Қазақстандықтар биыл қандай қалаларға төмендетілген бағамен ұша алады?
QAZAQ AIR әуекомпаниясы ел іші мен көрші мемлекеттердің шекаралас өңірлері арасында жоғары сұранысқа ие өңірлік хабтық маршруттық желі бойынша Астана қаласынан рейстерді орындап келеді.
Алматы - Көкшетау - Алматы (сәрсенбі, жұма, жексенбі) әуебилеттерінің құны-30000 теңге;
Астана – Петропавл - Астана (күн сайын) әуебилеттерінің құны-15 000 теңге;
Түркістан – Ақтөбе - Түркістан (дүйсенбі, жұма, жексенбі) әуебилеттерінің құны - 27 000 теңге;
Түркістан – Қостанай - Түркістан (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі) әуебилеттерінің құны - 27 000 теңге;
Жезқазған - Шымкент - Жезқазған (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, сенбі) әуебилеттерінің құны - 15 000 теңге.
14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінде ұшу күні мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.
Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.

«Ағымдағы жылы QAZAQ AIR әуекомпаниясы бірқатар субсидияланатын әуе тасымалын орындайды. Қолжетімді бағамен қазақстандықтар мен ел қонақтары Қазақстан ішінде 5 бағыт бойынша ұша алады. Бұл бағыттарға билеттер өңірлік әуе тасымалының қолжетімділігін арттыру үшін арнайы тарифтер бойынша сатылады», - деп хабарлайды әуекомпанияның баспасөз қызметі.