📌Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
📊Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты».
✅Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлардың қатарында – рейтингі ұқсас елдер арасындағы орташа көрсеткіштен едәуір асатын және елдің қаржылық икемділігін қамтамасыз ететін қуатты сыртқы буферлер қалып отыр.
📈Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық активтері мен ресми алтын-валюта резервтері ЖІӨ-нің 38% баламасына жетті, бұған инвестициялардың 8,4% деңгейіндегі кірістілігі және алтын бағасының өсуі ықпал етті.
👨🏫Сарапшылар мұнай саласына тәуелділікті біртіндеп азайтуға ықпал ететін көлік және жаңартылатын энергия сынды секторларды дамыту бойынша жасалып жатқан қадамдарды айтты.
↪️Бұған қоса, Агенттік кең ауқымды қайталама санкциялар салудың салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін атап өтті.
📱 https://t.me/presseconomy