Қаржылық сауаттылық


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Economics


Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріп шығыңыз.
👫Арнаға мына сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty
Арна иесі: Исламбек Әділбек
| Жарнама [реклама] және ұсыныстар бойынша – @islmbekk

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Economics
Statistics
Posts filter


💵Қаржы жайлы қысқа дәріс #1

Сіздің күн сайынғы кішкентай шешімдеріңіз үлкен қаржылық нәтижеге жеткізеді. Coca-cola ма, инвестиция ма? Таңдау сізде.


💰Пайызы ең жоғары ДЕПОЗИТ

~ Депозиттердің пайызы қазір жиі өзгеріп жүр. Себебі, бұрын депозиттердің пайызын ҚДКБҚ (Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры) реттеп отыратын.
| 2025 жылдың 1 наурызынан бастап ҚДКБҚ теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді толық жойды. Соның әсерінен банктердегі депозиттінің пайызы артып жатыр.

🇰🇿Дәл қазір елдегі ең пайызы көп депозит: Freedom банктің «КАПИТАЛ» депозиті.
«КАПИТАЛ» депозитінің шарттары:
🔹Депозит тек теңгеде (₸) ашылады.
🔹Депозитті ашу үшін ең аз дегенде 500.000 тг салу керек.
🔹Пайызы:
| 3 ай: 17%
| 6 ай: 18.5%
| 12 ай: 15.7%
| 24 ай: 11.3%
| 36 ай: 6.4%
🔹Депозитті ашып, уақыты жеткенше толтыруға немесе шешіп алуға болмайды. Мысалы, депозитті 6 айға ашып, ішіне 1.000.000 ₸ салсаңыз, 6 ай өтпей үстіне ақша қоса алмайыз және 6 ай өтпей ақшаңызды шеше алмайсыз.
🔹+Freedom bank дәл осы депозитті ашқан адамдарға депозит пайызынан бөлек, бір реттік +15.000 теңгеге дейін кэшбек беріп жатыр.

Пост пайдалы болса, реакция басыңыздар😊

4.5k 0 16 32 147

«Инвестор бол» кітабы жайлы оқырман сұрағына жауап:

1 сұрақ: Кітап неше бет?
Жауап: 163 бет

2 сұрақ: Кітап қаржы сауаттылығы жайлы ма әлде инвестиция жайлы ма?
Жауап: Кітаптың 60%-ы инвестиция, 40%-ы қаржы сауаттылығы, қаржыны үнемдеу, қаржыны басқару, қарыздан құтылу, табыс табу жайлы.

3 сұрақ: Кітаптың электронды нұсқасы сатылады ма?
Жауап: Жоқ, сатылмайды.

4 сұрақ: Кітапты kaspi red арқылы ала аламыз ба?
Жауап: Жоқ. Себебі, бұл кітап қаржы сауаттылығын дәріптейді. Қаржы сауаттылығын дәріптейтін кітапты қарызға берсем, ол нағыз - екіжүзділік. Қаржы сауаттылығын үйретіп, қарызға батырғанмен бірдей боламын.

5 сұрақ: Кітапты қандай дүкендерден ала аламын?
Жауап: Кітапты тек өзімнен ала аласыз. Ешқандай кітап дүкенінде бұл кітап жоқ. Себебі, кітап дүкендеріне берсем, бағасы 2 есе көтеріліп кетеді.

6 сұрақ: Кітапта нақты қандай акциялар алу керегі жазылған ба?
Жауап: Иә, жазылған. Тек акциялар ғана емес ETF, алтын т.б құралдар да нақты көрсетілген.

Кітапты алу үшін төмендегі батырманы басыңыз⤵️


Инвестицияға ақшаны қайдан аламыз❓
(соңына дейін оқыңыз, өте пайдалы:-)

💭Жеке оффлайн сабағыма Жадыра есімді 23 жастағы қыз жазылды. Оператор болып жұмыс істейді. Болашағы үшін ұзақ мерзімге инвестиция жасағысы келеді. Алайда ай сайын тұрақты инвестиция жасайтын қаржысы жоқ. Содан Жадыраның 4-5 айлық кіріс-шығысын қарап, зерттеп шықтым. Орташа есеппен: айына 350.000 тг қаржы жаратады. Қыз болғасын төлемнің басым бөлігі:
1. Киім;
2. Бояу және гигеналық заттар;
3. Такси;
4. Ұсақ-түйек шығындарға кетеді екен. Сол төлемнің бәрін kaspi gold картасы арқылы жасап жүрген.

⚖️Кіріс-шығыс есебін зерттеп, қайта құрдық. Нәтижесінде мына шығындарды азайттық:
1. Телефондағы артық жазылымдарды (подписка) өшірдік.
2. Эмоциямен сатып алуды болдырмас үшін қаржысын әртүрлі санаттарға бөліп, тариф қойдық. Мысалы: киімге әр айда 40.000 тг, бояуға 25.000 тг т.б
3. Kaspi gold картасынан, freedom картасына көшті. Себебі, әр төлемнен кэшбек алу маңызды болды. Freedom-ға көшіп, әр айда шамамен 17.000-20.000 кэшбек жинады. Сол кэшбекке ай сайын инвестиция жасап отырдық.
📍Кіріс-шығысты қайта құрып, әр айда инвестицияға +100$ (50.000 тг) үнемдедік.

🗓️Жадыраның өмірі ешқандай өзгермеді. Баратын жеріне барды, алатын заттарын алды. Яғни, өмірінің комфорты түспеді. Мен ол кісіні 6 ай бақыладым. Қазір инвестициялық портфелінде +370.000 тг қаржы жиналды. Жадыра жұмыстан алған бонус+кэшбектің бәрін инвестицияға құйып жүр.

~ Не айтқым келді? Әр адам өзінің кіріс-шығысын есебін зерттеп, қайта құрса, көп қаржыны үнемдеуге болады. Әр адамда қажетсіз артық шығын болады. Сол артық шығындарды дұрыс бағытқа бағыттаса, бәрі де реттеледі.
| Мен инвестиция бойынша оффлайн консультация жүргізгесін, бұндай мысалдар тәжірибемде өте көп. Қалай, осындай мысалдармен бөлісіп тұрайын ба?

5.7k 0 30 28 295

"Инвестор бол" кітабынан үзінді.

Автор: Исламбек Әділбек


Gold - 1 жылда 42% өсті😍
(соңына дейін оқыңыз, өте пайдалы)

Gold - алтын. Алтын бағасы 1 жылда 42% өсті. Сізге түсінікті болу үшін былай айтайын: сіз былтыр алтынға 100$ салсаңыз, биыл сол 100$ 🔜 142$ болар еді. Керемет емес пе?

Алтын өсуіне не себеп?
1. Екі алыптың (china vs usa) арасындағы сауда соғысының басталуынан алтын бағасы күрт өсті.
2. Нарықта тұрақсыздық көбейгесін, адамдар өз қаржысын алтынға салды. Соның әсерінен де алтын бағасы өсті.
| Бұдан нені аңғаруға/түсінуге болады? Экономикада тұрақсыздық, түсініспеушілік көп болса, адамдар өз қаржысын алтынға салады. Керісінше, нарық жақсы көңіл-күйде болса, онда адамдар қаржысын жекелей компаниялардың акциясына салады.

⚱️Жеке портфелімдеге алтынның үлесі 5%. Яғни, портфелімнің 5%-ын алтын құрап тұр.
Алтынды алған себебім: акциялардың бағасы күрт төмендегенде, алтын бағасы өсіп, акциялардың төмендегенінін көрсетпейді.

📍1 жыл бұрын "Алтынға инвестициялау" деген шағын кітапша жаздым. Сол кітапшадан алтынға инвестициялау жолын тегін үйреніңіз⤵️


Тұсаукесер✂️🎗️

Құрметті, қаржылық сауаттылық telegram арнасының оқырмандары!
Сіздерді «ИНВЕСТОР БОЛ» кітабының ресми тұсаукесеріне шақырамын. Тарихи сәттің куәсі болыңыз.

Бұл күн мен үшін - ең ерекше күн. Ерекше күнде қасымда өз оқырмандарымның болғанын қалаймын. Келіңіздер, жақыннан танысып, арқа-жарқа болайық!
💙Есік жаққа елеңдеп, сіздерді күтемін.

📍Мекенжай: Алматы қаласы. Alatau creative hub (Алматы Арена маңайында)
Атлетическая деревня, микрорайон Нуркент, 5/11
2 гис: Alatau creative hub
https://2gis.kz/almaty/geo/70000001047455043

Уақыты: 13.04.2025 / 17:00


«ИНВЕСТОР БОЛ» кітабында не жазылған?
[соңына дейін мұқият оқыңыз]

- «Инвестор бол» кітабы инвестиция саласын тереңінен түсіндіретін қазақ тіліндегі ТҰҢҒЫШ кітап. Тұңғыш деуіме не себеп? Бұған дейін шыққан инвестиция жайлы кітаптар - өзге тілден аударылған немесе жинақталған кітаптар. Ал «Инвестор бол» кітабы ешқандай кітаптың көшірмесі немесе аудармасы емес. Бұл менің интеллектуалдық еңбегім. 100% қазақ тілінде жазылған, зерттелген кешенді жұмыс. Бұл тарих.

🔹Кітапта 6 бөлім бар. Кітаптың негізгі бағыты - инвестиция. Қаржылық сауат, қаржыны басқару және үнемдеу, қарыздан құтылу, табыс табу тақырыптары да қамтылған. Бұл кітап инвестицияны бастаған оқырманға да, бастамаған оқырманға да пайдалы болады.

🔹Мен бұл кітапқа 1 жыл уақытымды арнадым. Ойлаңызшы, 1 жыл бойы үздіксіз бір тақырыпты қазбалап, зерттеп кітап жазудың қандай ауыр екенін. Шашыма ақ түсуге сәл қалды :-)
Тіпті осы кітап үшін 5 жыл бойы жүргізіп келген жобамды тоқтаттым. Барлық назарымды, күшімді осы кітапқа жұмылдырдым. Соған тұрарлық кітап болып шықты. Тағы қайталаймын: БҰЛ - ТАРИХ!

🔹Қаржылық сауаттылықты үйреніп, қаржы жинағыңыз келсе - бұл кітап сіз үшін. Сапалы инвестиция жасап, қаржылық тәуелсіздікке жеткіңіз келсе - бұл кітап сізге арналған!.

❗Кітап жайлы сұрағыңыз болса, мазмұнымен танысқыңыз келсе, тапсырыс бергіңіз келсе - төмендегі сілтеме арқылы менеджерге жазыңыз⤵️
https://wa.me/message/TGCWRHAXL56AN1


🔴Қып-қызыл kaspi bank

Kaspi акциясы үздіксіз құлап жатыр. Жыл басынан kaspi bank акциясы -13.70% құлады. Қазір kaspi банктің 1 акциясы 46 298 ₸. Құлауына не себеп?

🔹Kaspi bank 2024 жыл үшін дивиденд төлемейді. Kaspi банк 2024 жылы 3 рет 850 теңгеден дивиденд төледі. Соңғы 3 ай үшін дивиденд төлемейді. Осы жаңалық акция бағасының төмендеуіне әсер етті.
🔹Жақында барлық банк бір-бірінің QR-ын оқитын болады. Бұл жаңалық kaspi-дің нарықтағы орынын сәл де болса өзгертеді.
🔹Kaspi халықаралық деңгейде жұмыс жасауды бастады. Сол үшін де қаржысының басым бөлігін компанияның дамуына, халықаралық деңгейде кеңеюге жұмсауда.
🔹Kaspi Түркия нарығына алғашқы қадамын жасады. Былтыр түркиялық Hepsiburada маркетплейсін сатып алды. Жақында түркиялық Rabobank банкін де сатып алды.

| Бұл шаралардың барлығы kaspi-дің ұзақмерзімде дамуына сеп болады. Жеке портфелімде kaspi-дің акциясы бар. Ең алғаш 38.000 теңге кезінде алдым. Содан бері үздіксіз өз портфеліме қосып жүрмін.

⚠️Жарнама немесе инвестициялық ұсыныс емес.


😍1 айда 13% өсім

🏦Халық банк акциясы 1 айдың ішінде 13.78% өсті. Қазір халық банктің 1 акциясы 281 теңге. Акция бағасының өсуіне халық банктің 2024 жылғы қаржылық есебі себеп болды.

Халық банктің қаржылық есебіндегі ОҢ көрсеткіштер:
1. Банктің таза табысы 32.8%-ға артқан.
2. Несиелерден түскен табысы 30%-ға өскен.
3. Шетел валютасымен жасалған операциялардан түскен табыс 36.7%-ға ұлғайыпты. Сол себепті де акция бағасы бірден көтерілді.

| Халық банк акциясының әлі де өсу әлеуеті жоғары. Себебі, банк 7-20-25 бағдарламасын, 4%-дық автонесие бағдарламасын, халық маркет секілді жобаларды іске асыруда. Жеке кәсіпкерлерге ұсынатын шарттары да тиімді.
~ Әрі халық банк компаниясы тұрақты түрде дивидендтін арттырып келеді.

📆Өзім алғаш халық банктің акциясы 107 теңге кезінде сатып алдым. Содан бері ай сайын халық банктің акциясын үздіксіз портфеліме қосып жүрмін. Әрі қарай да алуды жалғастыра беремін...

⚠️Жарнама немесе инвестициялық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияланған жазба. Сатып алу, сату өз құзырыңызда.

12k 0 8 21 95

Сүйінші😍

Өзім де, оқырмандар да ұзаааақ күткен «ИНВЕСТОР БОЛ» кітабы жарыққа шықты. Бұл кітапты таныстырып отырудың өзі артық болар.

Кітаптың негізгі бағыты - инвестиция. Қаржылық сауат, қаржыны басқару және үнемдеу, қарыздан құтылу, табыс табу тақырыптары да қамтылған.

«Инвестор бол» кітабы 6 бөлімнен тұрады:
1. Қаржылық сауат
2. Жина не жұмса
3. Қарыз - қарғыбау
4. Қазір қалай табыс табамыз?
5. Инвестицияға кіріспе
6. Ақылды инвестор.

Кітаптың басты ерекшелігі: Инвестиция саласын тереңінен түсіндіретін қазақ тіліндегі - ТҰҢҒЫШ кітап. Кітап қарапайым, оқуға жеңіл тілде жазылған.
Қатты мұқаба. 168 бет.

🔻Кітапқа тапсырыс беру үшін төмендегі сілтемені басыңыз

https://wa.me/message/TGCWRHAXL56AN1

17k 0 20 83 300

💵0 теңгемен жасауға болатын инвестиция

1. Спортпен шұғылдану
2. Кітап оқу
3. Шет тілін меңгеру
4. Жасанды интеллектті үйрену
5. Жазу
6. Қаржылық сауаттылықты үйрену
7. Күнде 10.000 қадам жүру

Реакция бассаңыз менің көңіл-күйіме инвестиция жасайсыз. Менің көңіл-күйім көтеріңкі болса, пайдалы посттарды көп жазамын😊

12.5k 0 48 60 1.4k

Ақша адамды бұзбайды, өзгертпейді де. Ол тек шынайы бет бейнеңді ашады

©️Бернард Шоу

13.6k 0 14 17 354

🇰🇿Қазақстандық 9 компанияны 5000 теңгеге сатып ал! мұқият соңына дейін оқыңыз

📍Қазақстанда акциясын нарыққа ұсынатын компаниялар аз. Саусақпен санап аларлық. Олардың ең үздіктері: ҚазМұнайГаз, Halyk bank, Қазатомөнеркәсіп, Kaspi, Kcell, Қазақтелеком, БанкЦентрКредит, ҚазТрансОйл тағысын тағы.

🔹Жоғарыда аты аталған компанияларды біріктіретін tabys қосымшасында ETN бар. Атауы: AIX Qazaq Index. Яғни, суретте көрсетілген 9 компанияны Tabys қосымшасы арқылы 5000 тг иелене аласыз. Сіз бұл компаниялардың акциясын жеке-жеке сатып алсаңыз, 200.000 теңгедей қаржыңыз кетеді. Tabys қосымшасындағы AIX Qazaq Index ETN-і дәл осы компанияларды 5000 тг ала аласыз.

🔹2024 жылы дәл осы ETN - теңгемен 24% өсті. Бұл теңгемен өте жақсы өсім, әрі бұл ETN дивиденд төлейді. Инвестицияға енді қадам басатындар үшін керемет құрал деп ойлаймын.

⚠️Жарнама немесе инвестициялық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияланған жазба. Сатып алу, сату өз құзырыңызда.

12.3k 0 67 50 187

"қарызсыз қазақ" кітабынан үзінді.

Автор: Бақытжан Бұқарбай


🇰🇿 Қазақстан Республикасының алғашқы банкноталары (ақшасы)

Қандай әдемі - 👍🏻
Мен бұл ақшаны ұстап көрдім - 🔥
Теңгенің ол кезде құны болды - ❤️


👴🏻94 жастағы атамыз не дейді?

Бокс жайлы сөз қозғалса, ойымызға Бекзат Саттарханов, ғылым жайлы айтсақ, Қаныш Сәтбаев көз алдымызға келеді. Ал инвестицияны Уоррен Баффетсіз елестету мүмкін емес.

📍Уоррен Баффеттің инвестиция жайлы қарапайым кеңестеріне құлақ асыңыз:

1. «Барлығын бір себетке салуға болмайды». Яғни, ол кісі қайда жүрсе де, кімге сұхбат берсе де осы ережені есте сақтау керегін айтады. Ешқашан 100% сенімді инвестиция болмайды. Сондықтан портфеліңізді әртараптандырып жүріңіз.

2. «Өзіңіз түсінбейтін салаға ақша құймаңыз». Яғни, өзіңіз өнімін тұтынбайтын, қызметін мүлде түсінбейтін компанияның акциясын сатып алмаңыз. Өзіңізге таныс компанияларға инвестиция жасаңыз.

3. «Біз акцияларды таңдамаймыз, біз бизнесті таңдаймыз». Ең алдымен акция бағасына емес, компания қалай жұмыс істейтініне назар аудару керек екенін нұсқап тұр.

94 жастағы атамызға 94 реакция атып жіберейік


Бай болу – көп ақша табу емес, ақшаны дұрыс басқару

©️ Дэйв Рэмзи

11k 0 19 5 328

🧠Миыма чип қондырып алдым

деп айтатын күнге жеттік. Себебі, чип - жаңа мұнай. Чип – бұл электронды құрылғылардың миы. Ол ақпаратты өңдеу, сақтау және басқару қызметін атқарады. Сіздің қолыңыздағы телефонның ішінде де чип бар. Чип барлық құрылғыда бар. Адам "мисыз" өмір сүре алмайтыны секілді, құрылғылар чипсіз жұмыс істемейді.

Чип қайда қолданылады?
🔹 Компьютерлер мен ноутбуктер
🔹 Смартфондар
🔹 Көліктер
🔹 Жасанды интеллект
🔹 5G және байланыс
🔹 Қорғаныс және ғарыш

Чип-ке қалай инвестиция жасаймыз?
Taiwan Semiconductor (TSMC)әлемдегі ең ірі және ең озық чип өндіруші компания. Әлемдегі ең беделді: Apple, Nvidia, AMD, Qualcomm, Broadcom секілді компаниялардың чиптерін жасап шығарады. Әлемдегі 60% чипті осы компания шығарады.

Taiwan Semiconductor (TSMC) - 1 акциясы 204$ (105.500тг) тұрады. Дивиденд төлейді.
1 жылда акциясы 70%+ өсті.
Paidax және Freedom broker арқылы сатып ала аласыз.

⚠️Инвестициялық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияланған жазба. Сатып алу, сату өз құзырыңызда.

13.7k 0 23 16 158

✍️Мен жайлы сандар:

23 жастамын
3 кітаптың авторымын
6 жылдан бері инвестиция жасаймын
9 құмалақты жиі ойнаймын
31.000 оқырманы бар телеграм арнам бар
4 инвестициялық портфелім бар
3 мемлекетке саяхаттадым
2016-2018 жылы "ең үздік оқырман" атағын жеңіп алдым

~ 1000 реакция жинағым келеді осы постқа😄

14.8k 1 11 47 1.4k
20 last posts shown.