Forward from: quranuiren
Бір күні атақты халифа Һарун Рашидке бір кісі келіп: “Мен қазір саған бір сын айтам, айтсам қатты айтам, жаныңа батса, ренжіме!” - дейді. Сонда халифа: “Тоқтай тұр! Алла Тағала менен де жаман адамға сенен де жақсы екі адамды жіберіп тұрып, ол екеуіне былай деп бұйырған”,- деп “Таһа” сүресінің 44-аятын есіне салған екен. Құранда былай баяндалған: “ Екеуің Перғауынға барыңдар. Өйткені ол шектен шыққан. Оған жұмсақ сөз сөйлеңдер, мүмкін ол үгіт алар немесе қорқар.”
Көрдіңіз бе? Алла Тағала жер бетіндегі ең жаман адамның өзіне насихат, кеңес, сын айтатын кезде оның өзіне жұмсақ, мейірімді, сабырлы күйде сын айт деп бұйырып тұр. Демек, әр адам сөзі мен насихатының өткенін қаласа, онда мейірімнен алыстамай, айтатынын жанашырлықпен айту керек екен.
Даналықпен дән сеуіп, жұмсақтықпен көркем нәтиже шығаруды нәсіп етсін Алла баршамызға!
_________________________
#асыларна #asylarna #асыларнателеарнасы #мейірімдібол #сынайту