Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🇰🇿🇵🇱Қазақ тіліне ғашық болған польшалық ару – Юстина Стрзалковска🇰🇿🇵🇱
Юстина — Польша елінен келген ерекше қонақ. Ол Қазақстанға деген сүйіспеншілігін, әсіресе қазақ мәдениеті мен тіліне деген қызығушылығын жасырмайды. Бұл махаббаттың бастауы — әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген. Оның өнері Юстинаны қазақ халқының болмысына тереңірек үңілуге шабыттандырған.
Қазақ тілін меңгеруге бел буған Юстина “Отандастар қоры” ұйымдастырған тегін онлайн курсқа жазылып, сол арқылы тілдің базалық деңгейін үйреніп шыққан. Ол қазақ тілінің әуезділігі мен мағына байлығына таңданып, оны әрі қарай жетілдіруге ниетті екенін айтады.
Юстина биылғы Наурыз мейрамын қазақ елімен бірге қарсы алу үшін арнайы сапарлап келген. Ол достарымен бірге әртүрлі қалаларда болып, ұлттық мерекенің шынайы рухын сезініп қайтқан.
Юстинаның әңгімесі – шынайы қызығушылық пен құрмет арқылы халықтар арасындағы рухани көпір орнатуға болатынын дәлелдейді.