Жалпы, осы каналда жазылып жүрген нәрсенің бәрі - контент жасаушылардың аудиторияға деген қатынасының көрсеткіші болса керек. Қазақша мәтінді қате жасайсың ба? Аудиторияға "пипл схавает" деп қарағаның. "Қазақша болса болды емес пе?" дегенің. "Орысшасы түсінікті болса жетпей ме, қазақшасын жасағанымыз - амалсыздан, заң талабы солай болған соң" дегенің. Бұл - қазақ аудиториясына қатысты мифтердің біреуі ғана. Тағы басқа қандай мифтер бар?
Ертең достарым Роза Әшірбаева мен Дастан Аққожа паблик-ток өткізіп, қазақ аудиториясына деген қатынасқа анализ жасамақ.
Кім қатысқаны дұрыс болады? Пиарщик, маркетолог, текстовик-контентчик деген позицияларда жұмыс істеп жүрген адамдарға пайдалы болмақ.
Қатысам десеңіз, мына суреттегі нөмірге хабарласып,
мына гугл-форманы толтырыңыз.
Мен де барам!