OQYRMAN 📚


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Books


● Қазақ және әлем әдебиетінің көркем туындылары 📚
● Кітап талдау 🔦
● Пайдалы және қызықты ақпараттар 💡
● Кітаптан түйген ойлар🕯
● Байланысу үшін: 8701 419 1975 ☎️
● Инстаграм: @oqyrman.almaty/@oqyrman_shymkent🔍
● TikTok: @oqyrman.almaty 🎥

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Books
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Қайырлы түн🤍

Бүгін оқырман қыздарымызға арнап “құрбы шәй” өткіздік.

Филолог, әдебиетші Накибаева Назерке апайды шақырдық.

Кездесуде кітап оқудың өмірлік пайдасы, ақыл-ойдың өсуі, даму, психология, қарым-қатынас жайында пікір алмасып, ой бөлістік.

🥰 Енді дәл осындай дәстүрді жалғастырып, бірге дамуға қалай қарайсыздар қыздар?


Қыздар назарына😍


Қайырлы кеш, оқырмандар😊

16 қазан күні Кітапсүйгіш Абай университетінің студенттерінің сұрауымен кітап жәрмеңке өтеді😍😍😍
Кітап көрмеде күтеміз🤍

Келесіде қай универге барайық?


✨ жарықтық Абай жазғандай, “махаббатсыз дүние бос”. алайда махаббаттың оңғақ, келтесі бар, тұрақты, мәңгілігі бар. көкірегіне сондай қасиетті сезім ұялаған жандарды бағалауымыз керек. үйткені сүю, күю - екінің бірінің қолынан келмейді. ал бойына сүйе білу қабілеті дарыған адам өзінің азды-көпті ғұмырында жалғыз-ақ рет сүйеді, беріле, дүниені ұмыта, жан-тәнімен сүйеді. алда-жалда өзімізге біреу дәл солай іңкәр бола қалса, оны бірден бетке қақпауымыз керек. Махаббат - тау көліндей құпия сырлы, жұмбақ сезім.

• М.Мағауин “Күтпеген кездесу”

703 0 2 14 13

💔 махаббатта ой да, көз де жоқ. оның жетекшісі соқыр сезім.


• М.Мағауин “Күтпеген кездесу”


Қазақтың оқуда кеткен есесі көп. Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!

Ғабит Мүсірепов


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Қайырлы күн, кітапсүйер🩷

Қасым баспасы 3 қазан күні Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінде өтетін көрмеге шақырады😍✨

Кітап әлеміне бірге енейік🎐

Келесіде қай универге барайық?


Қазынаға апарар жол😍😮‍💨


Қайырлы кеш, құрметті оқырмандар🩷

Ертең 29.09.2024 жылы өтетін кезекті кітап талқыға шақырамыз🙌🏻

Өтетін орны: Наурызбай батыр 47
Уақыты: 15:00
Талданатын шығарма: Сайын Мұратбеков “Қылау” әңгімелер жинағы.


😍 Генри Райдер Хаггард (1856-1925) - танымал ағылшын жазушысы, қызық оқиғалы және тарихи романдар шебері.

“Сүлеймен патшаның кеніші” - күні бүгінде әлем әдебиетіндегі ең көп таралған шығармалардың бірі.

Роман қашанда қызғылықты оқылса, өз тұсында жаңалықты шығарма болды. Қаламгер ол заманда христиан әлемінде адам қатарына саналмаған қара түсті халықтарды, бұл ретте зәңгі зұлыс жұртын өр рухты, нәзік, таза сезімді, рухани дамыған халық ретінде сыпатталған. Қазірде үйреншікті жағдай десек те, озық ойлы қаламгердің оқиға өрбіту, шытырманнан жол тапқан шеберлігі аталмыш романды ешқашан ескірмес туындылар қатарына қосқан еді.

“Сүлеймен патшаның кеніші” - қазақ үшін де мән-мағынасын жоғалтпайтын, көп оқылымды роман ретінде қала бермек.

📚 Кітап құны: 2900 тг


🕯️ Мұхтар Мағауиннің «Сары қазақ» романы – советтер дәуіріндегі қазақ әдебиетінің ең соңғы шығармасы. 1991 жылы август айында жарыққа жетіп, көпшілікке тараған. 

Сонымен қатар, «Сары қазақ» – жаңа тәуелсіз қазақ сөзінің алғашқы үлгісі есепті. Осы екі тармақ сөз – мезгілдік меже ғана емес. Бұл роман еркін сөздің өзгеше үлгісін жасап, советтік-коммунистік тәртіп қазақ халқына қаншама қасырет әкелгенін алғаш рет жан-жақты суреттеген шығарма болды. Төңкерістен соңғы зобалаң мен зорлық, қуғын мен қырғын, жаппай ашаршылық, ұлттық рух, ұлттық сыпаттың жанышталуы – мейлінше шынайы көрініс тапқан.

«Сары қазақ» романының жалпы оқырман қауым, оның ішінде жаңа, жас ұрпақ алдына тартар ақпараты мен тағлымы айрықша.

📚 кітап құны: 2500 тг

628 0 1 16 11

Мұхтар Мағауиннің “Сары қазақ” романы Қасым баспасы арқылы жаңа дизайнда және тиімді бағада жарыққа шықты😍😍😍


Қайырлы күн, оқырман🫶

Біз өз оқырмандарымызды тағы да жағымды жаңалықпен қуантпақпыз😍😍😍


– Иә... шын сүйе алатын тек әйелдер ғана.

Мопассан.

«...Өзім жат біреудің құшағында жатқан кездерімнің бәрінде де суретім Төлегеннің төсінде тыныстапты. Мен арам денемді сатып, алдамшы сезімге елтіп жүргенімде оның осы жансыз суреттен басқа сүйеніш етерлік ештеңесі болмаған... Ал менде қазір көңіл жұбатуға оның суреті де жоқ. Тек бір жапырақ қағазға жазған хаты мен әні...»

Мағауин.
«Әйел махаббаты».
1961 жыл.


Мұхтар Мағауиннің шығармалары енді жаңа дизайнда, ыңғайлы форматта😍😍😍

Кітап бағасы: 2500 тг


Бұл жолы талдайтын кітабымыз Төлен Әбдіктің ең таңдаулы повестер жинағы😍😍😍

639 0 1 11 10

Осындай көріністе ой алмасып, қызық ойындар ойнап уақытты тиімді өткіземіз😊


Қайырлы кеш, оқырмандар🧚‍♀️

Маңызды хабарландыру!
07.09.2024 жылы яғни, сенбі күні кітап талдауымыз тынық ауада тауда өтеді😻😻😻


Қасым баспасы жаңа кітаппен тағы да өз оқырманын қуантпақ😍🧚‍♀️

Бұл туындыда қуанышынан қиындығы басым сан тарапты тағдыр сүрлеуін басынан кешкен Жарастың балалық, жастық шағы баяндалады. Оның маңайындағы қамқор да қаскөй жандардың әрекеттері: анасынан айырылған, үш тарапқа шашылған балапандарына шырылдап, жан ұшырған әкесінің шарасыздығы, бауырлар арасындағы сағыныш пен жылылық, Торғын мен Хасеннің баянсыз махаббаты, Кемел мен Бәтиманың адал сезімі, Бейсен, Құрымбек сынды жандардың сатқындығы, тағы да басқа заман ағымынан туындаған оқиғалар оны бірде жасытып, бірде қатайтты.

📚 Роман-хикаят шынайылықты бағалайтын оқырмандарға арналады.


Қайырлы күн, достар🩷

Кітапсүйер оқырманды біз де қуантудан жалықпаймыз😮‍💨

20 last posts shown.