📌Елордада әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайы өтті
💠Іс-шара ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару) тәсілдерін қоса алғанда, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды талқылауға, байланыстарды нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған.
*️⃣Форум барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті.
*️⃣Оның айтуынша, инвестициялық мақсаттар үшін – 1,5 млрд теңгеге дейінгі және айналым қаражатын толықтыруға – 500 млн теңгеге дейінгі кредит сомасына 7%-дан сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру енгізілді.
📈Бұған қоса, мемлекет тарапынан әлеуметтік кәсіпкерлердің микрокредиттерін 7% мөлшерлеме бойынша 20 млн теңгеге дейінгі микрокредит сомасына яғни инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін субсидиялау мүмкіндігі атап өтілді.
🤝Сөзінің соңында Б.Құдайбергенов Құрылтайға қатысушыларға алғысын білдіріп,«Үздік әлеуметтік кәсіпкер – 2024» байқауының «Әлеуметтік инновациялық шешім», «Тұрақты даму» және «Ең жас әлеуметтік кәсіпкер» номинацияларының жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті.
📱 https://t.me/presseconomy

«Біз азаматтарымыздың әлеуметтік аспектілерін жақсарту бойынша жобалар мен бастамаларды іске асыратын, ортақ әлеуметтік жауапкершілігі бар кәсіпкерлерге толықтай қолдау көрсетеміз», - деп атап өтті Б. Құдайбергенов.
*️⃣Оның айтуынша, инвестициялық мақсаттар үшін – 1,5 млрд теңгеге дейінгі және айналым қаражатын толықтыруға – 500 млн теңгеге дейінгі кредит сомасына 7%-дан сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру енгізілді.
📈Бұған қоса, мемлекет тарапынан әлеуметтік кәсіпкерлердің микрокредиттерін 7% мөлшерлеме бойынша 20 млн теңгеге дейінгі микрокредит сомасына яғни инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін субсидиялау мүмкіндігі атап өтілді.
«Биыл біз мемлекеттік гранттарды тек әлеуметтік кәсіпкерлікке беру саясатын қайта бағдарладық. Мемлекеттік гранттың көлемі бір кәсіпкерге 5 млн теңгеге дейін жетеді», - деді вице-министр.