OYORDA Live


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Travel


OYORDA оқырмандарының телеграм чаты:
https://t.me/+bAx0-ZbpQtY1MmZi

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Travel
Statistics
Posts filter


ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!📚❤️
Бүгін – кітап арқылы рухани кемелденуге, саналы ұрпақ тәрбиелеуге бастайтын Ұлттық кітап күні!

OYORDA — жас көшбасшылар мен саналы тұлғаларды қалыптастыруды мақсат еткен білім мен руханият алаңы.
Біздің миссиямыз – жастарды өз болмысын тануға, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, қоғамға пайдалы тұлға болуға жетелеу.
Ал кітап – осы жолдағы ең сенімді серігіміз.🌟

Әр оқылған кітап – тұлғалық дамудың бір қадамы.
OYORDA оқуға құштар ортаны қалыптастыру арқылы саналы буынды тәрбиелеуге өз үлесін қосып келеді.

Кітап оқудан қалыспайық. Өзімізді дамытып, өзгеге жол көрсетер шам болайық!🕯️


Без этого никак.

Последнее время в обществе обсуждается тема русского языка и его роль в Казахстане. Для одних – это сложное наследие прошлого, для других – инструмент, который открывает доступ к науке, литературе, возможностям. Но главное – не сам язык, а то, как мы его используем. Мы видим огромный потенциал в осознанных дискуссиях, которые помогают людям развивать критическое мышление, расширять горизонты и находить новые смыслы. Именно для этого мы создали «Без этого никак» – пространство, где собираются читающие и размышляющие люди, находятся ответы на
самые насущные вопросы.

#БезЭтогоНикак #РазвитиеЧерезДискуссии


Ойлы оқырман, сәуірдің шуағында жаңа шабыт іздейтін кез келді!

Сенбі 19 сәуір күні ерекше атмосферада өтетін Likekitap кешіне шақырамыз!

Бұл жерде:
📍Әр түрлі жанрдағы кітаптармен танысасың
📍Нағыз оқырмандардың жүрегінен шыққан ұсыныстарды тыңдайсың
📍Кітап арқылы өзіңді және әлемді тануға бір қадам жасайсың

Уақыты: 16:00 – 18:00
Мекенжайы: Төле би көшесі, 42 (Binom)
Кіру тегін!
Кез-келген Астаналық қатыса алады.

Сөзге бай спикерлер өз оқыған кітаптарымен бөлісіп, жаңа көкжиектерге жол ашады.
Бұл – жай ғана кездесу емес. Бұл – оқырман мәдениетін бірге қалыптастыратын орта!

Кел, тыңда, шабыттан!
Сәуірдің ең лайықты кітабын бірге осы жерде таңдайық!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


LikeKitap-қа лайық деп таныған, соңғы оқыған кітабын таныстыратын спикерлерімізді 1-2 күнде шығатын афишадан көре аласыздар.

Ал тыңдарман ретінде кез-келген Астаналық келіп қатыса алады және қатысу тегін.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


📸 Сіз бен біз күткен OYORDA Talks 4.0 фотолары 🤩👇🏽

https://t.me/oyordatalks


Тіркеу ашылды! 🤩
Орын саны шектеулі (200).

🔗 https://forms.gle/LJ65iok5pcmrFMgV7


Тіркелу бүгін 20:00-де ашылады! 🤩

OYORDA Talks 4.0-тің құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар!

Санжар Керімбай
- 📚 Тақырыбы: “Қаныш және ғылыми майдан”
- Шығыстанушы, ағартушы, “Отбасы хрестоматиясы” жобасының авторы.

Әлихан Жақсылық
- 📚 Тақырыбы: “Тургенев көшесіндегі үй жұмысқа қабылдайды”
- ҚР Дарын сыйлығының иегері, жас жазушы.

Күні: 5 сәуір | 10:00
Өтетін орны: EXPO, Мәңгілік Ел 55/18
Жарна: 990 ₸

🍃 Дресс-код: қазақи нақыштағы киім, әшекей-бұйымдар

❗️ОРЫН САНЫ ШЕКТЕУЛІ - ТЕК 200 ОРЫН. Төмендегі Google форманы толтырып, өз орныңызды нақтылайсыз.

🔗 https://forms.gle/LJ65iok5pcmrFMgV7

🔹 Серіктесіміз - Oyorda Kitap&Kofe

🟢 Рухтастар, біз сіздермен қауышуға асықпыз!


Түрікшені ұнатып, бірақ кейінге қалдырып жүргендер бар ма? Бұл жазба сізге арналады😮‍💨

Осы сенбі-жексенбіде бәріміз наурыз көже ішіп, жантайып демаламыз. Ауылы барлар сапарлатып та кетуі мүмкін. Ал қалада болсаңыз, мына мүмкіндікті басып қалу керек ⤵️

🇹🇷 Türkçe dil kulübü
✅ 23 наурыз - жексенбі - 12:00
Тақырыбы: Nevruz'un bütün Türk dünyası için önemi

Мекенжайымыз: М. Әуезов 4 , Oyorda Kitap&Kofe
Тіркелу үшін: +7 771 162 30 97 (Гүлнұр ханым)

❗️Сабақ ойордалықтарға тегін. Ал қатысуға ниетті астаналықтарға жарна арқылы. Толығырақ тіркелу кезінде анықтай аласыз.

🫂 Pazar günü görüşürüz, arkadaşlar!


Наурыз қарсаңында қазақша куиз!

🔔 Жексенбі | 16 наурыз | 13:00-17:00 аралығы
✅ Мекенжай: Төле би көшесі, 42 (Binom)

Наурызнама басталды. Ендеше, қазақша киіміңізді киіп алып, достарыңызды ертіп, ойлы адамдарның ойынын ойнайтын сәт келді☺️

Осы жолғы формат: КЛАССИКА ✔️

✅ Не істеу керек?

1. Команда құру не жекелей тіркелу (1 командада 4-8 адам болады). Сізге команда табып береміз! 🤩
2. ⁠Ол үшін БИО-дағы/төмендегі Google Forms сауалнамасын толтыру.
3. ⁠Жарнаны куиз кезінде төлейсіз - 2500 тг (студенттерге 2000 тг).
4. Ойынға қазақша нақыштағы бұйым, әшекей, киім киіп келсеңіз қуанып қаламыз😮‍💨

Сұрақтар бойынша +7 (777) 388-89-97 WhatsApp нөмірі арқылы Перизат ханымға хабарласыңыз 📞

🫂 Бізден сізге ұсыныс:

✨ ми шайқар сұрақтар
✨ жаңа таныстықтар
✨ сыйлықтар
✨ ойордалық вайб

OYORDA Quiz-ге кел!
Ойлан да, ойлы адамдармен таныс!

ТІРКЕЛУ және анықтама: https://forms.gle/KzFbvFryyntH2ZbB9

❗️Куизге астаналықтардың бәрі қатыса алады.


Күншуақты көктемнің ең ерекше күні — халықаралық әйелдер күнімен барша оқырман қыздарды, кітапқұмар арулар мен аналарды құттықтаймыз! 💐🥳

Жүректеріңіз «Махаббаттың қырық қағидасына» бекіп, өмірлеріңіз «Өмірден мән іздеген жандардың» қамқорлығы мен сыйластығына толсын. Көктемнің әрбір шуақты күні «Жарқыраған мың күндей» сіздерді жақсы жаңалығымен қуантсын! ✨

Сіздерге Меңтайдың ақ көңілін, Ақбілектің қайсарлығын, Ұлпанның көрегендігін, Айгерімнің ажарын, Ботагөздің батылдығын, Бағиланың сұлулығын, Салтанаттың нәзіктігін тілейміз! 💫

Әлем сіздермен әдемі. Көктемдей құлпыра беріңіздер, нәзік жанды арулар! 🌸


Көктемнің алғашқы аптасы😍
және назарларыңызда шаралар кестесі:

08.03 - сенбі - 12:00
🇺🇸 English Speaking Club
📲 +77479664236 Айым ханым

08.03 - сенбі - 15:00
✍🏻 Qalamger (1-топ)

09.03 - жексенбі - 12:00
🇹🇷 Türkçe dil kulübü
📲 +7 771 162 30 97 (Гүлнұр ханым)

09.03 - жексенбі - 15:00
✍🏻 Qalamger (2-топ)

✅ ЕСКЕРТУ:

1. Ағылшын және түрік клубтарына көрсетілген нөмір бойынша бір реттік жарнамен қатысуға болады;
2. Осы шаралардың тақырыбы мен өтетін мекенжайын карусельден көре аласыздар.

🥰 Құрметті қыздардың мерекесімен басталатын демалыстарға дайындала берейік! Не дегенмен оқырмандар өзгеше демалады ғой😎


Ойлы оқырман назарына!
Наурыздың алғашқы аптасындағы іс-шаралар кестесі ⤵️

🇺🇸 English speaking club - 1 наурыз (сенбі) 12:00
✅ Тақырыбы: "Speed Networking"
📍М.Әуезов 4, Oyorda Kitap&Kofe
Байланысу үшін: Айым ханым +77479664236

✍🏻 Qalamger - 01 наурыз (сенбі) 15:00
✅Тақырыбы: 1 сабақ (1-ші топ)
📍Ә.Бектұров 1/2 , Oqyrman astana
Байланысу үшін: Күмісбек мырза
+7 702 877 8384

🇰🇿 Қазақша талқы - 2 наурыз (жексенбі) 12:00
✅ Тақырыбы: "Толық адам" тағылымы
📍М. Әуезов 4, Oyorda Kitap&Kofe
Байланысу үшін: Арнұр мырза +7 707 605 2524

✍🏻 Qalamger - 2 наурыз (жексенбі) 15:00
✅ Тақырыбы: 1 сабақ (2-ші топ)
📍Ә.Бектұров 1/2 , Oqyrman astana
Байланысу үшін: Күмісбек мырза
+7 702 877 8384

🫂 Алдағы апта өнімді өтсін десеңіз, әлден жоспар құрып, жоба жетекшілеріне хабарласып қойыңыз. Жалпы астаналықтарға Қазақша талқы мен спикинг клабқа ақылы түрде қатысу мүмкіндігі бар.

😍 Біз бірге дамуға дайынбыз!
Ал сіз ше? Таңдауыңыз не?


Астаналықтар назарына!
Алдағы жексенбі OYORDA Quiz интеллектуалды ойыны өтеді!

🔔 Жексенбі | 23 ақпан | 13:00
Мекенжай: Төле би көшесі, 42 (Binom)

Интеллектуалды куиз ойнау үшін қызыл диплом, алтын белгі керек емес! Ол үшін көңілді команда мен логикасы тәуір таныстарың болса болғаны 😁

Осы жолғы формат: КЛАССИКА ✔️

Не істеу керек?

1. Команда құру не жекелей тіркелу (1 командада 4-7 адам болады). Сізге команда тауып береміз! 🤩
2. ⁠Ол үшін төмендегі Google Forms сауалнамасын толтыру.
3. ⁠Жарнаны куиз кезінде төлейсіз - 2500 тг (студенттерге 2000 тг).

Сұрақтар бойынша +7 (777) 388-89-97 WhatsApp нөмірі арқылы Перизат ханымға хабарласыңыз 📞

🫂 Бізден сізге ұсыныс:

✨ ми шайқар сұрақтар
✨ жаңа таныстық
✨ инста-байқау
✨ сыйлықтар
✨ ойордалық вайб

ТІРКЕЛУ және анықтама: https://forms.gle/PNfpxJdJYrnozre98

❗️Куизге астаналықтардың бәрі қатыса алады.

❗️Барлық қатысушылар сауалнаманы толтырады. Бір топта болса да.


🎞️ OYORDA қауымдастығының бір жылдығына орай қысқаметражды деректі фильм жарық көрді.

Рухтас оқырмандар мен қауымдастық көшбасшыларының жүріп өткен жолы, тарихқа үңілуі мен болашаққа бағдар алуы. 2024 жылдың 20 қаңтар жұлдызында бастау алған қозғалыс — қазіргі таңда 500-тен астам 📖 оқырмандарға өз құндылығын ұсынды және ұсынып жүр.

🔗 Сілтемесі: https://youtu.be/VRdKsfKSbFg

💡 Идея авторы, продюсер - Айна Ғизатқызы
🎥 Режиссер-монтажер - Еркежан Сұлтанәлі
📸 Оператор-монтажер - Күмісбек Өскенбайұлы


“Көкжиек” маусымының ашылу салтанатын сізде асыға күттіңіз бе? 😍

Бұл жолы OYORDA Oqyrman-дар Хәрри Поттер әлеміне бет түземек!

OYORDA оқырмандар клубының жаңа маусымы – КӨКЖИЕК өз есігін айқара ашады!
Хогвартстағыдай біздің де маусымымыз төрт бағытта, яғни төрт факультетке бөлінген.
Кітап пен білімге құштар жандардың жиналатын бұл кешінде нағыз сиқырдың куәсі болуға шақырамыз! 🌏⚡️

🪡 Дресс-код: сүйікті Гарри Поттер кейіпкеріңнің образы
📍 Өтетін орны: Wyndham Garden қонақ үйі, Хусейн мен Талал көшесі 25
Күні мен уақыты: 16.02.2025, сағат 14:00

🚫 Ашылу салтанатына тек “Көкжиек” маусымына тіркелген ойордалық оқырмандар ғана қатыса алады.

Қолыңдағы кітабыңды уақытша сиқырлы таяқшаға алмастырып, Hogwarts Express-ке отыруға дайындал!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Қайырлы кеш, Рухтастар!
Ертең KitapKofe OYORDA жылы мекеніміздің есігі көпшілікке ашылмақ! Сізді де күтеміз!🫂📚☕️
https://www.instagram.com/reel/DFNmorksFuy/?igsh=cXhuend2NHJ5bnR5


Тіркелу ашық 👇🏽💫

https://forms.gle/xa3bX87k35HWMZkn7

20 last posts shown.