Соңғы кездері өзіме көңілім толмай жүр. Құр сенделдім, қатырып жатырмын деп айтатындай мақтанарлық түгім жоқ. Мында зебра басын да шалмай кетіппін, жауапсыздық демей немене.
Қатты кешірім сұраймын, оқырмандар. Мен бейбақ бір кездері арнамды ашсам, одан оны гүлдендіріп нұрландырып, көркейтсем ғой деп армандаушы едім. Сол арманымның тізгінінен қапыда, бәлки босаңқырап ұстап айырылып қалдым. Тізгінді қайта шап беріп ұстап, тақымды қысып, еңсе түзеп бой тіктеуге мүмкіндік бар ма екен? Өзімді жел үрлеген қаңбақтай сезінем. Уақыттың аждаһадай аранына сұмдық жұтылып барамын. Сондай дәрменсізбін... Үстімдегі жиналып қалған ақ ұлпа қарды сілкіп-сілкіп тастағым келіп тұр. Бірақ ол еріп, аяғыма балшық боп жағылса ше? Екіойлымын, байланып қойған қазығыма айналып қайта-қайта келе беремін.