Осы жолы Qargyn клубында Әлия Әшім еркіндік туралы сөз қозғады. Көп жастың триггері екенін көздерінен көріп отырдым. “Ата-анамның таңдап берген жолын таңдау да менің таңдауым ғой” деп көздері айғайлап жатты.
Ойыма өзімді еркіндікке жеткізген мысал түсті.
“Өзіме жауапкершілік алудан қорқамын” дегенде көз алдыма тесігі бар резеңке қайықтың үстінде отырған адам елестейді. Әзір бата қоймады. Ыңғайлы, таныс. Таяқ тастам жерде жаға тұр. Сәл жүзсе жетуге болады. Бірақ ол жер, ол жерге жеткізетін су таныс емес. “Қалай танысам, қалай қабылдайды, бәрін басынан бастау керек пе?” деген ой жібермейді. Таныс, “қауіпсіз” жерде отыр дейді. “Батуға әлі біраз уақыт бар ғой, оған дейін дұрыс шешім қабылдап үлгерем….” дейді ми.
Қайық ерте ме, кеш пе, әйтеуір батады…