдікті қалады. Ендеше осыған үнемі ой жүгіртіп, жүрекпен сезіне шүкір етуіміз ләзім




Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің əулие емес, күнəһар пенде екенін мойындауы керек. Оны мойындамайынша, ешкім мәңгі рухани азаптан арыла алмайды. 

📖| парасат майданы


Қазір күн суытып, түндер ұзарып, күндізгі уақыт біртіндеп қысқарып жатыр ғой. Кей жерлерде тіпті қырау, қар да жауып бастапты. Соған орай мына кітапшамызды қайтадан бір оқып шығуды кеңес етеміз. Пайдалы болғай 🙌🏻

бүгін бір оқырманымыз осылай каналға жазып ескертіп қоюымды өтінді


Әр нәрседен тылсым себеп іздей беру - адамды мен Алланың ілімін біліп тұрмын дегенге алып келеді. Ал Алла Тағала өзі туралы айтқанда “мен білемін, сендер білмейсіңдер”- деп сипаттайды.

Нұржан ұстаз

Демек, қай істің не нәрсе себепті болып жатқандығын ешкім нақты біле алмайды.


ата-анасының арасындағы дұрыс емес мәміле үшін Алла баласын ауыртады деп ойлау - Алланың әділдігіне нұқсан келтіреді. Сонда Алла біреудің күнәсі үшін басқа біреуді қинай береді ме?

Нұржан ұстаз


Қазіргі таңда психосоматика ілімін оқып, таратып жүрген танымал адамдар бар. Сол кісілердің семинарларынан соң ақидаға қатысты адамда түрлі сауалдар туындауда. Жалпы соларға жауап беретін, ол ілімнің ислами негізі бар ма деген мәселелерге ұстазымыз Нұржан Смагулов арнайы жауап беріпті.

сенім мәселесі - дұрыс болмаса сізді күпірлікке түсіріп жіберу ықтималдылығы бар өте нәзік мәселе, сондықтан бұл подкастқа бей-жай қарамаңыз.

https://youtu.be/iqiGYX_WoyI?si=6N0sWMi8EyFuhwaf


Forward from: للنساء فقط
Әссаляму алейкум уа рохматуллаһи уа бәрокатуһ👋🏻

📢 Хабарландыру!

Осы “линниса фақот” арнамызда аптасына бір күн тікелей эфирде аудиомен сабақ өтуді ұйғардық. Сол уақытқа шаруаларыңызды ыңғайлап білім алсаңыз болады. Сабақтар сақталмайды, сабақ соңында қатысушыларға сол күнгі дәріс тақырыбы бойынша сұрақ қоюына мүмкіндік болады.

📚Өтілетін кітап : мухтасар әл-қудури
📄Оның ішінде “дәрет-намаз” баптары
🗓️ Әр бейсенбі, 15:00
💸Тегін
Арнамыздың сілтемесі: https://t.me/+NNTX8Y8athkyM2Y6
🧕🏻Тек әйел кісілердің запросы қабылданады.
Ұстаз: Нму түлегі

#репостқарұқсат


Біліп қой, егер адамдар саған таң қалып жатса – олар Алла Тағаланың сенің айыптарыңды қалай әдемі жасырып қойғандығы үшін таң қалып жатыр. (сенің расымен керемет болғандығыңа емес)

🔗 мадариджу әс-сәликин


Адам баласы сөзін жазып, тасқа басып сақтағаннан бері қанша түзулік, әділдік, жақсылыққа жол айтқан кітаптар жазылған.

қане, бұл кітаптардың сөзі іс бола қойғаны? Бұл кітаптар шкафта шаң болып жатқан жоқ па?!

(с) Әлихан Бөкейхан رحمه الله


Бір күшті құнды кітап көріп тұрсыз, алуыңызға болады, бірақ алмадыңыз, ақшаңызды қимай қалдыңыз. Негізі алуыңыз керек еді.

لَن تَنَالُواْ الْبِرَّ حَتَّى تُنفِقُواْ مِمَّا تُحِبُّونَ

Жақсы көрген нәрселеріңді жұмсамайынша жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар (әл-имран, 92)

(с) Құрманғазы ұстаз


кітап оқудағы бір қолданып көрген тәжірибем - әр айға кемі екі тақырыпты бекітіп тек соған қатысты ғана кітаптарды оқу. мәселен, мен наурыз айын отбасы тақырыбына және де Алаш зиялыларының еңбектерін оқуға арнаймын деген болатынмын. солайша Ахмет ағаның мысал, әңгіме, мақалаларын қамтыған осы бір 6-томдық кітапты оқып шықтым. Таңқалдыратын тұстары өте көп болды. әсіресе ол кісі кітаптарында қазақ тілінің мәселесін майшаммен қараған тұлғалардан ғой, жазардан алдын мұқабасына бас әріппен “Қазақ тілінің әлиф,бә-сы” - деп жазып қойыпты. Тілі енді шығып келе жатқан баласына үйрететін “әліппе”-сінің өзі араб тілінен құралған бола тұра “біз тәңіршілміз”- деп таңдай қағатындарға таңым бар.)

Кітапқа толығырақ талдау кейінірек ин ша Алла


📚«қар қызы».


Кейбір ізгі кісілер егер бір кітапты оқуға ниеттенген болса алдымен фатиха сүресін оқып оның сауабын авторына бағыштайтын. солайша Алла Тағала оларға қолындағы кітапты оқып түсінуді жеңілдетіп қоятын

{Жақсылықтың қарымтасы тек жақсылық емес пе?!} әр-Рахман,60


біраз уақыттан бері кітап оқып жүріп байқағаным - біз кітапты оқығанда одан білім алатынымыз рас, бірақ сонымен қатар автордың мінезін де жұқтыратын секілдіміз.

мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды Алаш зиялыларының шығармаларын оқыған адамда ол кісілердің ел,халықтың қамын ойлағанындай өрістің кеңдігі пайда болады. Ал ұлтқа қызмет қылу Әлихан атамыз айтпақшы білімнен емес мінезден туындайды. Ондай адам кітапты өз пайдасы мен рахаты үшін ғана оқып жүре алмайды. Бәлки өзгелердің де оқудың игілігін көргенін, білгенін қалайды

Осы бір оқыған авторларымыздан біраз әсерленгеніміз бар. қанша жерден өзіміз ғана тыныш оқи беріп арна жүргізуді қоямыз десек те ішімізде бірдеңе халыққа да бөлісу керек деп тұрады. Сондықтан бұл жақтың бағыты алдағы уақытта кітап оқушы бір жанның күнделігі іспетті жүргізілетінін ескертеміз. Кей ескі кітаптарға исламтанушының көзқарасымен талдау жасау да ойда бар

Алла тауфиқ бергей 🙌🏻


нұр-мүбәрәк. бітіруші түлектер. құттықтап келуші ата-аналар. диплом табыстаушы ұстаздар

бұл көрініс сырттай жәй ғана құжат алу боп көрінгенімен үңіліп қарасаңыз жүректерінің түкпірінен орын алған оқу орындарын енді көріп/көрмейтіндігін ойлап қимастықтан елжіреп жүрген жас түлектерді көресіз

тек білім ғана беріп қоймай тәрбие мен ахлақ, дұрыс көзқарас пен өмірлік жол көрсеткен ұстаздардың зор үміт күте айтқан дұғаларын естисіз

баласы өмірдің бір кезеңінен екінші бір кезеңіне өтіп жатқанын көріп, осындай маңызды сәтте жанынан табылайын деп бүткіл шаруасын ысыра келген жанашыр ата-аналарды байқайсыз

алда мұндай салиқалы, білімге құштар орта табыла ма деп әлсін-әлсін бір-бірін құшағына қысқан бауырларға сүйсінесіз

Не де болса қуаныш пен қимастықтың лебін бір жерге жинаған өте ерекше күн болды. сол маңызды күнді өмірлік серігімізбен бірге қарсы алуды нәсіп еткен Раббыма есепсіз хамд болғай)

пы/сы: оқу бітпеді, бәлки оқу енді басталды жас түлек!


мұсылманның күнінің кіріспесі - таң намазы, қорытындысы - құптан.

егер таң намазға тұра алған болсаңыз артынша “Раббым, маған таң намазды оқуыма тауфиқ бергеніңдей бүгінгі бес уақыт намазымды да қаза етпей, кешіктірмей, уақытылы оқуыма өзің сәттілік бергейсің”,- деп дұға етпек керек.

ал құптаннан соң “Раббым таңда айтқан дұғамды қабыл еткеніңе сансыз шүкір, барлық мақтау Өзіңе болсын, сен сәттілік бермесең біз өздігімізден ол нәрсеге қауқарлы емес едік”- деп шүкірлік қылмақ керек.

ал намаз оқуға ерініп, бейнебір оны қиын іс көріп тұрған болсаңыз “Раббым, маған намазға ғашық жүрек берші, әрі намазды маған сүйікті етші оны көзімнің қарашығындай сақтайын”- деп жәрдем тілемек керек

ал ойда жоқта намазды қаза етіп алған болсаңыз дереу тәубеге асығып “негізі мен уақытында оқуға тырысып көрген едім яки пендешілігімнен ұмытып кетіппін, ұйықтап қалыппын, енді қаза етіп алғаныма жүрегім құлазып тұр, Өзің кешіре гөрші”- деп өкініп, кешірім тілемек керек.

барлығымыз Фатиха сүресінде келгендей (ииәәкә наьбуду) Оған ғана құлшылық қыламыз, бірақ (ииәәкә нәстаьин) ол құлшылық қылуда да Алланың жәрдеміне мұқтаж екенімізді ұмытпайық


Жабық арнамызға тіркеліп үлгермегендерге:

https://t.me/+NNTX8Y8athkyM2Y6


Алла Тағала: “Өзін-өзі үнемі жазғыратын адамға ант етемін”-дейді. Намаз оқыған адамға ант етіп тұрған жоқ, көп білетін адамға ант етіп тұрған жоқ, ораза ұстаған адамға, көп зекет берген адамға ант беріп тұрған жоқ. Үнемі өз-өзін кінәләйтін, жазғыратын, кемшілігін мойындайтын адамға Алла Тағала неге ант етіп отыр, білесіздер ме? Себебі, өз-өзін жазғырған адам ғана кемелдікке қадам басады.

Ал өз-өзіне көңілі толып, оқыған намазыменен, ұстаған оразасыменен, оқыған кітабыменен масайрап, соған мәз болып жүрген адамдар бір орында қалады. Дамымайды. Тіпті кері кетеді. Ал өз қателіктерін таба білетін, көре білетін, сын көзімен қарай білетін адам ғана алдыға қарай қадам басады. Демек кемелденудің алғашқы қадамы, Абай атамыз айтпақшы - адамның өз өзін жазғыруында жатыр, мінін таба білуіндe жатыр, қателіктерін көре білуінде жатыр.

©️ұстаз Қайрат Жолдыбайұлы

20 last posts shown.