Туған жерiнен алыста жұмыс iстеп жүрген үш достың бiреуiн машина қағып, қайтыс болады. Екеуi мәйiттi алып ұшаққа мiнейiн десе мiнгiзбейдi, автобуспен жүре алмайды. Содан ойланып пойызға үш билет алады. Екi тiрi достың купесi бiр, өлiп қалғанның купесi басқа болады. Сөйтiп мәйiттi үстiңгi төсекке жатқызады. Сол купеге кiрген жолаушыға өлi екенiн айтпай "мына адамға қарап жатыңызшы" дейдi. Ол кiсi "жарайды" дейдi. Пойыз жүргенде мәйiттiң қолы төменге түсiп кетедi. Астында жатқан адам "қолыңызды тартыңызшы" дейдi, тартпайды. Тағы айтады, тартпайды. Әлгi адам қолын тартып қалғанда мәйiт жерге құлап, мұрны қанайды. Әлгi кiсi тамырын ұстаса өлiп қалған, шошып кетедi. Содан ол оны купеден шығарып, аузына темекi салып отырғызып қояды. Оған тазалықшы әйел келiп "аяғыңызды тартыңызшы" десе, тартпайды. Тағы айтады, тартпайды. Шыдамаған тазалаушы аяғын итерiп жiбередi, мәйiт тағы құлап мұрны қанайды. Тамырын ұстаса өлiп қалыпты. Әлгi апай қорқып, бұтын шешiп әжетханаға отырғызып қояды. Әжетхана есiгi iшiне ашылады екен. Бiр дәу кiсi кiрсе адам отыр екен "кешiрiңiз" деп шығып кетедi. Бiр сағат өтедi шықпайы. Әлгi дәу кiсi шыдамай жынданып есiктi тарс ашқанда мәйiттiң басына тиiп жерге құлайды. Қараса өлiп қалған. Не iстерiн бiлмей пойыздан лақтырып жiбередi.
Достары келiп мәйiттi сұраса, астында жаткан кiсi "бiлмеймiн, жаңа темекiсiн ұстап сыртқа кеткен" дейдi. Ол жақтағы тазалықшы апайдан сұраса "әжетханаға кеткен" дейдi. Әжетханаға бара жатса алдарынан дәу кiсi шығады. Одан сұраса "жаңа өлем деп пойыздан секiрiп кеттi" дейдi. Достары пойыздан түсiп, мәйiттi тауып, емханаға апарса екi күн бұрын өлiп қалған адамды дəрігер: "бес минут бұрын әкелсеңдер аман қалар едi" дептi.
Опщым пезнес шшс.